SocialБасты

Пәтер иелері тегін консультация ала алады

Пәтер иелері ОСИ (мүлік иелерінің бірлестігі) немесе жай серіктестіктер құру жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығында тегін кеңес ала алады. Консультация телефон арқылы да, жазбаша түрде де жүзеге асырылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, мамандар тарапынан берілетін кеңес ОСИ мен жай серіктестіктер құру барысында құжаттарды рәсімдеу кезінде қателіктердің алдын алу мақсатында жүргізіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығының қызметкерлері тұрғындар мен тұрғын үй қатынастары саласындағы реформаны іске асыру жөніндегі жобалық кеңселердің қатысушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы ретте тұрғындар тұрғылықты мекенжайы бойынша жобалық кеңселерге жүгіне алады.

Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдарда да консультациялық көмек көрсетіледі. Пәтер иелері қажетті ақпаратпен www.zhkh.kz сайтынан таныса алады. Сонымен бірге азаматтарды автоматты түрде ақпараттандыру үшін @kazcenter_zhkh_bot telegram-бот іске қосылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button