PoliticsБасты

Үкімет цифрлық майнингті «көлеңкелі жүйеден» шығару бойынша бірқатар шара қарастырды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы «сұр» цифрлық майнингтің мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

2021 жылға дейін электр энергиясын тұтыну 2%-ға артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6%-дан асты. Мұндай елеулі өсім – көлеңкелі майнингтің салдары. Елімізде электр энергиясы тапшылығының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ қызметтің аталған түрін көлеңкелі сектордан шығару мақсатында Премьер-Министр тиісті министрліктерге осы қызметті заңнамалық түрде реттеу, оның ішінде лицензиялауды енгізу қажеттігіне байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі уақытта майнинг мәселелері бойынша заңнамаға қажетті түзетулер әзірленіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button