Нұр-Сұлтанда мәдениет саласында мемлекеттік саясатты қолдау үшін қалалық мәдениет басқармасы шығармашылық үйірмелерде жан басына қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда. Бұл туралы онлайн брифингте «Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы» ММ мәдени-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Салтанат Муксимова айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша балалар мен жасөспірімдер 59 түрлі үйірмеге тегін қатысу мүмкіндігіне ие.
Шығармашылық үйірмелер бойынша мемлекеттік тапсырыс операторы ретінде «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы» ММ қызметін жүзеге асырады.
«Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жеткізушілері ретінде кез келген ЖК (жеке кәсіпкерлік) және меншік нысанына қарамастан ҚР заңнамасында белгіленген сапалы жұмысқа дайын заңды тұлғалар қатыса алады. Қызметті алушылар 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың заңды өкілдері болып саналады. Бұл үйірмелер балалардың күнделікті бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған және балалар мен жасөспірімдердің барлық мәдени қажеттіліктерін ескереді», – деді спикер.
Қызметті азаматтар artsport.edu.kz порталы арқылы ала алады, бұл қызмет көрсетушілер мен баласы үйірмеге қатысқысы келетін ата-аналарды біріктіреді. Салтанат Муксимова порталмен қалай жұмыс істеу керектігі туралы да айтып берді.
«Заңды өкіл artsport.edu.kz порталына тіркеледі, ары қарай ата-ана ретінде өз баласының және/немесе қамқоршысының деректерін бекітеді, одан әрі «менің өтінімдерім» бөлімінде өзіне қажетті бағытты таңдайды және карта арқылы үйірменің ең ыңғайлы орнын таңдайды. Карта арқылы сол немесе басқа аймақтың операторы мақұлдаған жеткізушінің деректерін көре аласыз. Ата-аналар ваучер алуға өтініш бергеннен кейін оператормен байланысуы керек (егер оператор сізге хабарласпаған болса) және оған шарт жасасу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынуы керек», – деді ол.
Ата-ана ұсынуы тиіс құжаттар:
ауруханадан екі анықтама: бұл 027/у және 037/у (баланың денсаулығы туралы дәрігердің рұқсаты бойынша сабаққа жіберу) нысанындағы анықтама;
фото 3*4;
– жеке куәліктің және/немесе туу туралы куәлік көшірмесі.
Ваучерді алған сәттен бастап ата-анада қажетті құжаттарды толтыру және жеткізушімен шарт жасасу үшін 10 күнтізбелік күн бар.