SocialБасты

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Нәтижесінде, жауын-шашын жауып, солтүстік өңірлерде көктайғақ, тұман, екпінді жел, бұрқасын болжанады.

Батыста түнде 14-23-тен 3-13-ке дейін аяз түсіп, күндіз 3 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-батыста түнде 17-33-тен 7-23-ке дейін, күндіз 10-25-тен 2-11-ге дейін аяз болады.

Солтүстікте ауа температурасы түнде -20-33, күндіз -10-26-дан -5-15-ке дейін аяз болады. Орталық пен шығыста ауа температурасы күрт төмендейді. Солтүстік-шығыста түнде -5-15-тен -10-25-ке дейін аяз, күндіз -2-11-ден -5-20 аяз болады.

Оңтүстікте түнде -15 аяздан кейін күндіз 3 градусқа дейін күн жылиды. Ауа температурасы -3-10 градус аралығында күрт суытып, қайта жылынып, құбылмалы болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button