TechБасты

Қазақстандағы алғашқы 5G-қала іске қосылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Түркістанда еліміздегі алғашқы 5G-қала ресми іске қосылды. Серіктестік аясында ауқымды жобаны Kcell және телекоммуникациялық жабдықтар саласындағы әлемдік көшбасшы – Ericsson компаниясы жүзеге асыруда.

Kcell АҚ бас атқарушы директоры Юрий Харламовтың айтуынша, 5G желісін қаланың стратегиялық маңызды және туристік нысандарына орнату жоспарланған,

«Бүгінгі таңда Түркістанның барлық тарихи орталығын қамтитын 8 outdoor-станция дайындалып, толық жұмыс істеуде. Бұл қаланың стратегиялық маңызды және туристік нысандары: қалалық Әкімдік, Конгресс Холл, Түркістан Арена стадионы, автовокзал, Фараб орталық кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы және т.б. Outdoor-дан басқа әуежай, Kcell абоненттік бөлімі, Rixos қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарда 5G сайттарын орнату жоспарланған. Енді Kcell және activ абоненттері жаңа буын желісінде деректерді жіберу мүмкіндігі бар смартфон модельдерінен  5G желісіне қосыла алады».

Мобильді технологиялар біздің өміріміз бен жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналды. Пандемия өз кезегінде көптеген салаларда цифрландыруды жеделдетті. Соңғы 10 жылда мобильді трафик 300 есеге өсті, ал 5G технологиясы байланыс тарихындағы ең жылдам дамып келе жатқан технологияға айналып отыр. Ericsson Mobility Report 2021 есебіне сәйкес, 2027 жылдың соңына қарай 5G желілерінде 4,4 млрд қосылым болады, бұл – әлемдегі барлық мобильді қосылымдардың жартысына жуығы.

«Ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында біз Kcell-ге ең жаңа 5G телекоммуникациялық технологияларын енгізу жолында қуана қолдау көрсетудеміз. Болашақта 5 жыл көлемінде 5G желілерінің әрекет ету аймағында бесінші буын байланысына мобильдік қосылыстардың шамамен 50% -ы және смартфондардың әлемдік трафигінің 62% -ы тиесілі болады. Kcell-мен бірлескен жоба Қазақстандағы цифрлық экожүйені одан әрі дамыту үшін техникалық негіз болады және абоненттер үшін де, бизнес үшін де жаңа технологиялардың қолжетімділігін арттырады», – деп атап өтті Шығыс Еуропа және Ericsson компаниясының Орталық Азия өңіріндегі радио және көлік желілерін дамыту жөніндегі вице-президенті Анатолий Ильяич.

Ericsson-да 5G желілерін енгізуге арналған техникалық шешімдердің толық спектрі, сондай-ақ оларды енгізу және біріктіру тәжірибесі бар. Ericsson Radio System заманауи жабдығы мен Ericsson-ның басқа да инновациялық әзірлемелерінің арқасында Kcell желісі жаңа қызметтер мен сервистерді іске қосуға дайын. Ғимараттар ішін 5G-мен қамту Ericsson Radio DOT System шешімі арқылы қамтамасыз етіледі, ол желінің өткізгіштік қабілетін арттырады және байланыстағы үзілістерді болдырмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button