21 қараша күні аумақтық инспекция, Қарасай аудандық ІІБ қызметкерлері және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлары С.Б. Көшкінбаевтың топ жетекшілігімен бірлесіп, Қарасай ауданының «Мечта» бау-бақша қоғамының аумағындағы №93 учаскедегі контейнерден ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген 18 сұңқар-ителгінің заңсыз сақталғанын анықтаған.
Аталмыш оқиғаға қатысы бар ел азаматы ұсталды. Құстар тәркіленіп, уақытша бағып-қағу үшін «Сұңқар» ЖШС питомнигіне жеткізілді.
Аталмыш операция барысында Экология министрлігіне қарасты инспекторлардың ерекше қырағылық танытқанын айта кету қажет.
Заңбұзушылық Қарасай қалалық ПБ-не берілді. 2021 жылғы 21 қарашада ақпаратты енгізу кітабында тіркелді.