Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы француздық Agence Française de Développement (AFD — Француз даму агенттігі) компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Кездесуде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына инвестицияларды тарту, экологиялық және тұрақты дамуға ықпал ететін секторларды қаржыландыру қажеттілігі, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың басқа да әлеуетті салалары талқыланды. Агенттіктің Орталық Азия бойынша директоры Вансан Копен бастаған AFD өкілдері Қазақстанның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ынтымақтастыққа қызығушылығын танытты.