«Саналы ғұмырымды ғылымға арнаған адаммын. Әлемнің бірнеше елінде, ең озық оқу орындарында жұмыс істеп, ненің не екеніне көз жеткізген жанның бірімін. Сыртта жүріп жиған тәжірибемді өз отанымда іске асырып, қолым жеткен жерге дейін дабыл қағып келемін. Еліміздің ертеңі үшін талай табалдырық тоздырып, тізе бүктік. Популист адамдар мені пропагандист көрді. Жә ол енді өткен шақ.
Болашақ білім мен ғылымда. Жаңа технологияда. Осы ойымды жоғарыдан айту үшін Ұлттық Құрылтайға мүше болдым. Маған Жаңа Қазақстанды құрамын деген Тоқаев мырзаның саясаты тың көрініп, қолымнан келген көмегімді ұсынуға бел будым. Жақында Жетісу жерінде президент «Талдықорғанда ірі шетелдік технологиялық университеттің филиалын құру мәселесі талқыланып жатыр» деді.
Ол оқу орны – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм және цифрлық технологиялар саласы бойынша мамандар дайындайды. Міне, нағыз ғылымға деген нық қадам! Бұл Мемлекет басшысының ғылымға қатысты жалғыз ұсынысы емес.
Ғылымды қолдаған адамды менде қолдаймын! Өмірдің өзі есептен тұрады. Есебі мықты ел ғана жетістікке жетеді«, — физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА-ның академигі Асқар Жұмаділдаев.