Жоғары оқу орындарының білім беру нарығында бәсекесі күшейіп жатыр. 2020 жылы Қазақстанда жоғары оқу орындарының бағдарламасы 17 критерий бойынша қаралды. 600-ден аса сарапшы қатысып, 2 мың білім беру бағдарламасы мен 68 мың түлектің жұмысқа орналасуына талдау жүргізілді. Нәтижесінде 108 университет бойынша 6 мың сараптамалық қорытынды шығарылды.