Жыл басынан бері қазақстандықтарға 223 млрд теңге зейнетақы төленді
2021 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,3 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 154,9 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.