АӘК алушыларға әлеуметтік көмек тағайындау автоматты түрде ұзартылды
2021 жылғы I тоқсанда барлық атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларға мемлекеттік инстанцияға жүгінбей, АӘК тағайындауға өтініш автоматты түрде ұзартылды. Бұл шара 106 мың отбасының 525 мыңға жуық адамына қатысты болды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.