Жаңа кезең

Алматыда «Ұлы Жібек жолымен – 2026» халықаралық кітап көрмесі ашылды
Алматыда «Ұлы Жібек жолымен – 2026» XIV халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды. Бағдарламаға сала мамандарының кездесулері, кітап тұсаукесерлері, баспа және полиграфия ісіндегі жаңа технологиялардың таныстырылымы енген, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Көрмеге Қазақстан, Ресей, Қытай, Канада, Түркия, Тәжікстан және Өзбекстаннан баспалар, кітапханалар, полиграфиялық кәсіпорындар мен салалық қауымдастықтар қатысуда.

Қазақстан атынан Ұлттық кітапхана, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, сондай-ақ «Алматыкітап», «Арман-ПВ», «Атамұра», «Мектеп», «Дарын», «Көкжиек-Горизонт» және «Қазақ университеті» баспалары қатысып жатыр.

Көрменің алғашқы күні «Börte – Ұлы Дала патшайымы» және Ахмет Кенесариннің «Genealogy of Sultan Sydyk» кітаптары таныстырылды. Сондай-ақ Есболат Айдабосынның «Бүкір» романының таныстырылымы өтіп, оқырмандар автормен кездесті.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында студенттер «Шамшырақ» қойылымын сахналады.

Көрме XXV қазақстандық халықаралық «Білім және мансап – 2026» көрмесі аясында ұйымдастырылды. Ол 20 қарашаға дейін жалғасады.

Сообщение Алматыда «Ұлы Жібек жолымен – 2026» халықаралық кітап көрмесі ашылды появились сначала на Жаңа кезең.

Павлодарда қарақшылық жасап, 27 жыл бойы бой тасалаған қылмыскер Ресейде ұсталды
Павлодар облысында полиция департаменті прокуратурамен бірлесіп, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып, бой тасалап жүрген адамдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасырынған қылмыскерлердің жүрген жерін анықтау және ұстауға бағытталған ұйымдастырушылық және жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін тұрақты түрде жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды ҚР Iшкi iстер министрлігі.

Павлодар облысы криминалдық полиция басқармасының жедел-іздестіру тобы Ресей ІІМ жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар жүргізу барысында Мәскеу қаласында іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Ол 1999 жылдан бері Павлодар қаласында жасалған қарақшылық шабуыл үшін полициядан бой тасалап, ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген.

Жалпы, 2026 жылдың 10 айында барлығы 82 қылмыскер іздеуде болды. Оның ішінде 62 қылмыскерді полицияның аумақтық бөлімшелері биыл іздеуге жариялаған. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген 73 қылмыскер анықталды. Олардың біреуі адам өлтіргені үшін, 3-еуі қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, 3-еуі тонау жасағаны үшін іздеуде болған. Бұл туралы Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Танжанов мәлімдеді.

Сонымен қатар қабылданған шаралар нәтижесінде облыс аумағында шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан 31 қылмыскер анықталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шетел мемлекеттерінің аумағында жасырынып жүрген 7 қылмыскер анықталды.

Ведомство атап өткендей, іздестіру жұмыстары полицияның жедел-қызметтік қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жазаның бұлтартпастығының негізгі қағидатын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жүргізіледі.

Сообщение Павлодарда қарақшылық жасап, 27 жыл бойы бой тасалаған қылмыскер Ресейде ұсталды появились сначала на Жаңа кезең.

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында ортақ тарихқа, тату көршілікке, сондай-ақ қос халық арасындағы өзара құрмет пен берік байланысқа негізделген Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының айрықша сипатына назар аударды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Президенттің айтуынша, мемлекетаралық қатынастардың жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне көтерілуі барлық бағыттағы, соның ішінде құқық саласындағы ықпалдастықтың да дәйекті түрде дамып келе жатқанын көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бүкіл мемлекеттік-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси реформаларға тоқталды.

Өз кезегінде Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Қазақстан сотымен белсенді ықпалдастық жолға қойылғанын жеткізді. Атап айтқанда, тарихта тұңғыш рет екі елдің жоғары сот инстанциялары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат кәсіби диалогқа, сот төрелігін цифрландыруға және жасанды интеллектіні қолданысқа енгізуге негіз болады.

Сонымен қатар Игорь Краснов ғылым және білім беру салаларында, әсіресе, біліктілікті арттыру және сот қызметкерлерінің цифрлық дағдыларын дамыту бағытында серіктестік аясын кеңейтуге мүдделі екенін растады.

Сообщение Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады появились сначала на Жаңа кезең.

Астанада балалар травматологиялық пунктінің жаңа корпусы пациенттерді қабылдай бастады
Елордада балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Астанадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында травматологиялық пункттің жаңа корпусы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа нысан мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, диагноз қоюды жеделдетуге және кішкентай пациенттерді емдеу жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қосымша ғимараттың жалпы ауданы – 2 678,32 шаршы метр. Мұнда реанимациялық зал, операциялық блок, компьютерлік томография және рентгендік диагностика кабинеттері қарастырылған. Заманауи медициналық жабдықтар қажетті тексерулерді жүргізіп, мамандандырылған көмекті қысқа мерзімде көрсетуге мүмкіндік береді.

Травматологиялық пунктті кеңейту қажеттілігі медициналық мекемеге түсетін жүктеменің жоғары болуымен байланысты. Мұнда күн сайын түрлі жарақаттармен шамамен 400 бала жүгінеді. Тек 2025 жылдың өзінде 112 775 өтініш тіркелген. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 20,7 пайызға артқан.

Инфрақұрылымды кеңейту пациенттерді қабылдау және бағыттау жүйесін жетілдіруге, тексеру мен емдеу үдерістерін оңтайландыруға, сондай-ақ медициналық көмек алу үшін күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға мамандандырылған стационарлық медициналық көмек көрсетеді. Шұғыл медициналық көмек травматологтар, хирургтер, анестезиолог-реаниматологтар және диагностикалық қызмет мамандарынан құралған топтың қатысуымен жүзеге асырылады.

Жаңа корпустың ашылуы – Астанадағы балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесін дамытудағы маңызды қадам. Қосымша ғимарат, заманауи жабдықтар мен кеңейтілген мүмкіндіктер пациенттер мен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауға, ең бастысы, балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттыруға ықпал етеді.

Сообщение Астанада балалар травматологиялық пунктінің жаңа корпусы пациенттерді қабылдай бастады появились сначала на Жаңа кезең.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 1,2 трлн теңгеге жетті
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешенін дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және саланың экспорттық әлеуетін кеңейту шаралары туралы баяндама жасады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Отандық өндірушілерді қолдау және шаруашылықтарды технологиялық жаңғырту нәтижесінде биылғы жылдың он айында өсу қарқыны қалыптасты.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 8,9 трлн теңгені құрап, 5,2%-ға өсті. Өсімдік шаруашылығындағы өсім 6,4%-ды, мал шаруашылығында 3,2%-ды құрады. Азық-түлік өндірісі 13%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті.

Бүгінде елімізде шамамен 270 мың ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші жұмыс істейді. Олардың 25 мыңға жуығы мемлекеттен субсидия алады. Субсидия алушылардың 90%-ы шағын және орта шаруашылықтар құрайды.

«Субсидиялау – бұл шығындардың бір бөлігін өтеу екенін атап өткен жөн. Шаруашылықтар алдымен тұқым мен техника сатып алады, қажетті минералдық тыңайтқыштарды енгізіп, өсімдіктерді қорғау құралдарын қолданады. Содан кейін олардың нақты жұмсаған шығындарының бір бөлігі өтеледі. Сонымен қатар субсидия беру жүйесі жетілдірілуде. Қазір шаруалар өтінімдердің қай кезеңде тұрғанын көре алады. Барлық деректер автоматты түрде тексеріледі. Бұл мемлекеттік қолдаудың ашық әрі әділ берілуіне мүмкіндік береді», — деп атап өтті министр.

Шаруаларға жеңілдікпен берілетін несие көлемі де едәуір артып келеді. 2025 жылы бюджеттен 153 млрд теңге бөлініп, соның есебінен ауыл шаруашылығына 1 трлн теңге жеңілдетілген несие берілді. Ал биыл бұл көрсеткіш көлемі алғаш рет 1,2 трлн теңгеге жетті. Бұл шаруашылықтарға қажетті ресурстарды уақтылы сатып алып, дала жұмыстарын оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді.

Несие қолжетімділігін кеңейту үшін қаржыландырудың  алты каналы іске қосылған. Сонымен қатар кепілі жеткіліксіз шаруашылықтар үшін қарыздарға кепілдік беру тетігі қолданылады. 2027 жылғы егіс жұмыстарын қаржыландыруды да ерте басталады. Өтінімдер қабылдау биылғы жылдың 1 қазанда басталды. Қайта өңдеу көлемін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатына жеңілдікпен несие беру жалғасуда.

Биыл осы бағытта 120,8 млрд теңгеге 227 өтінім қаржыландырылды.

«Өсімдік шаруашылығында қол жеткізілген нәтижелерге мемлекеттік қолдаудың да әсері зор. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш енгізу көлемі де жоспарлы түрде ұлғайып келеді. 2026 жылдың 10 айында шаруалар 2,1 млн тонна тыңайтқыш енгізді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 400 мың тоннаға көп», — деп толықтырды спикер.

Тыңайтқышқа сұраныстың артуы отандық өндірістің дамуына және тыңайтқыш шығару көлемінің ұлғаюына ықпал етуде. 2026 жылдың 10 айында 936 мың тонна тыңайтқыш өндірілді. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 4%-ға көп (2025 жылдың 10 айында – 896,4 мың тонна).

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Биылғы 10 айда ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жаңару деңгейі 7,5%-ға жетті. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 8%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Сонымен бірге ескі техниканың үлесі азайып келеді. 2023 жылы техниканың тозу деңгейі 90% болса, 2025 жылы 70%-ға, ал биыл 63%-ға дейін төмендеді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 60%-ға түсіру жоспарлануда.

«Бұл нәтижелерге жеңілдетілген лизинг бағдарламаларының арқасында қол жеткіздік. Осы жылдың 10 айында лизинг арқылы сатып алынған комбайндар көлемі 21%-ға, ал трактор саны 16%-ға өсті. Ең маңыздысы, сатып алынатын техниканың 95%-ы өз отанымызда өндірілген. Бұл отандық зауыттардың жұмысына да оң әсерін тигізуде», — деп баяндады Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, агромашхолдинг компаниясы 10 айда 1 233 трактор шығарған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп. Сондай-ақ «Казрост Инжиниринг» кәсіпорны – 262 комбайн шығарды. Бұл 2025 жылдың көрсеткішінен 72%-ға артық.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі де артып келеді. Биылғы он айда өсімдік майының өндірісі 24,1%-ға өсіп, 938 мың тоннаны, ұн өндірісі 10,8%-ға өсіп, 3,2 млн тоннаны, кондитерлік өнімдер өндірісі 7,1%-ға өсіп, 210 мың тоннаны құрады.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімдер экспорты да артып келеді. Қаңтар-тамыз айларында оның көлемі 35,1%-ға артып, $3 млрд-қа жетті. 2023 жылмен салыстырғанда өсімдік майының экспорты 40%-ға өсіп, 705 мың тоннаны, ұн экспорты 30%-ға өсіп, 1,38 млн тоннаны, кондитерлік өнімдер экспорты 17%-ға өсіп, 51,1 мың тоннаны құрады.

Саланың кеңеюімен қатар инвестиция көлемі де артып келеді. Биылғы тоғыз айда тамақ өнімдерін өндіру саласының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2,1 есе өсіп, 373 млрд теңгеге жетті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға ерекше назар аударылуда. Осы бағытта 2029 жылға дейін жылына жалпы көлемі 5,8 млн тоннаға дейін астық шикізатын өңдейтін алты ірі жобаны жүзеге асыру көзделген. Алғашқы нәтижелер бар. Биыл Түркістан облысында “Қазкрахмал” зауыты, Жамбыл облысында Fufeng Group компаниясының жобасы іске қосылды. “Қазкрахмал” зауытында жүгеріден модификацияланған крахмал мен глюкоза-фруктоза шәрбаттарын өндіру көзделген. Fufeng жобасы аясында крахмал, аминқышқылдары, жемшөп, жүгері ақуызы мен жүгері дәнінің ұрығын қамтитын өнім түрлерін шығару жоспарланған. Бұл өнімдерге әлемдік нарықта сұраныс өсуде», — деді мәлімдеді ауыл шаруашылығы министрі.

Айдарбек Сапаров 2029 жылға дейін тағы төрт жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын айтты. Оның екеуі Ақмола облысында, біреуі Қостанай облысында және біреуі Астана қаласында орналасады. Бұл жобаларды жүзеге асыру – қосылған құны жоғары өнімдер өндірісін ұлғайтуға, отандық астыққа сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Биылғы 9 айда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 1,4 трлн теңгені құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе көп.

Бүгінгі таңда отандық және шетелдік инвесторлармен жалпы сомасы 2,4 трлн теңгені құрайтын инвестициялар туралы 13 келісім жасалды. Инвесторлар қатарында Fufeng Group, Mars, Coca-cola, Carlsberg, Tiryaki Holding, Шинлайн және басқа да компаниялар бар.

«Бұл жобаларды жүзеге асыру отандық ауыл шаруашылығы шикізатына сұранысты арттыруға, қосылған құны жоғары өнім өндірісін кеңейтуге және өңірлерде жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жалпы аталған барлық нәтиже – жүйелі мемлекеттік қолдаудың отандық өндіріс көлемін арттыруға және инвестиция тартуға жағдай жасайтынын көрсетеді. Министрлік алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, өнімділікті арттыруға, қайта өңдеуді дамыту мен отандық өнімдердің экспортын ұлғайтуға баса назар аударады», — деп түйіндеді сөзін ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Сообщение Ауыл шаруашылығы өндірушілерін жеңілдікпен қаржыландыру көлемі 1,2 трлн теңгеге жетті появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстанда өндіріс көлемі 10 айда 9,3%-ға өсті – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық өндірісті дамыту және қолдау мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Ағымдағы ахуал және алдағы жоспарлар туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, энергетика және мұнай-газ салалары кәсіпорындарының сатып алуларына қазақстандық өндірушілердің қатысуы туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және отандық өндірушілерді қолдау шаралары туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, цифрлық технологиялар саласындағы өндірісті дамыту туралы жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин баяндама жасады. Сондай-ақ, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаев сөз сөйледі.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде отандық өндірісті дамыту, жаңа кәсіпорындар ашу және өнеркәсіптің мүмкіндігін арттыру бойынша нақты міндет қойды. Осы орайда өнеркәсіп саласындағы тұрақты өсімді сақтап, өндіріс көлемін одан әрі арттыру маңызды. Он айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 9,3%-ға өсіп, оң динамика көрсетті. Салаға серпін беретін маңызды бағыттардың бірі – жалпы инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгеден асатын 200 жаңа жобаны іске қосу. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде 5,5 мың жұмыс орны ауылдық жерлерде құрылады. Жобалар толық қуатына шыққан жағдайда, жыл сайын шамамен 1,5 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, 500 млрд теңгесі экспортқа бағытталады», — деді өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері жалпы инвестиция көлемі 900 млрд теңгені құрайтын 125 жоба жүзеге асырылды. Қалған жобалар аяқталуға жақын, іске қосуға дайындалуда. Айта кету керек, бұл жобалар Қазақстанда бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлерін игеруге мүмкіндік береді. Олардың қатарында теміржол бандаждары, доңғалақтар, жаныштау жабдықтары, ламинат, тамшылатып суару жүйелері және кофе машиналарына арналған алюминий капсулалар бар.

Мемлекеттік қолдау шараларын нақты өндіріске бағыттауда Қазақстандық тауар өндірушілердің цифрлық тізілімі маңызды рөл атқарады. Бүгінде Тізілімде 50 мыңнан астам өтінім қаралып,  2,6 мыңға жуық отандық өндіруші мен олардың 72 мың тауары тіркелді. Тізілімнің негізгі сатып алу алаңдарымен бірігуі нәтижесінде жыл басынан бері 94 мың сатып алуда отандық өнімге басымдық берілді. Қосымша өнімнің нақты елде өндірілетінін растау және бақылау тетіктері жетілуде.

«Осы мақсатта өндірісті цифрлық тексеру және локализацияға қойылатын талаптар күшейеді. Сондай-ақ кәсіпорындардың қызметін талдау үшін жасанды интеллект, өндіріс қуат жүктемесін бақылау үшін цифрлық дашборд енгізу жоспарлануда. Отандық өндірісті қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі – реттелетін сатып алу кезінде қазақстандық өнімдерге басымдық беру. Мемлекеттік сатып алу аясында осы тетіктің арқасында отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 122 млрд теңгеге жуық 83 мыңнан астам келісімшарт жасалды. Сонымен қатар қазақстандық өндірушілер мен ірі тапсырыс берушілер арасында ұзақ мерзімді шарт пен офтейк-келісім-шарт жасау тәжірибесі дамып келеді. Өткен жылдан бері 2,5 мыңнан астам ұзақ мерзімді шарт және 707 офтейк-келісімшарт жасалды», — деді ол.

Отандық өнімге деген сұраныс Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында да артып келеді. Ұлттық жоба шеңберінде құбырлар, кабель-сым өнімдері, бетон, арматура, электротехникалық жабдықтар және басқа да өнім бойынша 144 келісімшарт жасалды.

Сонымен қатар ел ішінде шикізатты терең өңдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде елде өндірілетін 3,4 млн тонна мыс концентратының шамамен 59%-ы елімізде өңделеді. Осы шикізат көлемін толық игеру үшін екі негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. Біріншісі – заңды жетілдіру. Мыс концентратын өңдеуді ынталандыру мақсатында тарифтерді мемлекеттік реттеу заңнамасына түзетулер әзірленді. Екіншісі – жаңа өндірістік қуаттарды дамыту. Ол үшін Балқаш пен Ақтоғайда әрқайсысының қуаты 300 мың тонна болатын екі мыс балқыту зауытын салу жоспарлануда.

Сонымен қатар мыс концентратын өндіруді арттыру үшін Көксай және Айдарлы жобалары жүзеге асырылады. Бұл жобалар қосымша 1,7 млн тонна мыс концентратын өндіруге мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде 2030 жылға  қарай мыс концентратын өндіруді 1,5 есеге, ал мыс өндіруді 2 есеге арттыру жоспарлануда. Бұл, өз кезегінде,  дайын мыс өнімдерін шығаруды 2 есеге арттырып, 40 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.

«Локализацияны одан әрі дамыту үшін елімізде толық өндіріс тізбегін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта заңнамаға «салалық кластер» ұғымы енгізілді. Бұл тетік ірі кәсіпорындардың айналасына отандық өндірістерді топтастыруды көздейді. Оған шикізат, қосалқы бөлшек өндірушілер, шағын және орта бизнес, ғылыми және сервистік ұйымдар тартылады. Осы бағытта қажетті нормативтік-құқықтық актілер әзірленуде. Кластерлік шешімді сынақтан өткізу үшін пилот ретінде автомобиль және теміржол машина жасау салалары айқындалды», — деді министр.

Осы бағытта бүгінде елімізде аккумуляторлар, шиналар, мультимедиялық жүйелер мен автокөлік орындықтары шығарылады. Сондай-ақ Qarmet-те шығарылатын болаттан автобус кузовына арналған бөлшектерді қалыптау жолға қойылды. Биыл автокөліктерге арналған жылыту, желдету, салқындату жүйелерін және еден жабындарын өндіру басталды. Бұдан бөлек, жүк көліктерінің қозғалтқышына арналған цилиндр блоктарын шығару игерілді. Жыл соңына дейін Қостанай қаласында қуаты 60 мың данаға дейін автокомпонент өндірісі іске қосылады. Сонымен қатар Алматы қаласында автокөліктерге арналған электр сымдарын, тежегіш және отын жүйелерінің түтіктерін локализациялау жоспарлануда. Теміржол машина жасау саласында дөңгелек, вагон осьтері, бұрмалар мен рельс бекіткіштері шығарылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында арнайы экономикалық аймақтар жұмысының жаңа моделі әзірленіп, қажетті заңнамалық түзетулер қабылданды. Енді реформаны толық жүзеге асыру үшін, Салық кодексіне және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді пысықтау жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, реформа үш негізгі бағытқа негізделген.

Біріншісі – аймақтарды сапалы жоспарлау. Арнайы экономикалық аймақтар құру кезінде стратегиялық және салалық басымдықтар, жер учаскелерінің болуы және инфрақұрылымның әлеуеті ескерілетін болады.

Екіншісі – басқару тиімділігін арттыру. Ол үшін инвестор тартуға, жобаларды қолдауға және инфрақұрылымды дамытатын жеке басқарушы компанияларды тарту көзделіп отыр.

Үшіншісі – инвестициялық жобаларды сапалы іріктеу.

Бұл ретте тұрақты сұранысқа ие, экспорттық әлеуеті мен өндірістік кооперацияны дамытатын жобаларға басымдық беріледі.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаңа өндірістерді ашу кезінде нарық сұранысын, әр өңір мен саланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, өндірісті дамыту қажеттігін атап өтті. Осы тапсырманы орындау мақсатында министрлік өндіріс қуаттарының балансын бағалау тетігін енгізіп, қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдады, өндірісті бағалау әдістемесін бекітті. Әдістемеде ішкі нарықтың сұранысы, өнімді экспорттау мүмкіндігі және өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету деңгейі ескеріледі. Осылайша, бағалау нәтижесі жаңа жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету және инвестиция тарту шешімдерін қабылдау кезінде ескерілетін болады», — деді Ерсайын Нағаспаев.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауы отандық құрылыс материалдарын, жабдық пен бұйымдар өндірісін дамытуға қосымша серпін береді. Құрылыс саласын дамыту жөніндегі ауқымды міндеттер отандық өндірісті және ішкі нарықтағы қазақстандық өнімнің үлесін арттырумен қатар жүруге тиіс. Бүгінде ішкі нарықтағы сұраныстың шамамен 73%-ы отандық өнімге тиесілі. Алайда жылу оқшаулағыш және керамикалық тақта, композиттік және қаптау материалдары сияқты жекелеген өнім түрлері импортқа тәуелді болып отыр. Осыған байланысты «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында құрылыс материалдарына деген қажеттілік айқындалып, оларды өндіретін жаңа кәсіпорындарға инвестиция тарту жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар құрылыс жобаларын жүзеге асыру кезінде отандық құрылыс материалдарын негізсіз импорттық өнімдермен алмастыруға жол бермеу шаралары қабылданады. Ол үшін Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі ақпарат құрылыс саласының цифрлық жүйелерінде көрсетілуі тиіс. Басты мақсат – алдағы үш жылда ауқымды құрылыс жұмыстары аясында ішкі нарықтағы отандық құрылыс материалдарының үлесін 80%-ға дейін жеткізу. Министрлік Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау барысында отандық өнеркәсіптің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді дамытуға және қазақстандық тауарлардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруды жалғастырады.

Сообщение Қазақстанда өндіріс көлемі 10 айда 9,3%-ға өсті – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстанда риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізу жоспарлануда
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Құрылтай депутаттарымен және кәсіби қауымдастық өкілдерімен бірлесіп, риелторлық қызметті реттеу шараларын әзірлеуде. Оның мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және риелторлар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ең алдымен, риелторлық қызмет көрсетудің бірыңғай қағидаларын енгізу. Онда риелторлардың жұмыс тәртібі, клиенттермен келісімшарт жасау және қызмет көрсету талаптары нақты белгіленеді. Әсіресе, келісімшарттың мазмұнына баса назар аударылады – оның құны, комиссия мөлшері мен төлеу тәртібі, сондай-ақ екі тараптың құқықтары мен міндеттері анық жазылуы тиіс.

Тағы бір маңызды ұсыныстардың бірі – риелтор қызметіне тапсырыс бермеген азаматтардан комиссия талап етуге жол бермеу. Клиент риелитор кімнің мүддесін қорғайтынын және қандай қызмет үшін қаражат алатынын алдын ала білуі қажет.

Бұдан бөлек, риелторлардың кәсіби  біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту жоспарланған. Министрлік қолданыстағы ұлттық стандарт негізінде қызмет көрсету сапасына, кәсіби әдепке, мәмілелерді сүйемелдеуге және клиенттермен жұмыс істеуге қатысты міндетті талаптар енгізу мүмкіндігін қарастырады.

Қазіргі уақытта риелторлардың кәсіби стандардарты да әзірленуде. Бұл құжат мамандардың кәсіби қызметіне қажетті білімін, дағдыларын және біліктілік деңгейін айқындайды.

Сондай-ақ риелторлық қызметті өзін-өзі реттеу жүйесін дамыту ұсынылуда. Бұл жүйе аясында кәсіби бірлестіктер өз мүшелеріне ортақ талаптар белгілеуге, олардың жұмысын бақылауға, азаматтардың шағымдарын қарауға және талаптарды бұзған мамандарға қатысты шаралар қабылдауға қатыса алады. Онымен қоса аккредиттелген ұйымдардың қатысуымен риелторлардың кәсіби біліктілігін растау тетігі пысықталуда.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, риелторларды реттелетін кәсіптер тізіміне енгізу мәселесі қаралады. Бұл өз кезегінде риелторлардың кәсіби даярлығына нақты талаптар қоюға және олардың біліктілігін растау тәртібін белгілеуге негіз болмақ.

Ал, нәтижесінде азаматтар қызметіне жүгінетін риелторлардың кәсіби біліктілігі туралы көбірек ақпарат ала алады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту де көзделген. Министрлік депутаттармен бірлесіп, азаматтарға қажетсіз қызметтерді мәжбүрлі түрде ұсынуға, келісімшартқа  тұтынушы үшін тиімсіз талаптар енгізуге және негізсіз комиссия алуға жол бермеу үшін қосымша заңнамалық шараларды талқылауда.

Сообщение Қазақстанда риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізу жоспарлануда появились сначала на Жаңа кезең.

Астанада XIX Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды
Астанада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XIX Президенттік олимпиада қорытындыланды. Зияткерлік сайыстың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірінен 188 оқушы қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастарды қолдауға, олардың білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттыруға және зияткерлік әлеуетін дамытуға ерекше мән береді. Президенттік олимпиада осы бағытта оқушылардың қабілеттерін шыңдап, ғылыми ізденіске ынталандыруға мүмкіндік береді.

Олимпиада қорытындысы бойынша 47 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 9 оқушы алтын, 14 оқушы күміс, 24 оқушы қола медальмен марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту вице-министрі Сергей Компаниец қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады. Ол зияткерлік сайыстардың дарынды оқушыларды қолдаудағы және олардың ғылыми әлеуетін дамытудағы маңыздылығын атап өтті.

Президенттік олимпиаданың ерекшелігі – оқушылардың математика, физика, химия және биология пәндері бойынша білімдерін бір уақытта көрсетуі. Биыл олимпиаданың алғашқы кезеңіне 3 690 оқушы қатысып, іріктеу нәтижесінде 188 үздік оқушы финалға жолдама алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгіленген тәртіпке сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу кезінде басым құқыққа ие болады.

Сообщение Астанада XIX Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды появились сначала на Жаңа кезең.

Полиция қызметіндегі жаңа технологиялар: Алматыда ақылды көзілдірік сынақтан өткізілді
Алматы қаласында полиция қызметіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа құралдардың бірі – биометриялық бейнеталдау функциясы бар AR-ақылды көзілдірік. Ол адамның бет-әлпетін ведомстволық дерекқорлар арқылы жедел тексеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Iшкi iстер министрлігі.

Құрылғы әзірге пилоттық режимде, бір дана көлемінде қолданылып жатқанына қарамастан, алғашқы практикалық нәтиже көрсетті.

Жақында қаладағы мешіттердің бірінде осы құрылғының көмегімен Шымкент полициясының бастамасымен іздеуде жүрген ер адам анықталды. Ақпарат тексерілгеннен кейін ол ұсталып, одан әрі процестік әрекеттер жүргізу үшін тиісті органға тапсырылды.

Технология қызметкерге смартфон немесе планшетке алаңдамай-ақ, адамның бет-әлпеті бойынша іздеудегі тұлғамен сәйкестік болуы мүмкін екені туралы ақпаратты тікелей көзілдірік экранынан көруге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе адам көп жиналатын қоғамдық орындарда патрульдік қызмет атқару кезінде маңызды. Өйткені іздеуде жүрген адамдарды дер кезінде анықтауға жол ашады.

Алматы қаласының полиция департаментінде заманауи технологияларды қолдану жеделдікті арттыруға, іздестіру жұмыстарының тиімділігін күшейтуге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Сообщение Полиция қызметіндегі жаңа технологиялар: Алматыда ақылды көзілдірік сынақтан өткізілді появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстан тозған жерлерді қалпына келтіру ауқымы бойынша әлемдегі үздік үш елдің қатарына енді
Қазақстан қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жер көлемі бойынша әлемде үшінші орынға ие болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) «Nature’s Comeback» атты алғашқы жаһандық баяндамасына сәйкес, елімізде мұндай жұмыстар 8,13 млн гектар аумақты қамтиды. Бұл республика аумағының шамамен 3 пайызына тең, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Аталған баяндама БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) және Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция хатшылығының бірлесуімен әзірленген.

Баяндамада келтірілген деректерге сәйкес, тозған жерлерді қалпына келтіру шараларымен қамтылған жер көлемі бойынша Қазақстан тек Қытайдан (127,4 млн гектар) және Моңғолиядан (12,18 млн гектар) кейін тұр.

Жерді қалпына келтіру шараларын іске асырумен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану бағытындағы жұмысты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Бұл ретте топырақтың жай-күйін бағалауға, тозған жер учаскелерін анықтауға және мониторинг жүргізудің цифрлық құралдарын енгізуге ерекше назар аударылуда.

2025–2026 жылдары жердің тозу үдерістерін көрсететін электрондық карталармен 114 млн гектар аумақ қамтылды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде 2,7 млн гектар тозған ауыл шаруашылығы алқаптары анықталды. Бұл деректер жердің жай-күйін бағалауға, басымдық берілетін аумақтарды айқындауға, сондай-ақ жердің тозуының алдын алу және топырақ құнарлылығын сақтау жөніндегі нысаналы шараларды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Осы бағытта мемлекеттік саясатты жетілдірудің маңызды кезеңдерінің бірі – 2026 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының «Топырақты қорғау туралы» Заңының қабылдануы деуге болады. Аталған құжат топырақты зерттеу, қорғау және қалпына келтірудің құқықтық тетіктерін бекітіп, жер ресурстарын жүйелі түрде қорғаудың заңнамалық негізін қалыптастырады.

Қазіргі уақытта Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, топырақты қорғау саласындағы өңірлік іс-шаралар жоспарларын әзірлеуде. Бұл жоспарлар жердің тозу үдерістерінің алдын алуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қалпына келтіруге және олардың өнімділігін сақтауға бағытталған кешенді шараларды қамтиды.

Осылайша, Қазақстан экожүйелерді қалпына келтірудің халықаралық тәсілдерін цифрлық мониторинг, заңнаманы жетілдіру және өңірлік жоспарлауды ұштастыра отырып, жер ресурстарын басқару жүйесін кезең-кезеңімен нығайтып келеді.

Басты міндет – тек тозған жерлерді қалпына келтіру ғана емес, сонымен қатар топырақтың жай-күйіне дер кезінде назар аударып, оның құнарлылығы мен жердің өнімділік әлеуетін болашақ ұрпақ үшін сақтау.

Сообщение Қазақстан тозған жерлерді қалпына келтіру ауқымы бойынша әлемдегі үздік үш елдің қатарына енді появились сначала на Жаңа кезең.