Архивы Басты - Жаңа кезең

Қазақстан Дүниежүзілік банктің металдар мен минералдар секторын дамыту жөніндегі жаһандық бастамасына қосылды
Қазақстан Дүниежүзілік банк тобының Metals and Minerals Compact жаһандық бастамасына қосылған Орталық Азия бойынша алғашқы ел атанды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Қазақстанның аталған жаһандық бастамаға ресми түрде қосылу рәсімі биылғы 16 қазанда Таиландта өткен Дүниежүзілік банк тобы мен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы кездесулері аясында өтті. Қазақстан тарапынан рәсімге ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев қатысты.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тау-кен металлургия кешенін дамыту және экономика салаларына инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, Металдар мен минералдар жөніндегі елдік стратегияны (Compact) әзірледі. Құжат 2026-2030 жылдарға арналған әріптестіктің негізгі бағыттарын айқындайды және Дүниежүзілік банк тобының қаржылық, талдамалық және техникалық қолдау құралдарын біріктіреді.

Compact Қазақстанның стратегиялық құжаттарына, оның ішінде 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына, 2023-2027 жылдарға арналған геология саласын дамыту тұжырымдамасына және 2024-2028 жылдарға арналған сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға негізделді. Негізгі бағдарлардың бірі – 2031 жылға дейін шамамен $20 млрд көлемінде инвестиция тартуға жәрдемдесу. Қаражатты минералдық-шикізат базасын кеңейтуге, өндіру және өңдеу кәсіпорындарын дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және қажетті инфрақұрылым құруға бағыттау көзделіп отыр.

Compact ынтымақтастықтың үш негізгі бағытын қамтиды:

Бірінші – тау-кен металлургия кешеніндегі мемлекеттік саясат пен реттеу тетіктерін жетілдіру. Бұл ашық әрі болжамды орта қалыптастыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ халықаралық экологиялық және әлеуметтік стандарттарды енгізуге қажетті жағдай жасайды.

Екінші – геологиялық барлау жұмыстарын, инфрақұрылымды және кадрлық әлеуетті дамыту. Басым бағыттар қатарында геологиялық деректерді цифрландыру, энергетикалық және көлік инфрақұрылымын дамыту, металдарды өңдеудің заманауи технологияларын енгізу және білікті мамандар даярлау бар.

Үшінші – минералдық-шикізат өндіруге және терең өңдеуге жеке инвестициялар тарту. Бұл бойынша Дүниежүзілік банк тобының қаржылық және кепілдік құралдарын пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды қолдау, қосылған құны жоғары өнім өндіретін кәсіпорындарды дамыту және халықаралық инвесторларды тарту көзделеді.

«Қазақстан минералдық-шикізат секторын жауапкершілікпен тұрақты дамыту қағидаттарын ұстанады. Дүниежүзілік банк тобымен ынтымақтастық шикізат өңдеуді дамыту және қосылған құны жоғары өнім өндірісін кеңейту жөніндегі ұлттық басымдықтарды жүзеге асыруға ықпал етеді. Біз саланың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыруға, экономиканы әртараптандыруға және еліміздің табиғи ресурстық әлеуетін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беретін әріптестікті одан әрі нығайтуға ниеттіміз», – деп атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.

Келісімді жүзеге асыру шикізатты терең өңдеуді дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның жаһандық өндірістік тізбектердегі позициясын одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Сообщение Қазақстан Дүниежүзілік банктің металдар мен минералдар секторын дамыту жөніндегі жаһандық бастамасына қосылды появились сначала на Жаңа кезең.

Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Ақордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді мерекесімен құттықтап, Мұғалім күні бүкіл қоғамды біріктіретін, нағыз халықтық сипаты бар, қастерлі де қадірлі мерекеге айналғанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

– Ұстаз – әр адамның өмірінен ерекше орын алатын тұлға. Бұған ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын, бұл – бәрімізге ортақ пікір. Ұстазды ұлықтау өркениетті қоғамның болмысын айқындайтын аса маңызды қасиет саналады. Ұлт ойшылы Абай адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов те «Ұстаз – ұлы есім» деп қадір тұтқан. Мұғалімдер қауымына зор құрметпен қарау, олардың ұлт болашағы үшін атқарып жатқан табанды еңбегіне алғыс айту – баршамызға ортақ парыз. Әсіресе, қазіргідей ақпараттар ағыны күшейіп, озық технология қарқынды дамыған заманда мұғалімнің рөлі әлдеқайда арта түскені ақиқат, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде ұстаздарды жан-жақты қолдау жұмысына айрықша мән беретінін жеткізді.

– Баршаңызға мәлім, біз «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылдадық. Мемлекеттік марапаттар тізіміне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы енгізілді. Елімізде бірнеше мұғалім ең жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды. 5 қазан күні Ұстаздардың кәсіби мерекесі ретінде нақты бекітілді. Біз жыл сайын бір қоғам болып осы мейрамды кең көлемде атап өтіп жүрміз. Биыл да мереке күндері барлық аймақта әкімдер мұғалімдер қауымын марапаттап, оларға ерекше құрмет көрсетіп жатыр. Ұстаздарды дәл осылай жалпыұлттық деңгейде ұлықтау ісі жалғасын табады. Бұл – мемлекетіміз үшін мән-маңызы айрықша міндет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, жас ұрпақ дамыған мемлекетте, қауіпсіз ортада, өркениетті қоғамда өмір сүруі керек. Қазір Қазақстанда 4 миллионнан астам оқушы бар, яғни, еліміздің әрбір бесінші азаматы мектепте білім алып жатыр.

– Осы мақсатпен біз баршаға бірдей мүмкіндік беретін, Әділетті, Күшті, Таза және Озық Қазақстанды құру ісін қолға алдық, ауқымды реформаларды жүзеге асырдық. Халқымыздың темірқазығы, елімізді тарихи өрлеу дәуіріне бастаған негізгі құжат – Конституцияны қабылдадық. Конституцияда тұңғыш рет оқу-ағарту жүйесін дамытуға ықпал ететін нақты нормалар көрініс тапты. Атап айтқанда, адам капиталын, білім-ғылымды және инновацияны дамыту мемлекеттің міндеті, стратегиялық бағыты ретінде бекітілді. Түптеп келгенде, бұл – заман талабы. Сонымен қатар біз билік жүйесін түбегейлі жаңғырттық. Елімізде бір палаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтті. Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды. Вице-Президент тағайындалды. Жаңа мемлекеттік орган – Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Жақында Қазақстан Халық Кеңесі өз жұмысын бастады. Осылайша, біз бір ұлт болып еліміздің даму бағдарын айқындаған маңызды әрі іргелі жұмысты табысты атқардық, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, өркениетті әрі озық елдің қуаты оның табиғи байлығымен емес, ең алдымен, адам капиталының сапасымен өлшенеді. Мемлекеттің әлемдегі орны да, экономикалық әлеуеті де қоғамдағы білім мен ғылымның деңгейіне тәуелді.

– Өздеріңіз білесіздер, біз бұл бағытта нақты шаралар қабылдап, белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды. Биыл тағы 101 мектеп салынып жатыр. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында білім беру мекемелерінің жаңа стандарты қалыптасты. Соның арқасында заманауи инфрақұрылымы бар, балалардың сапалы білім алып, дамуына барлық жағдай жасалған оқу ордалары бой көтеруде. Бүгінде 460 мың оқушыға арналған осындай 217 мектеп салынды. Сол мектептердің 84-і, яғни 40 пайызға жуығы ауылдық жерде орналасқан. Мен өз сөздерімде әрдайым айтып жүрмін: ауыл мектебі де, қала мектебі де балаларға бірдей сапалы білім беретін заманауи оқу мекемесі болуы керек. Қазіргі таңда мемлекет Жасанды интеллект жүйесіне негізделген арнайы сабақтарды орта мектептерге жаппай енгізу бағдарламасын іске асыруда. Бұл – өте маңызды жұмыс. Үкімет осы мәселеге баса мән беруге тиіс. Жалпы, аймақтарда мектеп тапшылығы мәселесі болмауы керек. Өйткені тағы да қайталап айтамын, бұл – мемлекеттің болашағына әсер ететін өте маңызды фактор. Үкімет осы мәселені де әрдайым назарда ұстауы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Президент елімізде педагог мамандығын таңдаған жастардың қатары артып келе жатқанын жақсы үрдіске балады.

– Биыл 12 мыңнан астам түлек, соның ішінде екі мыңнан аса «Алтын белгі» иегері педагогика мамандығы бойынша мемлекет грантына ие болды. Мұғалімдік жолын таңдаған студенттердің шәкіртақысы 2,5 есе көбейді. Жаңа оқу жылы қарсаңында аймақтарда 15 мыңнан астам мұғалім жұмысқа қабылданды. Олардың жартысына жуығы – жас мамандар. Бұл – мектептерге білімді, жігерлі, ұшқыр ойлы мұғалімдердің жаңа буыны келіп жатыр деген сөз. Ұстаздыққа енді қадам басқан жас мамандарға аға буын көп көмек көрсетуге тиіс. Сонда олар да өз ісінің нағыз шебері болып қалыптасады. Сондай-ақ кәсіби сабақтастық дәстүрі пайда болады. Біз оқу-ағарту саласының кадрлық әлеуетін күшейте түсуіміз керек. Білікті мұғалімді мықты мемлекеттің тұғыры деп айтсақ, артық болмайды. Бұл тұрғыдан алғанда, еліміздің жоғары оқу орындары айрықша рөл атқарады. Себебі университет қабырғасында болашақ маманның кәсіби білімі мен дағдысы қалыптасады. Бұдан бөлек, білім-ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге баса мән беру маңызды. Шет мемлекеттерге сапарларым кезінде мен әлемнің озық оқу орындарымен байланыс орнату, ықпалдастықты нығайту мәселесіне айрықша назар аударамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент алдымызда ауқымды міндет тұрғанына назар аударды. Бұл – жаһанда цифрлық өркениет пен білім экономикасы салтанат құрған дәуірде өмір сүріп, өнегелі істермен айналысатын азаматтар буынын тәрбиелеп шығару.

– Сондықтан менің тапсырмаммен Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне жоспарлы түрде енгізу үдерісі басталды. Дұрыс пайдалана білсе, жаңа технология мұғалімдердің қызметін әлдеқайда жеңілдетеді, оларды артық жұмыстан босататын сенімді құралға айналады. Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс. Бұл бағытта маңызды қадам жасалды. Биыл қыркүйек айында Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы жасанды интеллектіні қолдану стандартын бекітті. Қалада немесе шалғай ауылда орналасқанына қарамастан, еліміздегі барлық мектеп озық әдістеме мен цифрлық платформаға қол жеткізеді. Бастама жақсы. Жұмыс дұрыс бағытта жүріп жатыр.  Халықаралық PISA-2025 зерттеуінің нәтижесі бойынша мектептеріміздің цифрлық дайындық деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің орташа көрсеткішінен асты. Оқушылардың когнитивті бейімделу индексі орташадан жоғарылады. Алайда бұл жолдың басы ғана, тоқмейілсуге себеп емес. Алда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осы жетістікпен тоқтап қалуға болмайды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент өткен аптада Астанада жасанды интеллект тақырыбына арналған ауқымды іс-шаралар өткеніне тоқталды.

– AI & Digital Bridge – 2026 форумы, сондай-ақ белгілі мамандар мен сарапшылардың қатысуымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысы болды. Осы отырыста Қазақстанның аса маңызды салада мол табысқа жеткені аталып өтті. Бірақ бұл жайбарақат отыруға болады деген сөз емес. Себебі жасанды интеллект пен жаңа технологиялар өте жоғары қарқынмен дамып жатыр. Бұл – уақыт талабы. Бұдан бөлек, елордамызда тұңғыш рет Astana AI Film фестивалі өтті. Шын мәнінде, бұл – нағыз озық инновациялық іс-шара деп айтуға болады. Өйткені дәл осы өте өзекті және маңызды шара аясында Астана қаласында әлемде алғаш рет жасанды интеллектінің кино өнеріндегі көрінісі пайда болды. Басқаша айтсақ, аталған фестиваль бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі кино өндірісінің өзектілігі азая бастағанын көрсетті. Енді фильм түсірумен айналысатын мамандар шенеуніктердің, демеушілердің және продюсерлердің қолдауына тәуелді болмай, өз бетімен толыққанды кино туындысын шығара алады. Сондықтан Астанада өткен бұл нағыз жаһандық ауқымдағы фильм фестиваліне әлем жұртшылығы айрықша назар аударды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алайда Президент озық технология дәуірінде кітап оқудың да мән-маңызын арттыруымыз қажет санайды. Бұл ретте Мемлекет басшысы өскелең ұрпаққа осы құндылықты сіңіруге тұтас қоғам атсалысуы қажет екенін айтты.

– Халқымыздың асыл перзенті Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген тамаша сөзі бар. Кітап білімпаздыққа, жанашырлыққа, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа баулиды. Кітап оқу – азаматтарды, әсіресе, жастарды үстірт ойлаудан және ақпарат тасқынына жұтылып кетуден сақтап қалатын рухани қалқан. Сондықтан мен биыл мамыр айында «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Үкімет жыл соңына дейін тиісті тұжырымдама қабылдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еңбекқор, білімге құштар, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеудің маңызына тоқталды.

– Біз балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескеруге, оларды шынайы өмірде де, виртуалды кеңістікте де қорғауға міндеттіміз. Ең бастысы – өскелең ұрпаққа аса қажетті дүниемен, атап айтқанда, жарқын келешекпен, нақты мүмкіндіктермен қамтамасыз етіп, оларға есейгенде мақсат-мұратына жетуге ынталандыратындай жағдай жасау. Еңбексіз ешқандай табыс та, жетістік те болмайды. Бұл – өмірдің қағидасы, заңы. Еңбек дегеніміз – бүкіл өмірді билеп тұрған патша, бұл – өмірдің арқауы. Өмір, бұл – ғажапқа толы сиқырлы әлем емес. Өмір жолын тек жан-жақты дайындалған, біліммен қаруланған адам ғана еңсере алады. Осы қарапайым түсінікті балаларға түсіндіріп айту маңызды. Стратегиялық мақсатымыз – биік шыңдарға көз тігетін, бәсекеден тайсалмайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстанның өсіп-өркендеуі әрқайсымыздың қаншалықты үлес қосатынымызға байланысты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөзін түйіндей келе, қазір халқымыздың дүниетанымы өзгеріп, қоғамымызда жаңа этика қалыптасып келе жатқанына назар аударды.

– Тазалық, еңбекқорлық, адалдық, өзара сыйластық қасиеттері ұлттық дағдымызға айналып жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық сипат алып, еліміздің келбетіне және ең бастысы, азаматтарымыздың болмысына оң әсер ете бастады. Табиғатты аялау, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекетіміздің конституциялық міндеті саналады. Осындай елдік маңызы зор іске сіздер, жалпы ұстаздар қауымы мол үлес қосып жатсыздар. Себебі көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі, заңға бағынатын адал азаматтар ең алдымен мектептегі мұғалімнен тәлім алады. Сондықтан мен еліміздегі барша ұстазға шынайы ризашылығымды білдіремін. Ұстаздық еткен әр адамның ерен еңбегі зор құрметке лайық деп санаймын,– деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты жиында білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ мұғалімге жоғары мемлекеттік наградалар табысталды.

Сообщение Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады появились сначала на Жаңа кезең.

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысы өтті. Жиында өнеркәсіп секторын цифрлық трансформациялау мәселелері қаралды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы жасанды интеллект жаңа цифрлық дәуірде бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын басты факторлардың біріне айналғанын атап өтті.

– БҰҰ-ның Өнеркәсіптің дамуы туралы 2026 жылғы есебіне сәйкес, ЖИ әлем экономикасының келбетін өзгертетін бес трансформациялық мегатрендтің бірі ретінде танылды. Соңғы бес жылда жасанды интеллектімен байланысты патенттердің үлесі шамамен үш есе өскен. Бұл іргелі технологиялық өзгерістерді байқатады. Енді табиғи ресурстар және капитал мен нарық үшін ғана емес, өндіріс тиімділігі үшін де бәсекелестік қыза түсті. Қазақстан осы мүмкіндіктерді қалт жібермеуі қажет. Басты міндет – еңбек өнімділігін арттыру, технологиялық жаңғыруды жеделдету және қосылған құны жоғары өнім өндіруді кеңейту. Осы жұмыстарды атқаруда жасанды интеллект негізгі құралдардың бірі болуға тиіс, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға дейінгі Digital Kazakhstan стратегиясы аясында нақты экономикалық нәтижеге қол жеткізуді көздейтін жасанды интеллектінің ұлттық кешенді экожүйесі түзіліп жатқанына тоқталды.

– Биылғы сегіз айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 46 триллион теңгеге жуықтады. Өңдеу өнеркәсібі былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 8,4 пайызға өсті. Дегенмен экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін еңбек өнімділігін арттырып, өнеркәсіп базасын жаңғыртуға және қосылған құны жоғары өнім өндіруге мән беру қажет. Бұл мақсатқа жетуде жасанды интеллектінің атқаратын рөлі айрықша. ЖИ-дің шынайы құндылығы сол – адам әлеуетін күшейтеді. Яғни ЖИ инженерлерге нақты қадамдар жасауға, жұмыс тиімділігін ұлғайтуға, басшылыққа қажет кезінде дереу талдау деректеріне сүйеніп, жедел әрі дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптегі саясатымыз осы қағидатқа негізделген, – деді Мемлекет басшысы.

Содан кейін Президент бірқатар басты міндеттерді атады.

– Бізге жасанды интеллектіні пайдалана отырып, өндірістік үдерістерді кешенді түрде трансформациялау қажет. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорында цифрландыру жұмыстары шашыраңқы жүргізіліп жатыр. Жекелеген операцияларды автоматтандырып, жаңа қызметтерді енгізгенімізге қарамастан, өндіріс моделі көп жағдайда өзгеріссіз қалады. Мұндай тәсіл өзін өзі ақтамайды. Кәсіпорындар бүкіл өндіріс тізбегін қайта қарап, қай тұста ЖИ көмегімен тиімділікті барынша арттыруға болатынын айқындауы керек. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, негізгі бизнес-үдерістері жасанды интеллект арқылы жан-жақты трансформацияға ұшырайтын кәсіпорындарды анықтағаны жөн. Жаңа технологиялар өндірісті басқару жүйесіне тікелей кірігуге тиіс. Анағұрлым сәтті модельдерді бүкіл ел аумағында таратуға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қолданбалы ғылымды күшейтуге үндеді. Ол Кеңестің осыған дейінгі отырысында ЖИ саласына маманданған зерттеу университетін құру туралы шешім қабылданғанын еске салды.

– Qazaq AI Research University жоғары санатты мамандар даярлайтын орталық қана емес, қолданбалы зерттеулер жүргізілетін жетекші алаңдардың бірі болуға тиіс. Оның бүкіл ғылыми-зерттеу бағдарламасы экономикалық дамудың нақты қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Бұл үшін өнеркәсіп саласындағы жасанды интеллектіге қатысты өзекті міндеттер тізімін жаңартып отырамыз. Аталған істе бюрократияға жол беруге болмайды. Мұндай міндеттерді өндірістің алдыңғы шебінде жүрген инженерлер, технологтар, шеберлер мен операторлар анықтауы қажет. Қай жерде шығын барын, қандай құрылғы тоқтап тұрғанын, қай тұста олқылықтар орын алып, қатерлер пайда болғанын осы мамандар біледі. Осылайша, басшылық өндірістегі проблемадан жан-жақты хабардар болады. Ал бұл, өз кезегінде, жасанды интеллектіні қай жерде, қалай пайдалану жолын белгілеуге көмектеседі. Qazaq AI Research University, сондай-ақ басқа да университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары осы тізімді басшылыққа алуға тиіс. Сонда ғана ғылым мен өндіріс арасында тікелей байланыс орнайды. Үкіметке ұлттық компаниялармен және жеке бизнеспен бірге индустриядағы өзекті ЖИ-міндеттерді айқындау және ұдайы жаңарту тәртібін әзірлеуді тапсырамын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістік Deep-Tech жобаларды ілгерілету және мықты технологиялық командалар жасақтау өте маңызды деп санайды. Оның айтуынша, индустриялық міндеттерді орындайтын мұндай команда құрамына ғылыми қауымдастық, технологиялық компаниялар мен стартаптар экожүйесінің өкілдері енуі қажет.

– Сонымен қатар AI Challenge механизмін қолданған жөн. Бұл іске «цифрлық көшпелілер» мен талантты жастарды тартуға болады. Формат әр тапсырманың ерекшелігіне қарай бейімделуге тиіс. Яғни команданы ашық іріктеу мен міндеттерді айқындаудан бастап, ізденіс нәтижелерін шынайы өндірісте сынауға дейін икемді болғаны жөн. Деректер, есептеу ресурстары және өндіріс инфрақұрылымы командаларға қолжетімді болуға тиіс. Бұл ретте тапсырыс беруші тысқары қалмай, үдерістің әр кезеңіне қатысуы қажет. Әйтсе де ЖИ және DeepTech санатындағы өнеркәсіп жобаларына, әсіресе, технологиялық тәуекелдері көп, коммерциялық тиімділігі дәлелденбеген бастапқы кезеңде уақыт пен ресурс керек екенін мойындаған жөн. Үкімет бастапқы тәуекелдерді азайтуға көмектесіп, жеке капиталды тартуға жағдай жасауы керек. Кейінірек перспективті жобалар, негізінен, нарықтық ортада дамуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, AI-Sana бағдарламасы өндірістегі нақты міндеттермен тығыз байланысты болғаны жөн. Дарынды жастар экономиканы жаңғырту ісінде тәжірибе жинақтауы керек. Үкіметке жасанды интеллектіні өнеркәсіпте пайдалану міндеттерін шешудің бірыңғай механизмін құру жөнінде тапсырма берілді. Оның аясында лайықты команданы таңдаудан бастап, нәтижені сынақтан өткізу және экономикалық тиімділігін бағалау кезеңдері түгел қамтылуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев тексерілген шешімдерді жаппай таратудың анық әрі оңтайлы тетіктерін құру қажеттігіне назар аударды.

– Көптеген перспективті шешімдер пилоттық жоба сатысынан сәтті өткенімен, қосымша келісулер, қайталама сынақтар, күрделі сатып алу үдерістері мен заңнамалық шектеулер салдарынан аяқсыз қалады. Бұл кәсіпорындардың пайда табуына және әзірлеушілердің нарықта жол табуына кедергі келтіреді. Тиімді тәсілдерді коммерцияландырудың айқын тетігі болуы керек. Оны өндірістік жағдайы ұқсас кәсіпорындарда қайта сынақтан өткізудің қажеті жоқ. Ұтымды отандық шешімдерге де баса назар аударған дұрыс. Үкіметке табысты пилоттық жобаларды тез арада коммерцияландыру және кеңінен тарату жолдарын қарастыруды ұсынамын. Экономикалық тұрғыдан пайдалы шешімдерді іске асыруда артық кедергілерден арылған абзал, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пайымдауынша, жоғары сапалы өндірістік мәліметтер болмаса, жасанды интеллектіні тиімді қолдану мүмкін емес. Ол кәсіпорындар өндірістік мәліметтердің мол қорын жинақтағанымен, сапасы әркелкі әрі шашыраңқы күйде қалып отырғанын айтты. Мұндай деректердің көбі жасанды интеллект жүйелерінде қолдануға жарамсыз.

– Кеңестің алдыңғы отырысында деректерге бағдарланған модельге көшу және салалық мәліметтер қорын жасақтау қажет екенін айтқанмын. Енді аталған жұмысты өндірісте жалғастыру керек. Бізге бірыңғай сапа стандартына сай, өзара байланысты және қауіпсіз пайдалануға болатын салалық өндірістік мәліметтер қажет. Отандық зерттеушілер мен бағдарлама әзірлеушілер оған кедергісіз қол жеткізуге тиіс. Әрине, коммерциялық құпия, стратегиялық ақпарат пен аса маңызды мәліметтер сенімді түрде қорғалады. Үкіметке бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, салалық өндірістік мәліметтер базасын қалыптастырудың ортақ тәсілдерін әзірлеу міндеті жүктеледі. Отандық технологиялық шешімдерді дайындағанда аталған деректерді іс жүзінде қолдануға басымдық берілгені жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан жасанды интеллектіні дамытуға берік негіз қалағанын айтты. Ендігі міндет – осы әлеуетті экономикалық игілікке айналдыру.

– Жасанды интеллект ел индустриясын дамытатын құрал болуға тиіс. Бұған Қазақстанның мүмкіндігі жетеді. Аталған жұмысты стратегиялық мәні зор секторларда күшейте түсу керек. Осы орайда, Кеңестің келесі отырысында көлік-логистика саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселесін талқылауды ұсынамын. Бұл секторды одан әрі жаңғырту оның әлеуеті мен тиімділігін арттырып, Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін нығайта түседі, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Президент Трамп пен ірі технологиялық компаниялар басшылары қол қойған жасанды интеллектінің озық технологияларын қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамыту туралы ерікті келісімнің стратегиялық салмағына назар аударды.

– Дер кезінде көтерілген осы маңызды бастаманы құптаймын. Жасанды интеллектіге қатысты қауіп-қатерлер ешқандай шекараға бағынбайтынын бәрі түсінеді. Сондықтан мемлекеттер мен бизнес қауымдастық тарапынан үйлесімді әрекет қажет. Вашингтонда қол қойылған келісімді сарапшылар мұқият зерделеген соң мүдделі мемлекеттер жасанды интеллект саласын жаһандық деңгейде реттейтін үлгі ретінде қарастыруына болады. «Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық деп ойлаймын. Қазақстан жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен дамытуды қолдайды. Осы орайда, аталған мәселе бойынша сындарлы халықаралық диалог жүргізуге алаң ұсына аламыз. Кеңес іс жүзінде маңызды екенін көрсетті. Сондықтан Кеңес мүшелерінен қысқа мерзім ішінде Қазақстанның осы салаға қатысты халықаралық бастамасына нақты ұсыныс беруді сұраймын. Ортақ ұстаным биыл желтоқсан айында Майамиде өтетін G20 саммитінде таныстырылады, – деді Мемлекет басшысы.

Жиында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Sinovation Venture және 01.AI бас директоры Ли Кай-Фу, Абу Даби Әмірлігінің денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International бас директоры Мансур Әл-Мансури, Polynome Group негізін қалаушы Александр Ханин және Цинхуа университеті жанындағы ЖИ-индустрияны зерттеу институтының негізін қалаушы Яцинь Чжан сөз сөйледі.

Сообщение Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді появились сначала на Жаңа кезең.

Үкімет 2026 жылғы бидайдың сатып алу бағасын анықтады
Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын анықтады. 3-сыныпты бидайдың сапалық көрсеткішіне байланысты ол тоннасына 92-ден 115 мың теңгеге дейін болып белгіленді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арқалықта Қостанай облысы оңтүстік өңірлерінің шаруаларымен кездесуде хабарлады, деп жазады ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі.

«Нарық конъюнктурасын, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың ұсынысын ескере келіп, Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын айқындады. Атап айтқанда, 3-сыныпты бидай бағасын сапалық көрсеткішіне байланысты 92-ден 115 мың теңгеге дейін белгілеу жоспарлануда. Осылайша, баға өткен жылғы деңгейде қалады», — деді Серік Жұманғарин.

Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы нарық үшін эталон ретінде қызмет етеді. Шаруаларды қаржылық қолдау астықты форвардтық және тікелей сатып алу тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өндірістік шығындарды жабуға және келесі маусымға дайындалуға мүмкіндік береді.

Тағы бір қолдау шарасы – астық трейдерлеріне ҚҚС-ты қайтару. Тиісті шешім Салық Кодексін енгізу бойынша жобалық кеңсе отырыстарының бірінде қабылданды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі тауар қозғалысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруашылығы өндірушісінен экспорттаушыға дейін қадағалауға мүмкіндік беретін «пирамида әдісі» деп аталатын тәсілді қолдана отырып, салықтық тексерумен расталатын болады. Тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтарып ала алады.

Серік Жұманғарин сондай-ақ астық экспорттаушыларға мемлекеттік шығындарды өтеу бағдарламасы 2026-2027 маркетингтік жылға ұзартылатынын хабарлады.

Өткен жылдары астық жөнелтушілердің көлік шығындарын субсидиялау қазақстандық астықты жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Дәстүрлі нарықтардан басқа қазақстандық бидайды алғаш рет Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания, сондай-ақ Марокко, Алжир және Мысыр сынды Солтүстік Африка елдері сатып алды. Азық-түлік корпорациясы сонымен қатар Қытай арқылы мультимодальды маршрут бойынша Вьетнамға астық жеткізуді сынап көрді.

Бұл шараларды жүзеге асыру астық бағасын тұрақтандыруға және демпинг тәуекелдерін төмендетуге ықпал етті. Логистика, қайта өңдеу, машина жасау және сервистік қызметтер сынды сабақтас салаларға да қосымша әсер берді.

Кездесудің тағы бір тақырыбы мал шаруашылығын дамытуға арналды. Қостанай облысының үш оңтүстік өңірі – Арқалық, Амангелді және Жангелді аудандарында бүгінде 1 132 фермерлік шаруашылық жұмыс істейді. Жалпы егіс алқабы 581,1 мың гектар. Оның ішінде дәнді дақыл 501,4 мың гектар, майлы дақыл 65,9 мың гектар. Соңғы үш жылда майлы дақыл алқабы 1,3 есеге ұлғайды. Негізгі дақыл – мақсары: ол 51,2 мың гектарға немесе облыстағы осы дақылдың барлық ауданының 47%-ына егілді.

Фермерлер кезінде Қостанай облысы бастамашы болған «Жайлау» бағдарламасын қайта жүзеге асыру мәселесін көтерді. Атап айтқанда, жайылымдарды міндетті түрде суландыру және мал шаруашылығы базаларын салу жөніндегі талаптар туралы сөз болды. Оңтүстік аудандардың шаруашылықтары негізінен табиғи су көздері бар өзендер мен көлдердің жайылмаларында орналасқан, көптеген фермерлерде мал шаруашылығына қажетті инфрақұрылым бар. Осыған байланысты бағдарлама талаптарын орындау кезінде бұрыннан бар объектілерді есепке алу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Сондай-ақ, мал өсірушілер асыл тұқымды ірі қара малдың шекті құнын оны сатып алуды жеңілдетілген несиелеу кезінде қайта қарауды ұсынды. Өйткені олардың бағалауы бойынша бағдарламада белгіленген баға нарықтық бағадан төмен.

Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қолданыстағы құжаттарға қажетті өзгерістерді пысықтауды, сондай-ақ асыл тұқымды мал құнының анықтамалығын әзірлеуді тапсырды.

«Zengi Group» ЖШС директоры Жәнібек Кенжебаев Арқалықта эмбриондар өндіру бойынша генетикалық орталық құру жоспарын ұсынды. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестиция тартылды.

«Бұл жоба – асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін Қазақстанда асыл тұқымды мал басын көбейту мүмкіндігі. Эмбриондарды қолдану арқылы біз асыл тұқымды мал ала аламыз. Сонымен қатар Арқалықта мал тасымалдау бойынша логистикалық хаб құру бойынша жұмыс істейміз. Біз асыл тұқымды малды өндіру мен сатуды кәсіби деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Жәнібек Кенжебаев.

Сообщение Үкімет 2026 жылғы бидайдың сатып алу бағасын анықтады появились сначала на Жаңа кезең.

Сиыр етінің бағасы тұрақты сақталып отыр – АШМ
Еліміздің ішкі нарығы өзімізде өндірілетін сиыр етімен қамтамасыз етілген, бағаның күрт өсуіне негіз жоқ, деп хабарлады ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова.

«Республика бойынша сиыр етінің орташа бағасы келісіне 3,8 мың теңгені құрайды. Астанада ол 3,8 мың теңгеден жоғары. Бізде бағаның күрт өсуіне негіз жоқ. Ішкі нарық өз өндірісі есебінен толық қамтамасыз етілген. Апта сайын Ұлттық статистика бюросы, күн сайын Ауыл шаруашылығы министрлігі мониторинг жүргізеді», — деді Назгүл Хатепова.

Оның мәліметінше, өткен жылы елімізде 434 мың тонна сиыр еті өндірілген, осы жылы өндіріс көлемі өсуде. Жекелеген өңірлердегі бағалардың мерзімді ауытқулары тіркеледі, алайда қымбаттауға тұрақты үрдіс жоқ.

Сообщение Сиыр етінің бағасы тұрақты сақталып отыр – АШМ появились сначала на Жаңа кезең.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен «әлемнің бірінші ракеткасы» мәртебесіне ие болуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Президент  тарихи мәні зор осынау табыс отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

– Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек, өйткені бұл олардың келешегі үшін өте маңызды. Үш бірдей Үлкен дулыға турниріндегі жеңісіңіз теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды. Мұнымен тоқтамай, алда әлі талай асуды бағындырасыз деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Елена Рыбакинаның адами қасиеттеріне айрықша тоқталды.

– Сіз кортта да, жұртшылық ортасында да байыптылығыңызды байқатасыз. Ішкі мәдениетіңіз жоғары екенін үнемі айтып жүремін. Қазақстанды спортқа, әсіресе, тенниске қолдау көрсететін өркениетті әрі дамыған мемлекет ретінде таныту тұрғысынан мұның маңызы өте зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елена Рыбакина Мемлекет басшысына өзін ұдайы қолдағаны, сондай-ақ Қазақстанда үлкен теннистің дамуына айрықша қамқорлық көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын мәлімдеді. Теннисші алдағы уақытта да жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлерін жаңа жеңістермен қуанта беруге ниетті.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорттағы ерен жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлкен үлесі үшін Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Сообщение Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті появились сначала на Жаңа кезең.

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлайды

Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауынан орын алып, нәтижесінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қарулы күштерінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті жан-жақты, оның ішінде материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Сообщение Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды появились сначала на Жаңа кезең.

Мемлекет басшысы жүгері өңдеу зауытын іске қосу рәсіміне қатысты
Алматы қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында бейнебайланыс режимі арқылы Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша өнеркәсіп паркі құрылысын бастауға рұқсат берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Жобаны әлемдегі биологиялық ашыту саласы көшбасшыларының бірі – қытайлық Fufeng Group компаниясы іске асырады. Өндірістік кешенді инвестициялаудың алғашқы кезеңіне 350 миллион доллар жұмсалды. Кәсіпорын жылына 500 мың тоннаға дейін жүгері өңдей алады.

Екінші кезеңде кәсіпорынның жүгері өңдеу қуатын жылына 3 миллион тоннаға дейін ұлғайту және шығарылатын өнім түрлерін арттыру қарастырылған. Бұл кезеңдегі инвестицияның жалпы көлемі 1,15 миллиард долларды құрайды. Өнеркәсіп паркін құру 1,5 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға және елімізде бидайды терең өңдеу бойынша толық өндірістік циклді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді ілгерілетуге, Қытаймен өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіп саласының экспорттық әлеуетін нығайтуға септігін тигізеді.

Сообщение Мемлекет басшысы жүгері өңдеу зауытын іске қосу рәсіміне қатысты появились сначала на Жаңа кезең.

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу жағдайын Үкіметтік комиссия тексеруде
24 қыркүйек күні сағат 22:30-да Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты құрылған Үкіметтік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің баяндауынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу аясында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, бірқатар тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Жұмысқа тиісті мамандар тартылып, қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Қанат Бозымбаев болған оқиғаның барлық мән-жайын қысқа мерзімде толық анықтап, қайғылы жағдайға кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Отырыста қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына ерекше назар аударылды. Премьер-Министрдің орынбасары мемлекет тарапынан оларға қажетті әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетілетінін атап өтті.

— Заңда көзделген материалдық көмектен бөлек, көмек көрсеткісі келетін азаматтардан көптеген өтініш түсіп жатыр. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсететіндерін мәлімдеді. Олардың біреуі қаза болған әр әскери қызметшінің отбасына 25 млн теңгеден бөлді. Сондай-ақ бірқатар ірі бизнес өкілдері де материалдық көмек көрсетуге ниет білдірді, — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Қанат Бозымбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына бағытталған барлық қаражаттың бөлінуінің ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз етуді тапсырды. Ол көмектің нақты адресаттарға толық көлемде көрсетілуге тиіс екенін атап өтті.

Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың баяндауынша, оқиғадан кейін медициналық мекемеге жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Отырысқа Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің вице-министрлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары, Бас әскери прокурор және Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, баяндама жасады.

Үкіметтік комиссияның жұмысы жалғасуда.

Сообщение Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу жағдайын Үкіметтік комиссия тексеруде появились сначала на Жаңа кезең.

Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар өткізу барысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Комиссия құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ шекара қызметінің өкілдері кірді.

Премьер-министр Олжас Бектенов Комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеруді қамтамасыз ету және қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.

Сообщение Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды появились сначала на Жаңа кезең.