«Қазгидромет» РМК мамандары 28 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Кәсіпорынның мәліметінше, жексенбі күні еліміздің бес қаласында – Нұр-Сұлтан, Петропавл, Қарағанды, Шымкент және Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.
Өзге шаһарларда метеоахуал – бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.