«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 тамыздағы № 506 қаулысына сәйкес Ақмола облысына нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде 23 043 дана компьютерлік техника сатып алуға 3 568 574,128 мың теңге бөлінді: дербес компьютерлер – 2398 дана, ноутбуктер – 17537 дана, планшеттер – 3108 дана, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Бұл компьютерлік техника облыс мектептерінің материалдық базасын нығайтуға және оларды әрі қарай қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік осал отбасылардың балаларына уақытша пайдалануға беруге арналған.
«Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысына сәйкес аталған компьютерлік техниканы мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен арнайы тәртіпті қолдана отырып бір көзден алу тәсілімен сатып алу көзделген.
ҚР Үкіметі бөлген қаражатқа облыс мектептері үшін компьютерлік техниканы мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрамында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің, арнайы мониторингтік топтың, «Akmola-adaldyk alany» жобалық кеңсесінің, Қамқоршылық кеңестің, білім басқармасының өкілдерінен тұратын қоғамдық комиссия құрылды.
Білім беру ұйымдарының білім алушыларын қамтамасыз ету үшін компьютерлік техниканы мемлекеттік сатып алуды Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» КММ жүзеге асырады.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы компьютерлік техниканы жеткізушілерді таңдауды жеткізілетін өнімнің техникалық сипаттамалардың өлшемдеріне, мәлімделген өнімді жеткізу мерзімдері мен көлемдеріне қатаң сәйкестігін ескере отырып, қоғамдық комиссияның ұсынымы негізінде жүзеге асырды.
Аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінде, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарда компьютерлік техниканы қабылдау және одан әрі тарату үшін білім беру бөлімі, IT мамандар, «Nur Otan» партиясы, «Akmola-adaldyk alany», тәуелсіз өкілдер және ата-аналар қауымдастығы өкілдерінен тұратын жұмыс комиссиялары құрылды.
Келесі өнім берушілермен компьютерлік техниканы сатып алуға шарттар жасалды:
компьютерлер:
1.«XFinity Solutions» ЖШС – әр бірлігі 158,0 мың теңгеден 177118,0 мың теңгеге 1121 дана көлемінде;
2.«КазИнтерСервис-Астана» ЖШС – әр бірлігі 158,0 мың теңгеден 201766,0 мың теңгеге 1277 дана көлемінде.
ноутбуктер:
1.«MOBY SERVIS» ЖШС – әр бірлігі 137,0 мың теңгеден 347569,0 мың теңгеге 2537 дана көлемінде;
2.«С.М. Киров ат. зауыт» АҚ – әр бірлігі 137,0 мың теңгеден 2055000,0 мың теңгеге 15000 дана көлемінде.
планшеттер:
«MOBY SERVIS» ЖШС – әр бірлігі 48,0 мың теңгеден 149184,0 мың теңгеге 3108 дана көлемінде.
Үкімет резервінің қаражатынан 2602 планшет және 2398 компьютер жеткізілді. Техникалық ерекшеліктер бойынша сәйкессіздіктерге байланысты 2398 дана компьютерлер жеткізушілерге кері қайтарылды. Қазіргі уақытта өнім берушілер қажетті ауыстыруларды жасауда: желілік Wi-fi адаптері орнатылуда. Ауыстырылғаннан кейін компьютерлер ағымдағы жылғы 27 қыркүйекке дейін мектептерге беріледі.
Блютуздың болмауына байланысты өнім берушілерге 2602 бірлік планшеттер кері қайтарылды. Ауыстырылғаннан кейін планшеттер ағымдағы жылғы 27 қыркүйекке дейін мектептерге беріледі.
Компьютерлік жабдықтарды жеткізу мерзімі: жасалған шарттарға сәйкес ағымдағы жылғы 15-20 қыркүйегі аралығында. Алайда, бұл жеткізу мерзімдері келесі себептер бойынша өзгерді: карантиндік шараларды қатайту және ҚХР-мен мемлекеттік шекарада ауыр жүк көліктерін өткізуді шектеу жинақтаушы жабдықты жеткізудің шарттық мерзімдерін ауыстыруға әкеледі. Осыған байланысты компьютерлік техниканы жеткізу мерзімі созылуда.
17537 ноутбуктің жеткізу мерзімі 27 қыркүйектен бастап, қалған 506 планшет – 23 қыркүйектен бастап.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражатынан 514,7 млн. теңгеге облыс мектептеріне 2394 компьютерлік техника сатып алынды.