Басты

1424 Сall-Орталығының бейнесі рубик кубиктарынан жиналды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парасаттылық қағидаттарын дамытудың және ведомство қызметі туралы халықты хабардар етудің жаңа тәсілдерін қарастыруда, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Бүгін Рубик кубиктерінен ұлы Абайдың портретін жасағаннан кейін кеңінен танымал болған елордалық жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттері Тынысбек Бөпіштай мен Қанат Ахметрасул арнайы тақтаға Агенттіктің логотипі мен 1424 Сall-орталығының нөмірі көрсетілген суретті салды.

Олардың кәсіби деңгейде орындалған шығармалары – Рубик кубикінен жасалған Абай Құнанбаев, Шәмші Қалдаяқов, Жақсылық Үшкемпіровтің портреттеріне жұртшылық тәнті болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арналған ұзындығы 1,6 метр, ені 1,1 метр ақпараттық полотноны жас дарынды жігіттер 2 сағат ішінде жинады.

Т. Бөпіштай қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысуды өзінің азаматтық парызы деп санайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ өз құрдастары мен барлық отандастарын парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button