«ҚазАгро» Холдингі агроөнеркәсіп кешенін белсенді қаржыландыруды жалғастыруда
Ағымдағы жылдың 6 (алты) айында саланы несиелендіруге 211 млрд. теңге бағытталды. Бұл туралы “ҚазАгро” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ Басқарушы директоры Асылхан Джувашев хабарлады.
“Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіруге 82 млрд.теңге бағытталды. Бұған 70 млрд.теңге бюджеттік несие және «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 12 млрд. теңге кіреді. Қаржыландыру 4 млн. га ауыл шаруашылығы жерлерін егуге мүмкіндік берді”,-деді Асылхан Джувашев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Сонымен қатар “ҚазАгро” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ Басқарушы директоры Ауыл шаруашылығы саласындағы іске қосылған инвестициялық жобалар жайлы айтты.
“Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 190 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 5,8 млрд. теңге болатын 10 жоба іске қосылды. Холдинг жұмысының қорытындысы бойынша өткен 6 айда ауылдық жерлерде 3 795 жаңа жұмыс орны ашылып, 14 392 адам жұмыспен қамтылды”,-дейді Асылхан Джувашев.