«Бәйтерек» ҰБХ өңдеу өнеркәсібі саласында 4 мың жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Холдингтің өткен жылғы қызметінің нәтижелерімен бөлісті. Белсенді мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, 15,1 триллион теңгеге қызмет көрсетілді. Экспорт көлемі 1,6 триллион теңгеден асты, ал бюджетке төленген салық 1,6 триллион теңгеге жетті.
Есеп беру барысында Рустам Карагойшин Холдингтің негізгі бөлімшелерінің нәтижелерге қол жеткізудегі үлесін атап өтті, нақты айтқанда:
- Қазақстанның Даму Банкі 3,2 триллион теңгеге өнім өндіру мен сатуды қаржыландырды, 1,5 триллион теңгеге экспортқа жәрдемдесті және 798 жаңа жұмыс орнын ашып, 984 миллиард теңге көлемінде салық аударымдарын қамтамасыз етті.
- Өнеркәсіпті дамыту қоры 204,9 миллиард теңгеге 41 лизингтік мәмілені қаржыландырды, бұл 4,08 триллион теңге сомасына өнім өндіріп, сатуға және 1,6 мың жұмыс орнын ашуға ықпал етті.
- QIC 58 миллиард теңге сомасына өнім өндіруді қолдап, 1,4 мың жаңа жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етті.
Бес негізгі жобаны іске қосуға ерекше көңіл бөлінді, оның ішінде Ақмола облысындағы құс фабрикасының қуатын кеңейту, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында екі байыту фабрикасын пайдалануға беру. Бұлар елдің өндірістік әлеуетін едәуір нығайтуға мүмкіндік берді.