PoliticsБасты

Марат Қарабаев Алматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп өтеді

Көлік министрі Марат Қарабаев көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру үшін төрт облысты басып өтеді

Бұл туралы министрдің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook парақшасында жария етті.

«Бүгін ведомство басшысы Алматы облысына келді. Ең алдымен Шамалған станциясының айналма жолының құрылысын және «Сарыөзек – Көктал» (45-68 км) автожолында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексереді. Сондай-ақ министр «Қорғас» құрғақ портының жұмысымен танысып, «Алматы – Қорғас» автожолының сапасын бағамдап қайтуды жоспарлап отыр», делінген жазбада.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, министрлік басшысы Марат Кәрімжанұлы демалыс күндерін пайдаланып, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына да барады. Алматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп өтіп, министр аталған өңірлердегі жол құрылыстарын, көлік объектілерін қайта жаңарту жұмыстарын, көлік қозғалысына арналған көпірлердің жай-күйін тексереді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button