Eco
Қазақстандағы киік саны 1,9 млн асты
Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа артты, яғни 45,3% -ға. Олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясының саны 1,13 млн. дарақ, Бетпақдала – 745 300, Үстірт-39 700» – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді. Аталмыш жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.