PoliticsБасты

Сенаторлар Палатаның Вице-Спикерін сайлады және тұрақты Комитеттердің құрамын бекітті

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен жаңартылған құраммен Палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар ант қабылдады, Сенат Төрағасының орынбасарын сайланды, Тұрақты комитеттердің саны мен атаулары бекітілді және олардың төрағалары мен мүшелері сайланды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Мәулен Әшімбаев жаңадан сайланған және тағайындалған әріптестерін құттықтап, алдағы жұмыстың басым бағыттарына тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысы Сенаттың алдында тұрған басты міндеттерді белгілеп берді. Алдымызда атқаратын жұмыс аз емес. Бұл ретте елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан уақтылы қамтамасыз ету аса маңызды», – деп, Мәулен Әшімбаев депутаттардың жұмысына сәттілік тіледі.

Отырыс барысында сенаторлар белгіленген тәртіппен халыққа ант берді.

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың ұсынуымен депутаттардың дауыс беруі нәтижесінде сенатор Жақып Асанов Палата Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Сонымен қатар Сенат Регламентіне сәйкес Тұрақты комитеттердің төрағалары мен мүшелері сайланды. Сондай-ақ олардың саны мен атаулары бекітілді.

Депутаттардың дауыс беру нәтижесі бойынша:

Андрей Лукин – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;

Сұлтанбек Мәкежанов – Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы;

Асқар Шәкіров – Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;

Сүйіндік Алдашев – Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы;

Нұртөре Жүсіп – Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы;

Әли Бектаев – Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып сайланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button