Басты

Баянауылдағы демалыс орындары ертеңнен бастап қайта жабылады

Павлодар облысында коронавирус жұқтыру деректері жиіліп кеткен. Осыған байланысты Баянауылдағы демалыс орындары жұмысын кілт тоқтатпақ. Бұл туралы Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов әлеуметтік желіде аудан тұрғындары мен қонақтарына жолдаған үндеуіне айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

«…Баянауыл ауданының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 16 маусымда сағат 00-ден бастап Баянауыл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Біржанкөл демалыс аймағының барлық демалыс үйлері мен жағажайлары санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін жабылады. Бұл – бірінші кезекте әр адамның амандығы үшін өте маңызды. Сондықтан аудан тұрғындары карантиндік тәртіпті сақтап, сыртқа шыққан жағдайда маска кию және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамын», – дейді әкім видеода.

Басқа жаңалықтар

Back to top button