FinanceБасты

БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайын жақсартуға аударылған орташа сома – 4,5 миллион теңгені құрады

БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайын жақсартуға аударылған қаражаттың орташа сомасы 4,5 миллион теңгені құрады. Бұл туралы БЖЗҚ Баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылдың 13 шілдесіндегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 350 269 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 1,6 трлн теңге аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,5 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,5%), Маңғыстау облысының (15,4%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған.

Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 185,6 млрд теңгеден аса сома қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button