PoliticsБасты

Мұндай қасіретке жол бермеу – барша адамзаттың міндеті: Президент ҰОС туралы

80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталған еді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әлем тарихындағы осы қайғылы күнді еске алды.

«Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі тарихтағы ең қанды соғыстың майданында қаза тапты. Олардың ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Мұндай қасіретке ешқашан жол бермеу – барша адамзаттың міндеті» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button