SocialБасты

Ақтөбеде 1 мамырдан бастап карантин шектеуі жеңілдейді

Ақтөбеде бұған дейін облысішілік автобустардың қозғалысына тыйым салынды. Ал 1 мамырдан бастап аудан мен қала арасындағы қатынас қайта жанданады.

Ақтөбе облысы 31-наурыз күнінен бері «қызыл» аймақта орналасқан. Өткен тәулікте облыста 128 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ақтөбе қаласымен бірге Алға, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Хромтау аудандарында да ауырып, инфекциялық стационарға жатқандар бар. COVID-19 жұқтырғандардың 76,9% жазылды. Облыс бойынша әлі де 5500-ден астам адам үй карантинінде.

«Ақтөбеде карантин шектеуі жеңілдеді. Бұған дейін облысішілік автобустардың жүруіне тыйым салынған еді. Енді 1-мамырдан бастап аудандар мен облыс орталығына қатынайтын қоғамдық көліктер қайда жұмысын жандандырады. Ал қалааралық, облысаралық тұрақты автобустардың, шағын автобустардың қозғалысына әлі де тыйым салынған», – деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button