ӘлемБасты

Джек Маның байлығы 2 миллиард долларға артты

Alibaba компаниясының АҚШ-тағы акциялары 9,3% – ға қымбаттады. Қытай кәсіпкері, Alibaba иесі Джек Маның байлығы 2,3 миллиард долларға өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қытай билігі Alibaba компаниясына 2,78 миллиард доллар көлемінде айыппұл салғаннан кейін, миллиардер одан сайын байи түскен. Ресми дерек бойынша, компанияның АҚШ-тағы акциялары айыппұлдан кейін 9,3%-ға қымбаттаған. Бұл – соңғы төрт жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Bloomberg-тің «миллиардерлер индексінде» Джек Ма қазір 25-ші орында. Ол 52,1 миллиард долларға ие.

Еске сала кетсек, 10 сәуірде Қытай билігі монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін Alibaba-ға 2,78 миллиард доллар көлемінде айыппұл салған еді. Қытайдың монополияға қарсы реттеушісінің мәлімдемесіне сенсек, компания тұтынушыны өз қызметтерін «таңдау құқығынсыз» пайдалануға мәжбүрлейтін саясат жүргізіп келген, бұл «қытайлық электрондық коммерция нарығындағы бәсекелестікке кері әсерін тигізген».

Басқа жаңалықтар

Back to top button