AgroБасты

2016 жылы жұмыс істеген жер комиссиясының шешімдері орындалды ма?

2016 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен Жер кодексінің жекелеген баптарының қолданылуына мораторий жарияланды. Атап айтқанда мынадай шектеулер қарастырылды:

– ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға жалға беру;

– жарғылық капиталына шетелдіктің қатысу үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сату және жалға беру;

– қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншік құқығын беру;

– ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттен сатып алмай жалдау құқығын иеліктен шығару.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 25 ақпанында шетелдіктерге қатысты ең маңызды және қағидатты мәселе – нормалар бойынша түпкілікті саяси шешім қабылдады:

– ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікке сатылмайтыны және шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдіктің қатысы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, Халықаралық ұйымдарға, халықаралыққа қатысы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға жалға берілмейтіні туралы нақты және түпкілікті шешім қабылдады.

 2016 жылы жер комиссиясында көтерілген мәселелерді шешу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қоғамдық пікірді ескере отырып, жаңа Жер кодексінің жобасын, сондай-ақ ұлттық заңнамаға енгізілетін бірқатар өзгерістер дайындады.

Атап айтқанда:

– шекара маңындағы аймақта шетелдіктерге және шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) азаматтарға мемлекеттік шекарадан арақашықтықты айқындай отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін беруге тыйым салу белгіленген;

– Елді мекендердің маңындағы ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік қажеттілік санатына жатқызылған. Бұл жергілікті халықтың қажеттілігі үшін (мал жаюға) алып қоюға заңнамалық тұрғыда негіз болады;

– ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға мемлекеттік бақылауды күшейту үшін 2019 жылы Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалану бөлімінде жер кодексіне өзгерістер енгізілді. Осылайша, жүйелі бақылаудың, жер бетіндегі түсірілімдердің, зерттеулердің және түгендеудің нәтижелерімен қатар ауыл шаруашылығы жерлерін мониторингтеу үшін ақпарат көзі ретінде енді ғарыштық мониторинг нәтижелері де пайдаланылатын болады;

– пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінен өз еркімен бас тартуға экономикалық тұрғыда мәжбүрлеу үшін 2020 жылдың желтоқсан айында Салық кодексіне пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің салық ставкасын 10-нан 20 есеге дейін еселеп арттыруды көздейтін түзетулер енгізіліп, қабылданды;

– жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша заң жобасы әзірленді, онда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезеңдері мен алып қою мерзімдерін 3 жылдан 1 жылға дейін қысқарту көзделген;

– бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісіне енгізілді. Оның мақсаты – жер учаскелерін беру рәсімдерін біріздендіру, өтінімдерді қарау мерзімдері мен барысын бақылау, қағазсыз қызмет көрсету және жер учаскесін бөлуді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен және тағы басқалармен келісу;

– ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстар арқылы берудің толққанды регламенттелген тәртібі әзірленді;

– конкурстық комиссиялар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін олардың құрамына қоғамдық кеңестер мен бірлестіктердің өкілдері заңнамалық түрде енгізілді. Олар комиссия мүшелерінің кемінде 50%-ын құрауы тиіс;

– жер пайдаланушылардың міндеттері мен жауапкершілігі нақтыланып, күшейтілді. Сол арқылы ауыл шаруашылығы жерлерін жалдаудың бірыңғай үлгілік шарты заңнамалық тұрғыда белгіленді;

– ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға мониторинг жүргізу тәртібі айқындалды. Жерді жалға алудың алғашқы 5 жылында мониторинг жыл сайын жүргізілуі керек. Ал келесі кезеңдерде суармалы егістікте әр 3 жыл сайын, cуармалы емес жерлерде –  5 жыл сайын мониторинг жасалуы тиіс.

– жергілікті халықтың қажеттілігін қанағаттандыру және жайылымдық жер беру мәселесін шешу үшін «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Оның аясында жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарды 2 жылда әзірлеп, бекіту  қарастырылған. Бұл шара халықтың мал жаю мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ұйымдасқан шаруашылықтар пайдаланбаған жайылымдарды қайта бөлуге бағытталған.

Сондықтан, жайылымдарды беруге және пайдалануға байланысты іс-шараларды атқарғанда жариялылықты қамтамасыз ету үшін жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеуге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысуы заң жүзінде қарастырылды. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті атқарушы органдардың жайылымдарды пайдалану жөніндегі жыл сайынғы есептерін тыңдайды және талқылайды. Жайылымдарды қайта бөлу туралы мәселені қарағанда жайылымдарды басқару жөніндегі Жоспарды іске асыруға қатысады, жайылым пайдаланушылармен, жайылым пайдаланушылар бірлестіктерімен жайылымдарды басқару және пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

– 2016-2020 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органдар 15,4 млн га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады. Олардың 5,4 млн гектары ауыл шаруашылығы айналымына қайта тартылды, 5,6 млн гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, ал 4,4 млн гектарды сот органдары арқылы алу жұмыстары жүргізілуде.

– 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында ауыл шаруашылығы жерлеріне космомониторинг жасау пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл аймақтар кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл жақтарда жер пайдалануға қатысты шағым көп.

2020 жылдың желтоқсанында сынақ жобасы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша 8,3 млн га жер (негізінен жайылымдық жерлер) анықталды.

Нәтижелердің табысты болуына байланысты 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап республиканың барлық аумағында космомониторингті іске қосу туралы шешім қабылданды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button