Астанада жыл басынан бері 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Елордада халықты жұмыспен қамтуға бағытталған тиімді шаралар қабылданып келеді – тұрақты және уақытша жұмыс орындары ашылуда, сұранысқа ие мамандықтарға оқыту бағдарламалары жүзеге асырылуда және тағы басқа бастамалар қолға алынған. Жыл басынан бері Еңбек мобильділігі орталығына жұмыс іздеп 45 099 адам жүгінді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты
Жыл басынан бері елордада жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 11 275 адам қамтылды, оның ішінде 35 жасқа дейінгі 5 574 жас бар:
• тұрақты жұмыс орындарына орналасқандар – 1 584;
• қоғамдық жұмыстар – 2 721;
• жастар тәжірибесі – 320;
• әлеуметтік жұмыс орындары – 251;
• «Күміс жас» жобасы – 653;
• «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту – 2 510;
• сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқыту – 1 046;
• әлеуметтік кәсіптік бағдар – 2 056;
• кәсіптік оқыту – 47;
• грант алғандар – 61.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында биыл әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 65 грант мақұлданды. Жалпы алғанда, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 грант беру жоспарланған.
Аймақтық карта аясында 49 503 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 43 505-і – тұрақты, 5 998-і – уақытша жұмыс орны.
«Электронды еңбек биржасы» интернет порталында 759 жұмыс беруші 7 176 бос жұмыс орнын ұсынды.
Жұмыссыздарды, соның ішінде жастар мен азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында бос жұмыс орындарына арналған 31 жәрмеңке өткізілді.