EconomyБасты

Қазақстанда 2025 жылы 1,6 трлн теңгеге 190 өнеркәсіптік жоба іске асырылуда

2025 жылы Қазақстанда жалпы сомасы 1,6 трлн теңгеге 190 өнеркәсіптік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрінің ақпараты бойынша, бұл шамамен 23 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Оның ішінде тау-кен металлургия саласында 6,5 мың жұмыс орнын құратын жалпы құны 444 млрд теңге болатын 28 жоба бар, олардың қатарында: Қарағанды облысындағы тік тігісті болат құбырлары және алюминий радиатор жобалары, Түркістан облысындағы алюминий профильдерін өндіру, Ақмола облысындағы алюминий бұйымдарын шығару, Павлодар облысындағы ферроқорытпа өндірісі, Жамбыл облысындағы катодты мыс өндіру жобалары бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button