Tech

Әскери медицина да цифрлық форматқа көшеді

Бірер күн бұрын әскери госпитальдар мен лазареттерге «ДАМУ» медициналық ақпараттық жүйесіне тегін қол жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру жолындағы қадамдардың бірі.

Құжатты ҚР Қарулы күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайыл мен «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Елеманов қол қойып бекітті.

Аталмыш келісім дәстүрлі медициналық жазбалардан алшақтап, тіркелгендердің денсаулығы туралы деректерді сақтаудың цифрлық форматына көшуге мүмкіндік береді.

Медициналық ұйымдардың корпоративтік тысқарғы қоймалар құруға маманданған «ДАМУ» ақпараттық жүйесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерекқорларымен интеграцияланғанын атап өту қажет. Биылғы жылдың бірінші маусымынан бастап әскери госпитальдар мен лазареттер жаңа ақпараттық ресурсқа қол жеткізе алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button