PoliticsБасты

Үкіметте Air Astana әуе компаниясын IPO-ға шығару мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда «Эйр Астана» АҚ акцияларының бір бөлігін бәсекелестік ортаға беру жоспарлары талқыланды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия «Эйр Астана» АҚ-ны IPO-ға шығаруға қатысты ұсынылған тәсілдерді, мерзімдер мен құрылымын қолдады, бұл «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі акциялар пакетінің мөлшерін «Эйр Астана» АҚ-ның орналастырылған акцияларының жалпы көлемінің 51%-дан аз деңгейіне дейін төмендетуді көздейді.

«Эйр Астана» АҚ IPO-сын өткізу Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жоспарланып отыр.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button