ӘлемБасты

Қазақстанға қару-жарақты бақылау саласының шетелдік мамандары келді

Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты аясында келген инспекциялық топ Түркия мен Латвия өкілдерінің қатысуымен Италияның Қару-жарақты бақылау жөніндегі верификациялық орталық бастығының басшылығымен «белгіленген ауданға» инспекция жүргізді.

Шетелдік сарапшылар Талдықорған қаласындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасына барды. Қолбасшылық инспекторларға арнап брифинг өткізді, онда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында жыл сайынғы әскери ақпарат алмасу шеңберінде бұрын жіберілген мәліметтердің сәйкестігі жайлы айтылды.

Инспекторларға қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі жүйелерімен, сондай-ақ бөлімнің инфрақұрылымымен танысуға мүмкіндік берілді.

Бағалау нәтижелері бойынша инспекциялық топ 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде Қазақстанның міндеттемелерінің ашықтығы мен сақталуын растады.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша инспекторлар Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының ілеспе тобына, 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасына, армия авиациясына тексеру іс-шараларын жүргізуге көмектескені үшін ризашылықтарын білдірді. Шетелдік қонақтар сондай-ақ, ҚР Қарулы күштері өкілдерінің бағалауы бойынша инспекцияны қамтамасыз ету деңгейінің жақсы екенін де атап өтті.

Әскери инспекторлар қазақстандық мамандардың жоғары кәсіби деңгейін және Қазақстан Республикасының қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерді адал орындауын тілге тиек етті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button