SocialБасты

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі барлық өңірде өскен

Елімізде 2021 жылы 17,1 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл арғы жылмен салыстырғанда 11,4% көп.

Республика бойынша барлығы 151 192 баспана, оның ішінде 41 250 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.  

Салаға салынған инвестиция көлемі 2,4 трлн. теңгеге жетіп, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 19,1% артты.  

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі арғы жылмен салыстырғанда барлық өңірде дерлік өскен. Атап айтқанда, Маңғыстау (119%), Ақмола (115,8%), Жамбыл (112,9%), Павлодар (112,3%) облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы (116,6%) және Шымкент қаласы (116,1%) көш басында.  

Осы ретте Қарағанды (98,5%) және Қызылорда (93,8%) облыстарын қоспағанда, Қостанай (109,8%), Алматы (109,7%), Шығыс Қазақстан (107,4%), Атырау (106,2%), Солтүстік Қазақстан (105,8%), Батыс Қазақстан (105,1%), Түркістан (104,1%), Ақтөбе (104%) облыстарында, Нұр-сұлтан қаласында (104,6%) оң серпін байқалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button