Архивы Tech - Жаңа кезең

Digital Qazaqstan 2026: Астана ЖИ жобаларын таныстырып, жетекші технологиялық ұйымдармен келісімге қол қойды
Шымкент қаласында мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, халықаралық технологиялық компаниялар мен сарапшылар қауымдастығының 3 000-нан астам қатысушысының басын қосқан Digital Qazaqstan 2026 халықаралық технологиялық форумы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы форумның негізгі тақырыбы Industry 5.0: The Power of Connection тұжырымдамасы болды, ол адамға бағдарланған, тұрақты әрі өзара байланысты цифрлық экономикаға көшу үдерісін айқындайды.

Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар жасанды интеллектіні дамыту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, цифрлық экожүйелерді қалыптастыру, сондай-ақ қалалық басқару мен өнеркәсіпке инновациялық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады. Ерекше назар жасанды интеллектіні қолданудың практикалық кейстеріне және жаңа экономиканың негізгі ресурсы ретіндегі деректерге аударылды.

Форум жұмысына Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы «Астана Innovations» АҚ-мен бірлесіп қатысты. GovTech стенді алаңында қаланың R&D-экожүйесінің негізгі элементі ретінде AI Lab тұжырымдамасы ұсынылды.

AI Lab жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді қалалық инфрақұрылымның түрлі салаларына енгізу үшін іздеу, іріктеу, сынақтан өткізу және енгізудің бірыңғай ортасы ретінде қалыптастырылады.

Тұжырымдама стартаптармен өзара іс-қимылды, акселерациялық бағдарламаларды өткізуді, пилоттық жобаларды іске қосуды және тиімді шешімдерді кейіннен ауқымдауды қамтитын инновациялармен жұмыс істеудің толық циклін қарастырады. Сонымен қатар, қала мүддесіне қолданылатын технологияларды сараптамалық бағалау мен басымдық беруді қамтамасыз ететін AI-кеңес маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Экспозиция аясында интерактивті форматта елорданың негізгі цифрлық жобаларын және олардың қала тұрғындарының күнделікті өміріндегі қолданылуын таныстырған AI-аватар да көрсетілді.

Форум барысында делегация серіктестермен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізіп, салалық сессияларға қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрінің төрағалығымен өткен «Қазақстанның цифрлық өңірлері» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Форум қорытындысы бойынша «Астана Innovations» АҚ жетекші технологиялық және білім беру ұйымдарымен бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Атап айтқанда, MOST Ventures Fund-пен инновациялар мен жасанды интеллект саласындағы бірлескен жобаларды дамыту бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, жасанды интеллект және цифрландыру саласында білікті мамандар даярлауға бағытталған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен келісім жасалды.

Бұдан бөлек, AI-жобаларды дамыту үшін деректер жиынтықтарын бірлесіп құру және пайдалану жөніндегі әріптестік «NCSPEECH» ЖШС компаниясымен орнатылды.

Бұл бағытты іске асыру зияткерлік сервистерді енгізуді жеделдетуге және ұлттық деңгейде цифрлық шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Digital Qazaqstan 2026 форумына қатысу халықаралық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және Астана қаласының жасанды интеллект пен цифрлық трансформация саласындағы бастамаларын ілгерілету жолындағы маңызды қадам болды.

Сообщение Digital Qazaqstan 2026: Астана ЖИ жобаларын таныстырып, жетекші технологиялық ұйымдармен келісімге қол қойды появились сначала на Жаңа кезең.

ЖИ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату кезінде тиімсіз делдалдарды анықтауға көмектеседі
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық еткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатуға жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері қаралды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, жыл басынан бері 2 мыңнан астам электронды шот-фактураны талдау нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін қолдану талаптарын бұзу бойынша 631 дерек анықталған. Тек ақпан айының өзінде электронды шот-фактуралар бойынша 760-тан астам тәуекел тіркелген.

«Қазіргі таңда біз жасанды интеллект көмегімен сауда үстемесінің шекті мөлшерден асуы фактілерін ғана емес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша жасалатын сауда мәмілелерінің санын да талдап отырмыз. Мәселен, егер бір күн ішінде бір тауар бойынша бірнеше мәміле жасалса, олардың жалған болуы ықтималдығы жоғары. Наурыз айының алғашқы жартысының өзінде тиімсіз делдалдарға қатысты 56 әкімшілік іс тіркеліп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданды», — деді Айжан Бижанова.

Жалпы алғанда, наурыз айының басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының  орташа өсу индексі 0,2% болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен (0,5%) төмен.

Сауда және интеграция министрлігі сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында Табиғи монополияларды реттеу комитеті, Азық-түлік корпорациясы, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қазақстан Теміржолы ұлттық компаниясымен бірлесіп, саланы қолдауға бағытталған кешенді шараларды пысықтап жатыр. Көкөніс бағасының маусымдық өсуін тежеу үшін ерте пісетін өнімдерді импорттауға арналған «жасыл дәліз» енгізілген. Сонымен қатар оларды кедендік бажсыз әкелу мүмкіндігі де қарастырылуда.

Наурыз мерекесіне орай республика бойынша 200-ден астам жәрмеңке өткізу жоспарланған. Сонымен қатар 13–23 наурыз аралығында сауда үйлері мен сауда орталықтарында Nauryz Sale акциясы ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ жиында Алматы облысындағы азық-түлік инфляциясының жағдайы қаралды. Бұл өңір баға өсімі бойынша аймақтар арасында төртінші орында тұр. Мұнда азық-түлік тауарлары бойынша инфляция 11,7% деңгейінде қалыптасқан (бір айда +1,5%). Жыл басынан бері сәбіз (41,1%), картоп (14,6%), қызанақ (13%), балық (12,6%), қырыққабат (9,7%) және басқа да азық-түлік түрлерінде тіркелген. Жалпы алғанда, 21 тауар позициясы бойынша баға өскен, оның 18-і бойынша көрсеткіш елдегі орташа деңгейден жоғары.

Вице-премьер Серік Жұманғарин Алматы облысы әкімі орынбасарының бағаны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар мен ұсыныстарын тыңдады. Ол азық-түлік инфляциясын тұрақтандыру ең алдымен өңірлердің жүйелі әрі нақты жұмысына байланысты екенін атап өтті. Өңірлер жергілікті өндірушілермен және жеткізушілермен тығыз байланыста жұмыс істеп, туындаған мәселелерді жедел шешу арқылы халық үшін бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты.

Сообщение ЖИ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сату кезінде тиімсіз делдалдарды анықтауға көмектеседі появились сначала на Жаңа кезең.

Еліміздің құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер толығымен онлайн-форматқа көшірілді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Тұрғын үй құрылысы саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Бірінші кезекте Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындауға назар аударылды. Мемлекеттік органдардың негізгі міндеті – азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін нақты нәтижелерге қол жеткізу екені атап өтілді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Отырыста саланың ағымдағы жағдайы туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов баяндады. Сондай-ақ Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері тыңдалды. Өз кезегінде Жаслан Мәдиев еліміздің құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер толығымен онлайн-форматқа көшірілгенін хабарлады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Жасанды интеллект жəне цифрлық даму министрлігі Өнеркəсіп жəне құрылыс министрлігімен бірлесіп, құрылыс саласын цифрлық трансформациялау картасын жүзеге асыруда. Құжат процестерді цифрландыру арқылы саланың тиімділігін арттыруға жəне қала құрылысын жоспарлау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Қазіргі таңда  20 бизнес-процесс цифрландырылды. Сондай-ақ электрондық келісімшарттар, құжаттарды автоматты тексеру, цифрлық актілер, API арқылы мониторинг жəне BIM-технологиялар енгізілетін болады. Нəтижесінде, рəсімдердің ашықтығы артып, қызмет көрсету мерзімдері қысқарып, саланың тиімділігі 46%-ға дейін өседі», — деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде құрылыс саласында 54 мемлекеттік қызмет көрсетіледі жəне барлығы онлайн форматта қолжетімді. Бұл азаматтар мен бизнес үшін қызмет алуды жеңілдетеді. Соның ішінде жылжымайтын мүлікке мекенжай беру, жобалауға арналған материалдарды ұсыну, нысандарды кəдеге жаратуға рұқсат беру жəне эскиздік жобаларды келісу бойынша қызметтер аса сұранысқа ие. Негізгі жүктеме жоспарлау жəне жобалау кезеңдеріне тиесілі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қызметтердің 96%-ы электрондық форматта көрсетілді. Бұл саланы цифрландыру деңгейінің жоғары екенін аңғартады.

2026 жылғы 9 қаңтарда 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді. 2025 жылдың соңында Астана қаласында құрылыс барысын компьютерлік көру жəне жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылған болатын. Жыл соңына дейін жобаны кеңінен тарату жоспарлануда. Жүйе жер учаскелерін мақсатсыз пайдалануды жəне қала құрылысы жоспарларынан ауытқуларды ерте кезеңде автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл превентивті бақылау құралын қалыптастырып, құрылыс барысына жедел мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.

«Құрылыстағы бірыңғай цифрлық тəсіл 3 бағытқа негізделген. Деректерді орталықтандыру барлық жүйелерді біртұтас цифрлық экожүйеге біріктіреді. Сəйкестендірудің ашықтығы нысандарға цифрлық паспорттар беруді қамтамасыз етеді. Өзара іс-қимылды автоматтандыру адами фактордың əсерін төмендетеді. Бұл құрылыс саласын басқару тиімділігін арттырады. Сондай-ақ, объектілердің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде бірыңғай деректер негізінде цифрлық басқару моделі енгізілуде. Цифрлық құралдар процестердің ашықтығын арттырып, шығындар мен тəуекелдерді азайтады жəне алдын ала басқаруға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, саланың тұрақты дамуына ықпал жасайды», — деді жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Оның айтуынша, құрылысты цифрландыру саланы барлық қатысушылар үшін тиімдірек, ашық əрі қауіпсіз етеді. Мемлекетке жер мен бюджет қаражатын пайдалануды қадағалау жеңілдейді. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тəуекелдері азаяды. Цифрлық шешімдер бизнеске бюрократияны болдырмауға, рұқсаттарды тезірек алуға жəне дизайн шығындарын азайтуға көмектеседі. Азаматтар үшін бұл цифрлық бақылаудың арқасында құрылыс сапасының артатынын жəне тұрғын үйді сатып алар алдында нысан туралы толық ақпаратты алдын ала білу мүмкіндігінің бар екенін білдіреді.

Astana Hub арқылы құрылыс саласында 32 инновациялық жоба жүзеге асырылуда. Құрылысты басқару, сатып алу-сатуды автоматтандыру, объектілерді мониторингілеу, техниканы басқару жəне еңбек қорғау үшін платформалар енгізілуде. Жобаларды жүзеге асыру нəтижесінде 750 жұмыс орны құрылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қатысушылардың табысы 13 млрд теңгені құрады.

Сообщение Еліміздің құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер толығымен онлайн-форматқа көшірілді появились сначала на Жаңа кезең.

Smart Region: Қостанай облысында 145 өнеркәсіптік робот енгізілді
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Негізгі басымдықтардың қатарында өңірлерді цифрландыруды дамыту және «ақылды қалалар» эталондық стандарттарын енгізу бар, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Қостанай облысы кәсіпорындары цифрлық шешімдер мен автоматтандыру элементтерін белсенді түрде енгізуде. 2025 жылы өңірдің автозауыттарында, тау-кен өндіру және машина жасау кәсіпорындарында 101 өнеркәсіптік робот орнатылды. Қазіргі таңда өндірістік үдерістерде, бұған дейін енгізілген шешімдерді қоса алғанда, 145 роботтандырылған жүйе пайдаланылуда. Мұндай технологияларды қолдану өндіріс тиімділігін арттыруға, технологиялық үдерістердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және өнім сапасын жақсартуға ықпал етеді.

«Бүгінде біздің міндетіміз – жекелеген технологияларды енгізумен шектелмей, Smart Region және цифрлық инфрақұрылымды дамытудың жүйелі тәсілін қалыптастыру. Цифрлық трансформацияның нақты нәтижесін көріп отырмыз – бұл өнеркәсіптегі үдерістерді автоматтандыру, әлеуметтік салада цифрлық сервистерді дамыту және басқару тиімділігін арттыру үшін деректерді пайдалану. Негізгі назар өңір экономикасына өлшенетін нәтиже беретін және тұрғындардың өмір сапасын жақсартатын шешімдерге аударылады», – деп атап өтті Қостанай облысы әкімдігі информатизация, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев.

2025 жылдың жазында өңірде Qostanai Investment Forum өтті. Форум барысында цифрлық трансформация, жасанды интеллектті қолдану және жоғары технологиялық жобаларды дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар инвестиция тарту және облыс экономикасына заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін қарастырды.

Қазіргі уақытта өңірде агроөнеркәсіп кешенінде, көлік инфрақұрылымында және медицина саласында цифрлық шешімдер енгізілуде. Мұндай жобалар басқару сапасын арттыруға және шешім қабылдау кезінде деректерді кеңінен пайдалануға бағытталған. Келесі кезең – табысты цифрлық тәжірибелерді ауқымдау және экономиканың негізгі салалары мен әлеуметтік секторға жасанды интеллект құралдарын енгізу.

Сообщение Smart Region: Қостанай облысында 145 өнеркәсіптік робот енгізілді появились сначала на Жаңа кезең.

Мемлекет басшысы қазақстандық IT-кәсіпкерлерді қабылдады
Мемлекет басшысы қазақстандық IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Higgsfield AI стартапының техникалық директоры Ерзат Дулатпен және MA7 Ventures венчурлік платформасының негізін қалаушы Мұрат Әбдірахмановпен кездесіп, жасанды интеллектіні экономикаға, мемлекеттік басқару ісіне және әлеуметтік салаға жүйелі түрде енгізу, сондай-ақ IT-кәсіпкерлікті, венчурлік және AI-индустрияны дамыту мәселелерін талқылады.

Президент Higgsfield AI стартапының жетістігін жоғары бағалап, елімізде жасанды интеллект саласында жаһандық көшбасшы саналатын компанияның құрылуы зор табыс екенін айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан IT саласындағы компаниялар тез арада іске қосылып, қарқынды түрде дамып, әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет. Бұл – негізгі міндет.

Ерзат Дулат Higgsfield командасының 95 пайызы қазақстандықтардан құралғанын, бұл жастардың әлеуетін танытатынын жеткізді. Сонымен қатар ол AI-индустрияға қажетті кадр даярлау және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру ісінде мемлекетпен серіктес болуға дайын екенін растады.

Мұрат Әбдірахманов венчурлік индустрия мемлекеттердің технологиялық дамуының тетігі саналатынына тоқталды. Бұл орайда Қазақстанның жаһандық венчурлік индустрияның толық қатысушысы болуға мүмкіндігі зор.

Сообщение Мемлекет басшысы қазақстандық IT-кәсіпкерлерді қабылдады появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстан алғашқы халықаралық OpenAI Edu for Countries тобына қосылды
OpenAI компаниясы OpenAI for Countries жаһандық бағдарламасы аясында Edu for Countries бастамасының алғашқы халықаралық тобын іске қосқанын жариялады. Қатысушы елдердің алғашқы легіне Эстония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Грекия және Қазақстан кірді

Қазақстанның бұл бастамаға қосылуы – жасанды интеллектінің білім беру саласына арналған мамандандырылған нұсқасы ChatGPT Edu-ды ұлттық білім беру жүйесіне жүйелі түрде енгізудің басталғанын білдіреді. Осылайша Қазақстан аталған халықаралық бағдарламаға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы ел атанды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Edu for Countries бастамасына қатысу елдің білім беру саясаты үшін стратегиялық маңызға ие. ЖИ-дің оқыту процесіне ықпалы жөніндегі жаһандық пікірталастар жағдайында Қазақстан жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайтынын, керісінше оның кәсіби мүмкіндіктерін күшейтетінін басшылыққа алады. ChatGPT Edu-ді қолдану педагогтердің әкімшілік және әдістемелік жүктемесін азайтуға, сондай-ақ оқыту сапасын арттыруға бағытталған.

Жоба 2025 жылғы 6 қарашада Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына сапары барысында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандумы аясында қол жеткізілген уағдаластық негізінде іске асырылуда. Негізгі келісім OpenAI, Inc., Freedom Holding Corp. және өңірлік серіктес Bilim Group арасында жасалды. Жобаға мемлекеттік бюджет пен сыртқы гранттар тартылмайды – жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұл іскерлік қоғамдастық көрсетіп отырған қолдауды айқындайды.

«Қазақстанның Edu for Countries алғашқы халықаралық тобына қосылуы Жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында жүзеге асуда. Бұл жасанды интеллектіні негізгі салаларға енгізудегі жүйелі тәсілді көрсетеді. ChatGPT Edu-ды педагогтерді қолдаудың және зерттеу ортасын дамытудың практикалық құралы ретінде қарастырамыз. Бағдарлама ұлттық білім беру стандарттарын, қауіпсіздік талаптарын және тең қолжетімділік қағидатын ескере отырып іске асырылады», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

ChatGPT Edu-ды Қазақстанда енгізу аясында елдің білім беру ұйымдарына 165 000 лицензияны тегін беру көзделген, оның ішінде:

100 000 лицензия – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін;

62 800 лицензия – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін;

2 200 лицензия – Astana Hub экожүйесінің қатысушылары үшін.

«OpenAI-мен әріптестікті болашақтың білім беру моделін қалыптастыратын бірегей жоба ретінде қарастырамыз. ChatGPT Edu – оқытушы мен зерттеуші мүмкіндіктерін алмастырмайды, тиісінше күшейтеді әрі ол университеттерге арналған кешенді шешім. Жасанды интеллект адамды алмастыратын құрал емес, сыни түсінік пен оны қолдану мәдениеті болған жағдайда ойлауды күшейтеді. Білім беру мен ғылымда ЖИ оқу материалдарын дайындауды жеделдетуге, студенттермен кері байланыс сапасын арттыруға және зерттеу қызметі үшін жаңа мүмкіндік ашуға мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанда бәсекеге қабілетті, AI-сауатты академиялық ортаны қалыптастырудың маңызды элементі. Қазақстан білім беруді автоматтандыруға емес, адами әлеуетті кеңейтуге басымдық береді. Біз жасанды интеллектіні тек пайдаланатын емес, оны жасайтын мамандарды дайындаймыз», – деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

«Білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуді біз педагог рөлін күшейтудің стратегиялық қадамы ретінде қарастырамыз. Жасанды интеллект мұғалімге тән емес бірқатар міндеттерді өз мойнына алып, оның көмекшісіне айналады. ChatGPT Edu сияқты құралдар педагогтердің интеллектуалдық көмекшісі болып, мүмкіндіктерін кеңейтеді және әрбір білім алушының жеке қажеттілігіне сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жасанды интеллект дайын жауап көзі емес, ойлауды, жауапкершілікті және цифрлық мәдениетті дамытуға арналған ресурс. Ол дайындық деңгейі әртүрлі білім алушыларға арналған сараланған оқу материалдарын жедел әзірлеуге, кері байланыстың тиімділігін арттыруға және заманауи технологиямен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Қазақстан үшін ЖИ-дің пассивті тұтынушыларын емес, онымен саналы, сыни және жасампаз түрде әрекеттесе алатын ұрпақты тәрбиелеу ерекше маңызды. Біздің мақсатымыз – адами әлеуетті дамыту және болашақтың сын-қатерлеріне дайын білім беру ортасын қалыптастыру», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ж. Сүлейменова.

ChatGPT Edu педагогтерге тапсырмалар мен тестті, оқу материалдарын әзірлеуге, контентті білім алушылар деңгейіне бейімдеуге, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде материалдар дайындауға арналған құралдарды ұсынады. Жұмыстарды тексеру кезінде жүйе кері байланысу мен бағалау критерийлерін қалыптастыруда пайдаланылуы мүмкін, алайда бағалауға қатысты барлық шешімдер оқытушы құзыретінде қалады.

2026 жылғы қаңтардан бастап OpenAI мамандарымен бірлесіп ChatGPT Edu-ды білім беру, әкімшілік және зерттеу қызметінде қолдану бойынша тұрақты оқыту ұйымдастырылады. Бұл ЖИ-ді пайдалануда бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етуге және педагогтердің цифрлық әрі AI-сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Білім беру ұйымдары үшін ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жұмыс кеңістігі қарастырылған.

Сообщение Қазақстан алғашқы халықаралық OpenAI Edu for Countries тобына қосылды появились сначала на Жаңа кезең.

Үкіметте денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселесі талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Кездесу барысында медициналық көмектің сапасына тікелей әсер ететін нақты басымдықтар талқыланды. Атап айтқанда, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайту, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және деректермен жұмыс істеу арқылы саланы тиімді басқару мәселелері қаралды.

Медициналық қызмет сапасы мен көлемін жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы бақылау жүйесін құру міндетін бұған дейін Мемлекет басшысы өз Жолдауында белгілеген болатын.

Цифрлық трансформация аясында қолданыстағы ақпараттық жүйелерді шоғырландыру, сондай-ақ Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені (БММАЖ) және медициналық деректердің бірыңғай қоймасы – Smart Data Healthcare жүйесін дамыту жоспарлануда. Аталған платформа денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы ақпараттық жүйелердегі (соның ішінде жеке медициналық ақпараттық жүйелердегі) мәліметтерді біріктіріп, деректерге негізделген кешенді талдау, болжау және басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Азаматтар үшін бұл медициналық қызметтерді түсінікті ете түседі: оларда өздерінің электрондық денсаулық паспортына қол жеткізу, тағайындауларды, көрсетілген қызметтерді және емдеу тарихын «деректерді пациенттің өзі бақылайды» қағидаты бойынша цифрлық форматта қадағалау мүмкіндігі пайда болады.

Сервистерді ыңғайлы ету мақсатында барлық шешімдер QazTech платформасында орналастырылып, eGov жүйесімен біріктіріледі. Бұл азаматтарға артық анықтамасыз немесе кезексіз, медициналық қызметке жылдам әрі оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау жүйесі үшін негізгі міндеттердің бірі – деректерді қорғау және бұрмалаудың алдын алу. Медициналық ұйымдарда пациенттердің нақты келуін тіркейтін faceID тетіктері енгізілген. Енді оны екі тәсілмен: eGov Mobile қосымшасы арқылы немесе биометриялық сәйкестендіру көмегімен растауға болады.

Сонымен қатар өткен жылдан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасы жүзеге асырылуда. Оның аясында азаматтар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберіндегі кепілдендірілген дәрілік заттар пакетін ала алады. Қызмет 700-ден астам мемлекеттік дәріхананы қамтиды (17 млн рецептінің 13,9 млн-ы «Әлеуметтік әмиян» жобасының цифрлық тетігі арқылы рәсімделген). Биыл бұл тәжірибені қосымша төлем тетігін пайдалана отырып, жекеменшік дәріханаларда да кеңінен қолдану жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, медициналық қызметтерге ваучер алу мүмкіндігін енгізу көзделуде. Бұл азаматтар үшін медициналық көмек алу процесін одан әрі ашық әрі ыңғайлы етеді.

Цифрлық шешімдер кезең-кезеңмен енгізіледі. Негізгі мақсат – азаматтарға нақты нәтиже ұсыну және дәрігерлер мен жалпы денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені азайту.

Сообщение Үкіметте денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселесі талқыланды появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстанда мобильді алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтілуде
Қазақстанда азаматтарды мобильді және интернет-алаяқтықтан қорғауға бағытталған жаңа тетіктер енгізілуде. Қабылданып жатқан шаралар байланыс саласындағы қауіпсіздікті арттырып, алаяқтық әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Негізгі жаңашылдықтардың бірі – ұялы байланыс операторларының Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен тұрақты өзара іс-қимылы.

Бұл алаяқтық мақсатта пайдаланылатын телефон нөмірлерін дер кезінде анықтап, жедел бұғаттауға жол ашады. Күдікті қоңыраулар мен хабарламалар тіркелген жағдайда, операторлар абонент туралы мәліметтерді Антифрод-орталыққа жолдап, тексеру жүргізеді. Алаяқтық белгілері расталса, нөмір бірден бұғатталып, байланыс қызметі тоқтатылады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар абоненттік нөмірлерді рәсімдеу тәртібі нақтыланды. Бір адамға жеке және отбасылық қажеттіліктер үшін онға дейін SIM-картаны тіркеуге мүмкіндік беріледі. Бұдан артық нөмірлерді рәсімдеу тек нақты негіздеме болған кезде және олардың қандай құрылғыларда пайдаланылатыны көрсетілген жағдайда жүзеге асырылады. Бұл шешім нөмірлерді жаппай тіркеу арқылы жасалатын алаяқтық схемалардың жолын кесуге бағытталған.

Абоненттерді сәйкестендіру талаптары да күшейтіледі. Енді SIM-карталарды рәсімдеу биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана мүмкін болады. Бұл талап бизнес құрылымдарға да қатысты: қызметтік мақсатта SIM-карта берілетін барлық қызметкерлер жеке басын растауы тиіс. Мұндай тәсіл телефон нөмірлерін жасырын пайдалануды болдырмай, олардың заңды әрі жауапты қолданылуын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті министрлікте.

Міндетті биометриялық сәйкестендіру SIM-карталардың делдалдар арқылы заңсыз сатылу мәселесін де шешуге мүмкіндік береді. Нөмір қай жерде сатып алынғанына қарамастан, байланыс қызметі абоненттің жеке басы расталғаннан кейін ғана іске қосылады.

Жалпы алғанда, аталған шаралар телекоммуникация саласында ашық әрі қауіпсіз ортаны қалыптастырып, азаматтарды қаржылық және цифрлық алаяқтықтан қорғауға бағытталған.

Сообщение Қазақстанда мобильді алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтілуде появились сначала на Жаңа кезең.

85 спорт федерациясы ұлттық E-sport жүйесіне қосылды
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында дене шынықтыру және спорт саласын цифрландыру барысы туралы баяндама жасады

Спорт саласындағы басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында министрлік «E-sport: дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» атты ақпараттық жүйені енгізіп жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жобаның бірінші кезеңінде пилоттық режимде үш негізгі модуль іске қосылды:

спортшылар, жаттықтырушылар және төрешілердің электронды паспорты;

спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электронды күнтізбесі;

спорт ғимараттарының бірыңғай тізілімі.

«Қазіргі уақытта жүйе тестілеуден өтуде. Онда 85 спорт федерациясы мен 50 ұйым жұмыс істейді», – делінген хабарламада.

Екінші кезеңде қосымша модульдерді әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарына мыналар кіреді:

жарыс хаттамаларын электронды форматта жүргізу;

статистикалық деректерді қалыптастыру және есепке алу;

мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оларды проактивті форматқа көшіру.

Жоба отандық спорттың бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған. Бұл спорт саласындағы ақпаратты бір арнаға біріктіруге, басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға және азаматтар үшін спорт қызметтерінің қолжетімдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Туризм және спорт министрлігі саланың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың спорт жүйесімен өзара іс-қимылын барынша ыңғайлы етуге бағытталған цифрлық трансформация бағытын жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Сообщение 85 спорт федерациясы ұлттық E-sport жүйесіне қосылды появились сначала на Жаңа кезең.

VoWiFi технологиясы қашан іске қосылады?
Қазақстанда 2026 жылы кез келген қолжетімді Wi-Fi желісі арқылы дауыстық қоңыраулар жасауға және қабылдауға мүмкіндік беретін VoWiFi технологиясы жаппай іске қосылады деп күтілуде, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Мұндай инновациялық шешімді енгізу интернет нашар жерлердің проблемасын, яғни тұрғын және кеңсе ғимараттарының ішінде ұялы сигналы әлсіз аймақтарды жоюға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында ұялы байланыс компанияларының өкілдері хабарлады.

«VoWiFi технологиясы Wi-Fi арқылы дауыстық қоңыраулар шалуға мүмкіндік береді. Біз қызметкерлеріміздің арасында оны пилоттық режимде сынақтан сәтті өткіздік. Келесі жылы бұл технология жаппай қолжетімді болады», — деп атап өтті «Кар-Тел» компаниясының атқарушы директоры Евгений Настрадин.

Отырыста нарық қатысушылары атап өткендей, интернет нашар жерлердің проблемасы халықтың 99%-ы 4G байланысымен қамтылғанына қарамастан өзекті болып қала бермек. Негізгі себеп – қаладағы қарқынды құрылыс жұмыстары, өйткені, жаңа ғимараттар сигналдарды жауып тастайды, сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған базалық стансаларды алып тастауға тура келетін жағдайлар да жиі кездеседі.

Сообщение VoWiFi технологиясы қашан іске қосылады? появились сначала на Жаңа кезең.