Архивы Politics - Жаңа кезең

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысын өткізді
Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды. Президенттің айтуынша, қазіргі өзгерістер XIX-XX ғасырлардағы индустриялық революциямен салыстыруға келмейді. Өйткені оның жылдамдығы мен ауқымдылығы соншалық, физикалық болмыс пен цифрлық кеңістік арасындағы шекара жойылып барады.

– Жасанды интеллект жаһандық экономиканың басты арқауы, ал үлкен деректер қоры аса маңызды ресурс санала бастады. Сондықтан Қазақстан жасанды интеллектіні аса маңызды стратегиялық бағыт ретінде қарастырады. Алдымызға Қазақстанды заманауи цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде өршіл мақсат қойдық. Тиісті институционалдық алғышарттар мен базалық инфрақұрылым қалыптасты. Енді жасанды интеллект технологиясын экономиканың барлық саласына енгізуіміз қажет. Бұл ретте «технологиялық сақтық шараларын» басшылыққа алып, ұлттық мүддені де ұмытпаған жөн, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, жаңа технологиялық парадигмаға көшу үшін қазіргі жағдайға объективті, шынайы баға беру қажет.

– Цифрлық экономика туралы тұжырымдама әлі толық жасақталмаған, қолданыстағы әдістеме бір ізге түспеген. Ішкі жалпы өнімді бес пайызға жеткізу туралы айтқанда, нақты экономика секторындағы өсім мен инновация нәтижесіндегі табыстың ара жігін ажырата білу керек. Жалпылама көрсеткіштер көбіне жұмыстың тиімділігін емес, алдамшы көрініс қалыптастырып жатады. Сондықтан бұл цифрландыру мен жасанды интеллектінің ел экономикасына қосқан нақты үлесін бағалауға мүмкіндік бермейді. Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікпен бірлесіп, цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізгені жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Президент әлемдік деңгейдегі жетекші зертханалардың соңғы деректеріне сүйене отырып, дамыған және дамушы экономикалар арасындағы алшақтық тез ұлғайып келе жатқанын атап өтті.

– Жасанды интеллектінің бір ерекшелігі – капитал да, технология да көшбасшылардың қолына шоғырланады. Уақтылы әрі батыл шешім қабылдамаса, ертең «технологиялық алшақтықты» қысқарту қиынға соғады. Бұл – Қазақстан үшін алаңдатарлық ахуал. Қазіргі жағдайды егжей-тегжейлі саралап, нақты интеллектуалдық өнімдер жасауға қабілетіміз қаншалықты жететінін анық түсіну керек. Еліміз классикалық «Орта табыс дағдарысына» тап болды деген сарапшылардың пікірімен келіспеске амал жоқ. Мұндай кезде табиғи ресурстар мен арзан жұмыс күші секілді дәстүрлі ресурстар сарқыла бастайды, ал экономикалық өсімге серпін беретін жаңа салалар тиісті деңгейде дамымайды немесе іске қосылмайды. Экономиканың тұралауына жол бермеу үшін үлкен цифрлық платформалар құру қажет. Сол арқылы цифрлық экономикаға жедел ауысу амалын іздеген дұрыс. Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ. Осы орайда мемлекеттік сервистерді көзге көрінбейтін, бірақ өте тиімді операциялық жүйеге трансформациялау керек. Сонда шамадан тыс бюрократиялық талаптардан құтыламыз. Қазіргі жүйе бойынша сұраныс жіберуден бастап шешім қабылдауға дейінгі аралыққа бірнеше күн немесе бірнеше апта кетеді. Негізі, аталған цикл бірнеше секундқа дейін қысқаруға тиіс. Сол кезде елдегі капитал айналымы жеделдей түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, цифрлық экономиканың әлемдік ІЖӨ-дегі үлесі 15 пайыздан асқан. Бұл жаһандық бәсекенің тауар нарығынан дерекқор мен стандарттар нарығына қарай ойысқанын анық көрсетеді.

– Бүгінгі өзгерістердің әсерін еліміз әлі толық сезіне қойған жоқ. Өткен айда Қазақстан бірыңғай кедендік рәсімдеу платформасына өтті. Енді декларация толтыру уақыты бір минуттан аспайды, құжаттардың басым бөлігі автоматты түрде қаралады. Сонымен қатар Smart Cargo ұлттық логистика платформасы жасалып жатыр. Ол 127 дерек көзіне тікелей қосылады. Тұғырнама адал жұмыс істейтін компанияларға шекарадан тез арада өтуге мүмкіндік береді. Салық саласында да түбегейлі өзгерістер орын алды. Салықтық әкімшілендірудің біртұтас жүйесі құжаттарды өңдеу уақытын бір сағаттан бір минутқа дейін қысқартып, екі миллион салық төлеушінің сервисті пайдалануын жеңілдетті. Smart Data Finance платформасының іске қосылуы – елеулі жетістіктердің бірі. Жүйе мобильді аударымдардан бастап ұшақпен сапарлауға дейінгі әрекеттердің бәрін қамтитын 78 дереккөзден аналитикалық мәлімет жинайды. Бюджетке онлайн-мониторинг жасау жүздеген миллиард теңге тәуекелі бар төлемдердің алдын алады. Ұлттық тауарлар каталогына 23 миллионнан астам өнім түрі енгізілді. Осы арқылы мемлекеттік сатып алулардың болжамдық-талдамалық моделі жасалып, жыл сайын 200 миллиард теңгеден астам қаржыны үнемдеуге болады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру заман талабы екенін айтты. Бұл ретте Президент Біріккен Араб Әмірліктері қолма-қол төлемсіз экономикаға көшуді жоспарлап отырғанын мысалға келтірді. Қытайдан да үлгі алуға болады. Көршілес ел жыл сайынғы триллион доллар транзакцияларды цифрлық платформада өңдеу ісін жолға қойды.

– Қазақстан да бұл бағытта оң нәтижеге қол жеткізді: еліміздегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 80 пайыздан асты. Осы жиынға қатысып отырған отандық фин-тех компаниялар кәсіби деңгейлері жоғары екенін көрсетті. Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді. Өйткені бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етіп, транзакция үшін алынатын комиссиялық төлемдердің шығынын қысқартады. Бұл Қазақстанның дүние жүзінен көбірек капитал тартып, жетекші инвестициялық және қаржылық орталыққа айналуына көмектесуге тиіс. Былтыр елімізде алғаш рет цифрлық активтер мен криптовалютаны реттейтін құқықтық база қалыптасты. Жылжымайтын мүлікті, алтынды, ірі өндіріс кәсіпорындарының акцияларын және басқа да активтерді токенизация жасауға мүмкіндік пайда болды. Мақсатымыз – аймақтағы жетекші криптохабқа айналу. Үкімет пен Ұлттық банк цифрлық активтерді дамытудың басты бағыттарын бекіткені жөн. Бұл – шұғыл міндет, уақыт күтпейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент «нақты уақыт экономикасына» көшу өте маңызды екеніне назар аударды. Себебі дәстүрлі жүйеде мемлекет үнемі «ізінен қуып» отырады.

– Мысалы, бюрократиялық рәсімдер мен бітпейтін келісулер қаржының тиімділігін 30 пайызға дейін азайтады. Тексеріс салық жинау кезеңінің қорытындысы бойынша жүргізіледі. Ал ол кезде бюджет қаржысы әлдеқашан игеріліп қояды. Жасанды интеллект арқылы күшейтілген платформалық тәсіл бұл ретте едәуір алға озуға жағдай жасайды. Атап айтқанда, үздіксіз предиктивті мониторинг мақсатсыз немесе күмәнді транзакцияларды алдын ала анықтайды. Бұл ретте тек мемлекет ресурсына сенім арту стратегиялық тұрғыдан қате екенін ескерткім келеді. Қабылданған платформалық шешім жеке капиталдың бәсекеге қабілеттілігін сақтайтын басты құрал болуға тиіс. Негізгі міндет – осындай институционалдық орта қалыптастыру. Үкімет бизнесті ынталандыратын нақты ұсыныстар енгізуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру тиімділігін арттыру үшін өлшемді көрсеткіштер қажет екенін еске салды.

– Есепсіз немесе көзге көрінбейтін дүниені басқару қиын. Сондықтан Үкімет көп созбай, ведомстволар деңгейіндегі жағдайға базалық есеп жүргізетін жүйені қолданысқа енгізгені жөн. Бұған салғырт қарауға болмайды, жұмысты кешіктірмеу керек. Цифрландыру мен мемлекеттік жобалардың пайдасын жан-жақты зерделеу қажет. Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясы аясында «ізашар жобаларды» іріктеп шығарды. Оларды мұқият сараптап, экономикаға тікелей әсерін анықтау керек. Жалпы, қай салада болсын, түпкі нәтижеге жету үшін әркім жеке жауапкершіліктен қашпауы қажет. Бізде басқа таңдау жоқ: не тиімді цифрлық экономика құрамыз, не өркениет көшінің соңында қаламыз. Басқаша айтқанда, «не боламыз, не бордай тозамыз», – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, зияткерлік капиталды күшейтіп, еңбек өнімділігін арттырмаса, тек демографиялық өсім бәсекеге қабілетті ел болуға кепілдік бермейді.

– Кеңестің осыған дейінгі отырысында қабылданған шешімге сай биыл Орталық Азиядағы алғашқы Жасанды интеллект университеті ашылады. Шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік құру арқылы іргелі және қолданбалы ғылымды дамытуды қолға алдық. Бірнеше жобаның тізімі жасалды. Олар барынша жедел таратылуға тиіс. Үкімет қысқа мерзім ішінде «ғылымнан нарыққа дейінгі» кезеңдерді түгел қамтитын тізбек жасауы керек. Алдымызда қолданбалы әзірлемелерді тез арада коммерцияландыру, салықтық ынталандыру және келешегінен көп үміт күттіретін жобаларды бірлесе қаржыландыру құралдары қарастырылған толыққанды венчурлық экожүйе қалыптастыру міндеті тұр. Мұндай пәрменді тетік болмаса, ғылыми әлеуетіміз тек академиялық ортамен шектеліп қалады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент сенімді инфрақұрылымды цифрлық экономиканың тағы бір берік тұғыры ретінде атады. Бұл – технологиялық дербестіктің алғышарты. Оның маңызы энергетика немесе логистика саласынан кем түспейді.

– Есептеу қуатын, деректерді және байланыс арналарын бақылауда ұстау айрықша өзекті. Қазіргі заманда мұны өзгелерден тәуелсіз болудың бұлжымас қағидасы десек, артық айтқандық емес. Бізге жасанды интеллект пен «бұлтты» технология қызметтеріне арналған инфрақұрылымдық базаны дамыту керек. Осы бағыттағы басты жоба – «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру ісін жүйелі жүргізу қажет. Бұл – алдағы уақытта экономикамыздың жаңа индустриялық тірегіне айналатын ауқымды кластер. Мұндай орталықтар кәсіпкерлер мен ғалымдарды есептеу ресурстарымен қамтамасыз етеді. Сенімді цифрлық инфрақұрылым еліміздің стратегиялық активіне айналуға тиіс. Үкімет «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын мұқият пысықтауы қажет. Бұл ретте халықаралық стандарттар және осы саладағы жетекші компаниялар бекіткен талаптар ескерілуге тиіс. Ең бастысы, бұл аса маңызды жоспар еліміздің сұранысына сай және заманауи озық үрдістерді ескере отырып жасалғаны жөн. Дата-орталықтар – сәнді цифрлық технологиялар көрмесі емес, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздік жіті қадағаланбаса, кез келген инфрақұрылым сыр беретінін мәлімдеді.

– Ұлттық технологиялық өнімнің бәріне қауіпсіздік стандарттарын енгізу керек. Дербес деректерді қорғау міндеті Конституцияда нақты бекітілді. Сондықтан бұл жұмыс құпиялық, тұтастық, қолжетімділік қағидаттарына негізделуі қажет. Мемлекеттік цифрлық қызметтердің тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуі – басты талаптың бірі. Ашықтық, жаһандық интеграция және ұлттық мүдде арасындағы теңгерімді сақтау – айрықша маңызды. Мемлекет осы жұмысты тиімді ұйымдастырғаны дұрыс. Цифрлық қауіпсіздік мәселесі виртуалды кеңістік ауқымынан әлдеқашан шығып кетті. Таяу Шығыстағы оқиғалар жаһандық тәртіптің осал тұстарын айқындап берді. Өкінішке қарай, бүгінде дамыған елдердің цифрлық инфрақұрылымына қатер төніп тұрғаны жасырын емес. Мұндай жағдайда халықаралық бизнеске қауіпсіздік ауадай қажет. Жаһандық технологиялық қауымдастық үшін институттар мен құқықтық жүйенің тұрақты, ал цифрлық инфрақұрылымның сапалы болғаны өте маңызды. Қазақстанды «цифрлық хабқа» айналдыру жөнінде міндет қойдық. Демек осы талаптың үдесінен шыға білу қажет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге әлемнің әр түкпірінен білікті мамандар шақыру және инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

– Қазақстанды жайлы аймақтық хаб ретінде таныту үшін көші-қон үдерістері оңтайландырылып жатыр. Оның бәрі толық цифрлық форматқа көшіріледі. Таяуда қолданысқа енгізілген «Алтын виза» осы бағыттағы елеулі шешімдердің бірі болды. Бұл визаның иегерлері ұзақ уақыт бойы еліміздің резиденті бола алады. Артық әкімшілік жүктемеден босатылады. Оларға едәуір салық жеңілдігі беріледі. Бағдарламаға қатысушылардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан азаматтарымен бірдей сапалы білім алуға, медициналық қызметті пайдалануға мүмкіндігі болады, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні тиімді қолдану үшін деректерге бағдарланған басқару моделін енгізу керек деп санайды.

– Жүйеленген деректер – жасанды интеллектіні дамытудың экономикалық негізі. Мұндай деректер технологияның әлеуетін пайдаланып, өнімділікті арттыруға жол ашады. Осы ретте тіл бүкіл жүйені біріктіретін басты құрал болуға тиіс. Ең алдымен, қазақ тілін заманауи цифрлық жүйелерге толық кіріктіру керек. Сонда ғана деректерді құрылымдап, инновацияны барлық салаға енгіземіз. Ортақ деректер жинақталып, өзара үйлесімді және машина оқи алатындай форматта болуға тиіс. Әйтпесе, ең мықты алгоритмнің өзі дұрыс жұмыс істемейді, оның еш пайдасы болмайды. Қазір аса құнды ақпараттың көбі архивтерде шаң басып жатыр. Оның бәрін цифрлық форматқа көшіру қажет. Біз уақыттан ұтылып, мүмкіндікті пайдалана алмай жатырмыз. Үкімет жасанды интеллект үлгілерін оқыту үшін архивтердегі және қолданыстағы мәліметтерді сапалы деректер торабына жинақтауға тиіс. Бұл жұмысқа дереу кіріскен жөн. Бұдан бөлек, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі деректер сапасын айқындайтын ұлттық стандартты бекітуі керек. Ол экономика, ғылым және бизнес өкілдеріне қолжетімді болғаны абзал. Жалпы, деректерге бағдарланған басқару үлгісіне толық көшу үшін Үкімет мемлекеттік бағдарламалардың нормативтік базасы мен мазмұнын қайта қарап шығуға тиіс. Мәліметтерді жүйелеп, «деректер қоймасы» деп аталатын бірыңғай желіге кіріктіру маңызды. Жұмыстың тиімділігі соған қарап бағаланады. Біз осы бағытта шұғыл шараларды қолға алмасақ, салынған инвестиция құмға сіңген судай жоқ болады, – деді Президент.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің стратегиялық маңызы моделдің ауқымына қарай емес, керісінше экономиканың нақты секторымен қаншалықты үйлесім тапқанына байланысты анықталатынын айтты.

– Шын мәнінде, парадигмалар түбегейлі өзгеріп жатыр. Жасанды интеллектіні нақты уақыт режимінде пайдалану өсімнің басты факторы санала бастады. Сондықтан бізге деректерді, үдерістер мен адамдарды біріктіретін біртұтас жүйе құру қажет. Осындай негіз қалыптасқанда ғана пилоттық шешімдермен шектелмей, жасанды интеллектіні экономиканың барлық секторына енгізуге жол ашылады. Жаһандағы технологиялық жарыста бірде бір ел өз бетінше жасанды интеллект әлеуетін толық пайдалана алмайды. Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес, ең алдымен, экономика және цифрлық платформа саласында келісілген тәсілдер әзірлеп, озық тәжірибелермен алмасу үшін құрылды. Осыған орай Кеңестің келесі отырысында жасанды интеллектіні өнеркәсіпке енгізу мәселесін қарастыру қажет деп ойлаймын. Өйткені өндіріс – қосылған құны жоғары өнім өндіретін және жаңа технологияны сынап көретін ең басты алаң. Бұл орайда тау-кен кешені, энергетика, агроөнеркәсіп секторы, логистика салаларындағы өнімділікті арттыру, шығынды азайту және басқару тиімділігін жетілдіру мәселелеріне баса мән беруді ұсынамын. Индустриялық деректерді дамытып, өндірістің цифрлық телнұсқаларын енгізу, сондай-ақ процестерді жаппай автоматтандыру арқылы біз стратегиялық мақсаттардың пікірталас күйінде қалмай, нақты іске ұласуына мүмкіндік жасаймыз, – деді Президент.

Жиында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Sinovation Ventures және 01.ai бас директоры Ли Кай Фу, Cambrian Futures бас директоры Олаф Дж. Грот, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Абу Дабидегі Халифа ғылым және технология университетінің профессоры Меруан Дебба, Тьюринг сыйлығының лауреаты Джон Хопкрофт, БҰҰ-ның «Игілікке арналған ЖИ» бастамасы атқарушы кеңесінің төрағасы Әл Мазруи Эбтесам және Oxford Insights бас директоры Ричард Стирлинг сөз сөйледі.

Сообщение Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысын өткізді появились сначала на Жаңа кезең.

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бағыттайды
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу желілері мен ЖЭО жабдықтарын жөндеуге резервтен шамамен 1,8 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Қаражат қаланы жылумен қамту сенімділігін арттыруға және инфрақұрылымды 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға жұмсалады. Бөлінген қаржы жылу желісінің тозығы жеткен 12 учаскесіне, сондай-ақ Риддер ЖЭО-дағы №5 және №6 қазандық агрегаттарында күрделі жөндеу жобаларын аяқтауға бағытталады.

Жұмыстарды жүргізу қажеттілігі техникалық тексеру нәтижелерімен расталды. Мамандар жылу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін учаскелер мен жабдықтарды анықтады. Өткен жылыту маусымы барысында жекелеген учаскелерде зақымданулар мен тозу белгілері анықталып, оларды жоспарлы түрде жаңарту қажеттілігі дәлелденді.

Қазандық агрегаттары мен жылу желілерін жөндеу жылу жүйесінің тұрақты жұмысын арттырып, қала тұрғындарын жылумен қамтудың сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сообщение Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бағыттайды появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстанда өрт жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр
Елімізде табиғи өрттердің алдын алу және халықты қорғау бойынша белсенді жұмыс өрт қауіпті кезеңге дейін басталып кетті. Ол үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Экология министрлігі, әкімдіктер және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп кешенді шаралар қабылдады. Бұрынғыдай, өрттің алдын алуға және оны ерте анықтауға басты назар аударылды. Республикалық жедел штаб жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, үйлестіру ТЖМ-ның цифрлық сервистері шоғырланған Ахуалдық залының техникалық мүмкіндіктері арқылы жүзеге асырылады.

«Мұнда өртті ерте анықтау және космомониторинг жүйелерінің деректері арқылы өрт жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Қосымша «Табиғат» жүйесі, найзағай бағыттау сервистері және «Төтенше жағдайлардың геоақпараттық жүйесі» қосылды. Орман алқаптары бар өңірлерде әуе кемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Өрт қауіпті жағдайды бақылау үшін аэрокөзбен шолып зерттеулер жүргізілуде, ұшқышсыз ұшу аппараттары іске қосылды. Жыл сайынғы тәжірибе бойынша орманшылықтарда механикаландырылған күзет ұйымдастырылды», – деді спикер.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламаны іске асыру жалғасуда. Бағдарлама жұмыстың басым бағыттарының біріне айналды және шалғайдағы елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. Еліміз бойынша 169 өрт сөндіру пункті құрылып, олардың күшімен 900-ге жуық өрт жойылды.

Азаматтық қорғау академиясында орман күзетінің, өрт сөндіру станцияларының және әуе қызметінің 360 басшысы оқытылды. Мамыр айында Қостанай облысында «Өрт-2026» республикалық оқу-жаттығуы жоспарланған. Табиғи өрттердің шектес мемлекеттердің аумағынан ықтимал өтуі қаупі төнген кезде өзара іс-қимылды пысықтау үшін мемлекеттік шекара арқылы авариялық-құтқару құралымдарын оңайлатылған өткізуді пысықтай отырып, трансшекаралық оқу-жаттығулар көзделген.

Сонымен қатар табиғатты қорғау және орман мекемелерімен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде. Орманды дала алқаптарында профилактикалық рейдтер мен патрульдеу басталды. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 12,8 млн теңгеге 645 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сообщение Қазақстанда өрт жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстанда жол сапасын бақылау үшін дрондарды енгізу жоспарлануда
Қазақстанда автомобиль жолдарының жай-күйін бақылауға арналған жаңа буын ұшқышсыз ұшатын аппарат сынақтан өтті. DJI Matrice 400 дронының лазерлік лидармен жабдықталған мүмкіндіктері Ақмол – Воздвиженка – Талапкер облыстық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде көрсетілді. Бұл жаңашылдық жол төсеміндегі ақауларды автоматтандырылған түрде анықтауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Құрылғының технологиялық базасы тексеру процесін айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді. LiDAR және mmWave-радарын пайдалану арқылы жолдың беткі қабаты сканерленіп, тегіс емес жерлер мен зақымданулар нақты уақыт режимінде тіркеледі.

Деректерді жинау процесі барынша автоматтандырылған. Оператор ұшу аймағын белгілегеннен кейін дрон маршрутты өздігінен құрастырады. Жүйе O4 Enterprise Enhanced деректерді беру технологиясымен жабдықталған, бұл тұрақты байланысты және заманауи бағдарламалық қамтамасыз етумен, соның ішінде жасанды интеллект элементтерімен тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Интеллектуалды анықтау, көрінетін және жылу арқылы түсірілім жасау, сондай-ақ AR-визуализация функциялары қолжетімді. Бұл күрделі метеорологиялық жағдайларда және көру мүмкіндігі төмен кезде де тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дрон қатты жел жағдайларына бейімделген, бұл ашық дала өңірлері үшін аса маңызды.

Осындай технологияларды енгізу жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және автомобиль жолдарының сапасын жақсарту үшін стратегиялық маңызды қадам ретінде қарастырылады. Ерте диагностика ақауларды қауіпті деңгейге жетпей тұрып жоюға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта бұл технологияны автожолдардың жай-күйін кешенді диагностикалау үшін қолдану мүмкіндігі қарастырылуда. Ол ақауларды автоматты түрде анықтап қана қоймай, олардың көлемін де дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Сообщение Қазақстанда жол сапасын бақылау үшін дрондарды енгізу жоспарлануда появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстан мен Израиль президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі екі ел делегациясының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Израильдің сан қырлы байланыстары ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқанын атап өтті.

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елдеріміз арасында достық қарым-қатынас орнады. Израиль Мемлекеті Қазақстанның егемендігін алғашқылардың бірі болып мойындады. 1993 жылы дипломатиялық өкілдіктерімізді аштық. Содан бері белсенді саяси диалог қалыптасты. Сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықта елеулі жетістіктерге қол жеткіздік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, Ибраһим келісімдері өңірлік тұрақтылыққа, сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға берік негіз қалайды.

– Өзіңізге мәлім, Қазақстан бұған дейін қабылдаған шешімін ұстанады. Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімін таяу келешекте Астанада ұйымдастыруға болады деп есептейміз. Сонымен қатар жасанды интеллект және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз. Биыл Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрландыру жылы болып жарияланды. Мен бұл мәселеге айрықша мән беремін, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Ицхак Герцог Қазақстан мен Израиль арасындағы әріптестік қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

– Президент мырза, Қазақстан толеранттылық пен конфессияаралық диалогтың бірегей үлгісін көрсетіп отыр. Сол үшін Сізге алғыс айтамын. Сонымен қатар екі ел арасындағы іскерлік байланыстар мен тауар айналымын арттыруға мүмкіндік мол екеніне назар аударғым келеді. Бұл бағытта нақты шаралар қабылдай аламыз. Атап айтқанда, біз тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделіміз. Ол іскерлік және сауда қатынастарына оң ықпал етеді. Бұдан бөлек, екіжақты құқықтық-келісімшарт базасын кеңейтуге ниеттіміз. Қазіргі кезде бірқатар келісім, соның ішінде қосарланған салықты алып тастау туралы уағдаластық пысықталып жатыр, – деді Израиль Президенті.

Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар тұрақты саяси диалогты жалғастыруға, барлық деңгейдегі ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ бірлесе күш жұмылдыра отырып серіктестікті жаңа әрі сапалы кезеңге шығаруға келісті.

Сообщение Қазақстан мен Израиль президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді появились сначала на Жаңа кезең.

Үкіметте мемлекеттік органдардың киберқауіпсіздік саласындағы жай-күйі талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен еліміздің киберқауіпсіздігін нығайту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Жиын Мемлекет басшысының Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Онда жаңартылған Конституцияда адамның дербес деректерін қорғау құқығы тікелей жазылғанына, ал Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері тұрғысынан киберқауіпсіздік мәселелері стратегиялық маңызға ие болғанына ерекше назар аударылды.

Салалық министрліктер, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі қатысқан кездесу барысында киберқауіпсіздік саласындағы жүйелі іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп ұсынылды.

Негізгі өзгерістердің қатарында ірі деректер базасының (100 мыңнан астам жазба) операторлары үшін міндетті биометриялық сәйкестендіруді енгізу бар.

Кеңес шеңберінде мемлекеттік жүйелердің қорғалуына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға жасалған аудит нәтижелері ерекше назар аударуды және қорғанысты күшейтуді талап ететін бірқатар жүйелі осал тұстарды анықтады.

Кеңес қорытындысы бойынша азаматтардың цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді Бірыңғай мониторинг жүйесіне қосу жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қаржы секторы мен микрокредиттік ұйымдарда дербес деректерді қорғауды күшейту қажеттілігі бөлек тармақ ретінде атап өтілді.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары салалық ведомстволарға барлық тапсырмалардың орындалуына қатаң бақылау жүргізуді тапсырып, киберқауіпсіздік – Қазақстанның цифрлық трансформациясының іргелі шарты екеніне назар аудартты.

Сообщение Үкіметте мемлекеттік органдардың киберқауіпсіздік саласындағы жай-күйі талқыланды появились сначала на Жаңа кезең.

Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді
Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған міндеттері аясында «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасының қазіргі жағдайы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Жиында атқарылып жатқан жұмыстар туралы  Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин баяндады.

Павлодар облысының Екібастұз қаласында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жер учаскелері айқындалып, негізгі келісімдер жасалды, сондай-ақ қуаты 215 МВт болатын қосалқы станса сатып алынды. Аталған шаралар жобаның энергетикалық инфрақұрылымының негізін қалыптастырады.

Кеңес барысында инвесторлар үшін одан әрі қажетті жағдай қалыптастыру аясында энергиямен жабдықтаудың жеңілдетілген тарифтік моделі бекітіліп, тиісті инвестициялық және салықтық преференциялар белгіленді.

Бағдат Мусин халықаралық технологиялық және инвестициялық компанияларды тарту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады. АҚШ, Қытай және Үндістан елдерінен «бұлтты» есептеу, үлкен деректерді өңдеу және ЖИ салаларында жұмыс істейтін 20-дан астам hyperscale-компаниялармен келіссөздер жүргізілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 100 МВт-тан жоғары қуатқа алдын ала сұраныс қалыптастырылды. Сонымен қатар «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының жалпы әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жетеді және ірі «зәкірлік» клиенттерді орналастыруға есептелген.

Жалпы алғанда, «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыру Қазақстанда ірі өңірлік цифрлық хабты қалыптастыруға және әлемдік жетекші технологиялық компанияларды тартуға бағытталған.

Премьер-министр қажетті нормативтік шешімдер қабылдауды жеделдетуді және жобаның барлық кезеңінің белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сообщение Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді появились сначала на Жаңа кезең.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі нөлдік деңгейде
Үкіметте Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серик Жұмангариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қазіргі жағдайы қаралды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Инфляцияның баяулау үрдісі алтыншы ай қатарынан сақталып отыр: былтырғы қыркүйектегі 12,9%-дан 2026 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша 11,0%-ға дейін төмендеді. Реттелетін қызметтер саласында бұл нәтиже табиғи монополия субъектілерінің операциялық шығындарын оңтайландыру есебінен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын (31 атау) өндірушілер үшін бағаны тұрақтандыру мақсатында электр энергиясы мен теміржол тасымалдары тарифтерін 70%-ға дейін төмендету шаралары қарастырылған.

Наурыз айының қорытындысы бойынша жылдық азық-түлік инфляциясы 11,7%-ды құрап, 1 пайыздық тармаққа төмендеді. Сәуірдің бірінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының орташа өсім индексі нөлдік деңгейде сақталды (2025 жылғы сәйкес кезеңде – 1,6%). Қияр (-9,7%), пияз (-2,3%), қырыққабат (-1,7%) бағасының төмендеу үрдісі жалғасуда. Сонымен қатар балық (-0,7%), қызанақ (-0,6%), ұн және күнбағыс майы (-0,2%) және өзге де азық-түлік тауарлары арзандады.

Бағаны одан әрі тұрақтандыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі Мал шаруашылығы одағымен меморандумға қол қою мәселесін пысықтауда. Құжат жыл соңына дейін ет өнімдерінің белгілі бір тобына шекті бағаларды белгілеу есебінен ішкі нарықты сауда желілері арқылы қамтамасыз етуді көздейді.

Маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық делегацияның Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Делегация құрамына Сауда және интеграция министрлігінің, облыс әкімдіктерінің, сондай-ақ ірі сауда желілерінің өкілдері кірді.

Сапар барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесіне кіретін жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін және экспорттайтын жетекші өзбек кәсіпорындарымен екіжақты келіссөздер жүргізіліп, Қазақстанның ішкі нарығына жеткізілімдерді ұлғайту мәселелеріне баса назар аударылды. Сонымен қатар қазақстандық делегация Сурхандария облысының бірқатар ауданын аралап, өнімді өсіру, жинау, буып-түю және сақтау жұмысымен танысты. Өнім сапасының жоғары екені айтылып, оны Қазақстан стандарттарына сәйкестендіру үшін қосымша калибрлеу қажеттігі көрсетілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша логистиканы ескере отырып, Қазақстанның көтерме нарығындағы бағадан төмен бағамен жаңа өнімнен 1,4 мың тонна сәбіз және 400 тонна қырыққабатты пилоттық жеткізу жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізілді. Өнім сапасын бақылауды өзбек тарапы жүзеге асырады, ал жеткізу қазақстандық тасымалдаушының қатысуымен «жасыл дәліз» тетігі арқылы ұйымдастырылады. Сонымен қатар тараптар екіжақты тауар айналымын одан әрі кеңейту перспективаларын, оның ішінде импортқа қажетті тауарлар тізбесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта өңірлік тұрақтандыру қорларында өткен жылғы көкөніс өнімдерінің жалпы көлемі 29,5 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар жалпы көлемі 13,1 мың тонна ерте пісетін көкөністер бойынша келісімшарттар жасалуда, оның ішінде 10,8 мың тоннасы Түркістан облысы фермерлерінің өнімі, бұл ішкі сұранысты отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сообщение Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі нөлдік деңгейде появились сначала на Жаңа кезең.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президентке агенттік қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Жанат Элимановтың айтуынша, бюджет шығыстарына жүргізілген мониторинг кезінде мал шаруашылығы саласына бөлінген 30 миллиард теңге субсидияны тиімсіз пайдалану тәуекелдері анықталған. Сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық нәтижелерді коммерцияландыруға бағытталған 10 миллиардтан аса теңгені мақсатсыз жұмсау белгілері айқындалды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын жымқыру фактілері бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған, ал құрылыс саласында 5,3 миллиард теңгені заңсыз иемденбек болған жандарға қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекет басшысына алаяқтық әрекеттердің алдын алу бойынша 17 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылғаны және банктер мен байланыс операторларының атын жамылып, арнайы құрылғылар арқылы жаппай фишингтік SMS-хабарламалар таратқан топ әшкереленгені жөнінде есеп берілді. Жалпы аудиториясы 25 мыңнан асатын 3,7 мың алаяқтық сайт және 22 топтық чат жабылған. 400-ден астам жалған құрылыс компаниясының заңсыз түрде бірінші санаттағы лицензия алуына жол берілген жоқ.

Бұдан бөлек, қылмыстық табыстарды жылыстатуға қарсы күрес саласында атқарылған жұмыстар таныстырылды. Атап айтқанда, заңсыз схемаларда қолданылған дроп-карталарға қатысты 14 сотқа дейінгі тергеу басталды, олардың есепшотындағы қаржының жалпы айналымы 13 миллиард теңгеден асқан. «Көлеңкедегі» тұлғаларға рәсімделген 68 мыңнан астам карта бұғатталған. Жалған компаниялар мен құжаттарды пайдалану фактілері бойынша 23 іс тіркелген, келтірілген залал – шамамен 13 миллиард теңге. Қаржылық пирамидалар, онлайн-казино және алаяқтықтан түскен табысты жылыстатумен айналысқан 3 жасырын криптоайырбастау қызметінің жолы кесілді. Криптовалюта айырбастауға қатысты заңсыз онлайн сервистерге кіруге арналған 483 сілтеме жойылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы агенттіктің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Сообщение Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады появились сначала на Жаңа кезең.

Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжат Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Негізгі Заң ережелерінен туындайтын заңнамалық шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Жоспар үш бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды: ұйымдастыру шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және Конституцияның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету.

Атап айтқанда, ұйымдастырушылық іс-шаралар аясында Конституция мәтінін басып шығару және тарату, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген форматта әзірлеу. Конституция электронды платформаларда орналастырылады.

Сондай-ақ ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, ақпараттық-көрнекі безендіру, тақырыптық материалдар шығару, көрме және ағартушылық жобаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарланған.

Халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыру ісіне көңіл бөлінуде. Жоспарға оқыту семинарлары мен білім беру іс-шараларын өткізу, мектеп және ЖОО бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, «Құқық негіздері» және «Заң мен тәртіп» курстарын, әдістемелік материалдар мен балалар басылымдарын әзірлеу кіреді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында бірқатар іс-шаралар мен кешенді медиа-жоспар әзірленді.

Конституцияның жүзеге асырылуын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде заңнамалық шараларды іске асыру, қолданыстағы заңнаманы талдау, Негізгі Заңның нормаларын ескере отырып, стратегиялар мен тұжырымдамаларды өзектендіру шаралары бөлек қарастырылған.

Жалпы Жоспар Конституция нормаларын халық арасында кеңінен түсіндіруді және еліміздің Негізгі Заң ережелерінің толыққанды жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Сообщение Үкімет ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті появились сначала на Жаңа кезең.