Архивы Әлем - Жаңа кезең

Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
Түрікменстан, Аваза

Сонымен қатар жиынға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиын қорытындысы бойынша ТМД қызметіне және Ұйымға мүше елдердің өзара ықпалдастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.

Достастыққа мүше елдер басшыларының шешімі бойынша 2028 жыл Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы, ал 2029 жыл ТМД аясындағы көлік байланысы жылы болып жарияланды.

Сообщение Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте соңғы он жылдағы ең үздік нәтиже көрсетті
Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) 2026 жылғы Жаһандық инновациялық индексінде (Global Innovation Index, GII) елеулі ілгерілеу көрсетіп, бірден 8 сатыға көтерілді және әлемнің 139 экономикасы арасында 81-орыннан 73-орынға шықты. Бұл – Қазақстанның соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтижесі, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Өңірлік көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында 1-орынға, ал Орталық және Оңтүстік Азияның 11 экономикасы арасында 2-орынға ие болды. Табыс деңгейі орташадан жоғары 35 елдің ішінде Қазақстан 17-орынға орналасты. Ең елеулі ілгерілеу инновациялық нәтижелер бойынша тіркелді. Инновациялық нәтижелер субиндексі (Innovation Outputs) бойынша Қазақстан бірден 11 сатыға көтеріліп, 84-орыннан 73-орынға шықты, ал инновациялық ресурстар субиндексі (Innovation Inputs) бойынша 75-орыннан 73-орынға жақсарды, – делінген хабарламада.

GII 2026 нәтижелері Женевадағы ДЗМҰ штаб-пәтерінде мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдеріне арналған Индекстің алдын ала таныстырылымы аясында ұсынылды.

Қазақстанның рейтингтегі позициясының жақсаруына ұлттық және халықаралық деңгейлерде жүргізілген жүйелі жұмыс негіз болды. 2026 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілдігі GII мәселелері бойынша ДЗМҰ-мен тікелей өзара іс-қимыл орнатып, нақты индикаторларға, оларды есептеу әдістемесіне және деректердің сапасына басымдық берді.

Атқарылған жұмыс Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы өзара іс-қимылды рейтингті жыл сайынғы мониторингтеуден нақты көрсеткіштер, дереккөздер және мемлекеттік саясаттың қажетті шаралары бойынша мазмұнды жұмыс форматына көшіруге мүмкіндік берді.

Қол жеткізілген ілгерілеуге қарамастан, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар, университеттер мен бизнестің өзара іс-қимылы, венчурлік қаржыландыру, инновациялық кластерлерді дамыту, бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық жарияланымдар бағыттарында одан әрі өсу әлеуеті сақталып отыр.

Сообщение Қазақстан Жаһандық инновациялық индексте соңғы он жылдағы ең үздік нәтиже көрсетті появились сначала на Жаңа кезең.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты
Корея Республикасы, Сеул қаласы

Мемлекет басшысы, ең алдымен, қонақжайлық танытып, бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырған Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңге ризашылығын білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

– Бұл диалогтың тарихы тереңде. Оған осыдан жиырма жыл бұрын корей тарапы бастамашы болған. Бүгінде ықпалдастық форматы жоғары саяси деңгейге көтерілді. Бұл – сан қырлы ынтымақтастығымыз шынайы стратегиялық байланыстар мен өзара сенімге ұласқанын айғақтайтын сәт. Бүгінгі саммитті шын мәнінде тарихи уақиға деп атауға болады. Осы керемет кездесуді ұйымдастыруға Президент Ли Чжэ Мёңнің саяси ерік-жігер танытып, жеке үлес қосқанын айрықша атап өткім келеді. Корея Республикасының Орталық Азия мемлекеттерімен тең дәрежелі әрі ұзақмерзімді серіктестікті жолға қою ниетіне куә болып отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазақстандықтар корей халқына, оның бірегей тарихына, дәстүрі мен мәдениетіне зор құрметпен қарап, ерекше ықылас танытатынын айтты.

– Корея Республикасы қазіргі замандағы ұлттық өрлеудің таңдай қақтырарлық тамаша үлгісін танытты. Білімге, инновацияға және адам капиталына басымдық берудің арқасында сіздер қысқа мерзім ішінде жетекші технологиялық державалардың қатарына қосылдыңыздар. Бұл – дамылсыз еңбектің, темірдей тәртіптің және табандылықтың заңды нәтижесі. Қазақ халқы жетістіктеріңізге шын мәнінде тәнті болып, сүйініп отырады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев көпжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты пікірін жеткізді. Президент басты бағыт ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастық мәселесін атады.

– Былтыр Орталық Азия мен Кореяның өзара сауда-саттық көлемі алғаш рет 10 миллиард доллардан асты. Өңірдегі тауар айналымының жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі. Сеул еліміздің үздік он сауда серіктесінің қатарына кіреді. Ірі инвесторлардың арасында тоғызыншы орын алады. Кореядан елімізге 12 миллиард доллардан астам инвестиция келді. Қазақстанда корей капиталының үлесі бар мыңнан аса бірлескен кәсіпорын тіркелген. Kia, Hyundai, Doosan, Posco, Samsung, Lotte, Hanwha секілді жетекші компаниялар Қазақстан нарығында ұзақ жылдар бойы табысты жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда екіжақты ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Осы сапар аясында жалпы құны шамамен 19 миллиард долларға бағаланған коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Бұл – экономикалық ықпалдастығымыздың қарқыны жоғары екеніне айқын дәлел, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның алдағы уақытта да кореялық компанияларға қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді. Инвесторлардың елімізде ұзақ уақыт жүріп-тұруын жеңілдетін «Altyn Visa» бағдарламасы осы мақсатқа қызмет етеді.

– Өнеркәсіп саласында экономикалық ықпалдастықты тереңдетуге айтарлықтай мүмкіндік бар. Былтыр елімізде іске қосылған KIA Qazaqstan зауыты бұған жарқын мысал бола алады. Кәсіпорын жылына 70 мың автокөлік шығарады. Өндірістің айналасында толыққанды кластер қалыптасып келеді. Кореяның технологиялық қуатын еліміздің өндірістік әлеуетімен ұштастыратын дәл осындай серіктестік үлгісін басқа да салаларда қолдануға болады деп ойлаймын. Бұл ретте Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы өнеркәсіп министрлерінің бірінші кездесуін өткізу идеясын құптаймын. Осы бастаманы одан әрі ілгерілету үшін «Орталық Азия – Корея» өнеркәсіп және технологиялық даму серіктестігін құруды ұсынамын. Аталған тетік аясында үкіметтеріміз өндіріс локализациясына, технология трансферіне, өңірлік кооперацияны дамытуға және дайын өнімді үшінші елдер нарығына шығаруға ден қоя отырып, бірлескен маңдайалды жобалардың тізімін жасақтай алар еді. Бүгінгі «Орталық Азия – Корея Республикасы» бизнес-форумы осы үдеріске елеулі үлес қосатынына сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент көлік-логистика әлеуетін нығайтуды тағы бір басымдық деп санайды. Мемлекет басшысының пікірінше, жаһандық жеткізу тізбегінде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Осы тұста Шығыс пен Батысты байланыстыратын маңызды буын ретінде Орталық Азияның рөлі арта түсті.

– Қазақстан өз аумағы арқылы тасымалданатын транзиттік жүк көлемін 100 миллион тоннаға дейін жеткізуді көздейді. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға айрықша мән береміз, оны Орта дәліз деп те жиі атайды. Соңғы алты жылда осы көлік дәлізімен тасымалданатын жүк көлемі бес есе ұлғайды. Таяу жылдары бағыттың өткізу қабілетін 20 миллион тоннаға дейін жеткізуге ниеттіміз. Біздің ойымызша, Орта дәлізді көлік саласындағы TRIPP бастамасымен интеграциялауға болады. Ляньюньган портындағы қазақ-қытай логистикалық терминалы арқылы Орталық Азия мультимодальді жолдарымен жүк жеткізетін Кореяның да аталған координаттар жүйесіне қатысы бар. Сондықтан бұл бағыттардың әлеуетін біріктіріп, Кореядан Орталық Азия арқылы Еуропаға шығатын көлік-логистика тізбегін қалыптастыруға болады деп ойлаймын. Осы орайда, Пусан порты мен Каспий айлағындағы Қазақстан порттары арасындағы тәжірибе мен ақпарат алмасу бағытындағы тығыз ынтымақтастық жаңа мүмкіндікке жол ашады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетикалық қауіпсіздіктің маңызына назар аударып, Қазақстан көмірсутегі өндірісі бойынша әлемдік көшбасшылардың санатына кіретінін, жыл сайын елімізде 100 миллион тоннаға жуық мұнай өндірілетінін айтты.

– Осы саладағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге, соның ішінде Кореяға энергия ресурстарын жеткізуді қайта жандандыруға әзірміз. Сонымен қатар геологиялық барлау және жер қойнауындағы жаңа кеніштерді игеру бағытында ықпалдастық аясын кеңейтуге болады. Оң тәжірибе бар. Мысалы, Кореяның KNOC ұлттық компаниясы Қазақстандағы мұнай кен орнын табысты игеріп жатыр. Hyundai Engineering компаниясы консорциум құрамында ірі газ өңдеу зауытының құрылысына қатысуда. Шикізатты терең өңдеу саласының да келешегі зор. Қазақстан мұнай-газ химиясын, соның ішінде полипропилен, полиэтилен өндірісін дамытуды белсенді түрде қолға алды. Кореялық компанияларды қосылған құны жоғары жаңа өндіріс орындарын ашуға шақырамыз. Жаһандық энергетикадағы өзгеріс атом өнеркәсібін ілгерілету мәселесі өзекті екенін көрсетті. Біз KHNP және Doosan Enerbility компанияларымен ядролық технология саласында анағұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуға әзірміз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еліміз Кореяның сутегі энергетикасын дамыту тәжірибесіне қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағытта бірқатар бірлескен жоба пысықталып жатыр. Соның бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы «Жасыл энергетика кешені».

– Таза сутегін өндіруге және қолдануға қатысты пилотты жобаларды іске асыру қажет деп санаймын. Әйтсе де көмір Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінде маңызын жоймайды. Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар, ал көмірден алынатын қуат электр энергиясы өндірісінің 60 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Сондықтан «таза көмір» технологиясын енгізуге айрықша басымдық береміз. Корея бизнесін, әсіресе, Doosan, KEPCO E&C және Midland Power компанияларын көмір генерациясын жаңғырту жобаларын бірлесе жүзеге асыруға, сондай-ақ ауаға таралатын зиянды заттарды реттеу технологияларын енгізуге шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастыққа ерекше мән берді.

– Корея Республикасы – жаһандық технология жарысындағы көшбасшылардың бірі. Қазақстан да цифрлық трансформацияға белсенді кірісті. Астанада Аlem.ai халықаралық орталығы ашылды, суперкомпьютерлер іске қосылды, арнаулы жасанды интеллект университеті өз жұмысын бастады. Кореямен бірқатар бірлескен бастама жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Түркістанда Woosong университеті ашылды, Қызылордада SeoulTech университетімен бірге Жасанды интеллект институты құрылды. Алатау қаласында орналасатын KAIST, яғни Корея озық технологиялар институты филиалы өзара серіктестігіміздің серпінді жобасы болуға лайық. Бұл – әлемдегі технология тілін үйрететін жетекші оқу орындарының бірі. Биыл Корея ғылыми-техникалық ақпарат институтымен бірлесе негізі қаланған AI SilkNet предективті аналитика және форсайт орталығы іске қосылады. Менің ойымша, екі елдің ғылыми мекемелері, университеттері мен технологиялық компаниялары осы орталықтың айналысында бір мақсатқа топтасқаны жөн. Қазақстан бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Аlem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының әлеуетін жұмылдыруға дайын. Сонымен қатар Орталық Азия елдеріне жасанды интеллект саласы мамандарын даярлау үшін Кореямен серіктестік негізінде AI Talent өңірлік бағдарламасын іске қосқан жөн деп санаймын. Бұл өз кезегінде экономикалық өсім мен ғылыми прогреске ықпал ететін жаңа технологиялық кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент аса маңызды минералдар саласындағы серіктестікті күшейтуді ұсынды.

– Қазақстанның ресурс базасы айтарлықтай мол. Сирек кездесетін металдар қоры бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына енеді. Корея стратегиялық санатқа жатқызатын 10 минерал түрінің бәрі де елімізде бар. Қазақстанның ресурс әлеуеті мен Кореяның технологиялық мүмкіндіктерін үйлестіру өзара тиімді ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады. Осы сапар аясында Алматы қаласында Кореяның технологиялық ықпалдастық институтының (KIAT) көмегімен Сирек және сирек кездесетін металдарды зерттеу орталығын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Мен мұны құптаймын. Біз толық өндіріс циклын қалыптастыруды мақсат етуіміз керек. Яғни аса маңызды шикізатты зерттеу мен өндіруден бастап, оны терең өңдеу және одан қосылған құны жоғары дайын өнім шығаруға дейінгі тізбек толық қамтылуға тиіс. Қарапайым тілмен айтқанда, жартылай өткізгіштер, микроэлектроника, аккумулятор, электромобиль мен роботты техника бөлшектерін өндіруге көшуіміз керек. Бұл міндетті орындау үшін бірлескен қазақ-корей компаниясын құруды ұсынамыз, – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігі және аймақтағы экологиялық теңгерімді сақтау мәселесін көтерді.

– Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын жаппай жаңғырту жүріп жатыр. 2030 жылға дейін 42 жаңа су қоймасын салып, 14,5 мың шақырым суландыру арналарын жаңартуды және су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдануды жоспарлап отырмыз. Климаттың өзгеруі, су тапшылығы және табиғи экожүйенің тозуы қазірдің өзінде Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсер етіп жатыр. Сондықтан Қазақстан Кореяның біз үшін өте маңызды әрі шетін салаға қатысты озық технологиясы мен жинаған тәжірибесін бөлісу ниетін жоғары бағалайды. Атап айтқанда, Кореяның су үнемдеуге, судың цифрлық есебін жүргізуге арналған технологияларын меңгеруге және заманауи су үнемдеу инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ортақ бағдарламаны іске қосқан дұрыс деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Сөзін түйіндей келе, Мемлекет басшысы саммитке қатысушы елдердің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуда айтарлықтай табысқа жеткеніне назар аударды.

– Елдеріміздің арасында тарихтан тамыр тартатын бауырластық байланыстар қалыптасқан. Бұл ретте өңірдегі мемлекеттер халқымен біте қайнасып кеткен корё-сарам қауымы айрықша рөл атқарады. Корей диаспорасы Орталық Азия мен Корея арасындағы достыққа дәнекер болып отыр. Қазақстан елімізде пана тауып, өсіп-өнген корей халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауына ерекше қамқорлық көрсетті. Келесі жылы корейлердің Орталық Азияға жер аударылғанына 90 жыл толады. Осыған орай тарихи уақиғаға арналған іс-шара ұйымдастыруды ұсынамын. Жастардың өзара байланысын, білім және мәдениет саласындағы ықпалдастық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған Central Asia – Korea Future Generation бағдарламасын қабылдау қажет деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар саммите Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёң, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Сообщение Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты появились сначала на Жаңа кезең.

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Жеделхатта достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынас дәйекті түрде дамып келе жатқаны атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованың қызметі мен игі бастамаларына толайым табыс, ал Солтүстік Македония халқына құт-береке тіледі.

Сообщение Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады появились сначала на Жаңа кезең.

Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Президент бұл мерекені Вьетнам халқының бірлігі мен жасампаз рухының, сондай-ақ елдің тұрақты дамуы мен өркендеу жолындағы ұмтылысының жарқын нышаны ретінде атап өткен.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.

Сообщение Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық планетаны көгалдандыру күнін жариялады
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының бастамасымен әзірленген «Халықаралық планетаны көгалдандыру күні» қарарын қабылдап, 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі

Халықаралық күнді белгілеу туралы бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының жалпы пікірталастары барысында ұсынған болатын.

Қарарға әлемнің түрлі өңірлерін білдіретін 32 мемлекет тең автор болды. Бұл аталған бастаманың халықаралық қоғамдастық үшін сұранысқа ие әрі өзекті екенін көрсетеді.

Қарардың қабылдануы Қазақстанның жаһандық экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге және қоршаған ортаны қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру, жасыл желектер аумағын кеңейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы халықаралық күш-жігерді біріктіруге қосып келе жатқан дәйекті үлесін көрсетеді.

Құжат әлемдік қоғамдастықтың көгалдандыру мен табиғи экожүйелерді қалпына келтірудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттерді, БҰҰ жүйесін, халықаралық және өңірлік ұйымдарды, азаматтық қоғамды және басқа да мүдделі тараптарды тиісті іс-шаралар мен бастамаларды жүзеге асыруға ынталандыруға бағытталған.

Халықаралық күннің белгіленуі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, аумақтарды абаттандыруға және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсаттарымен үндеседі.

Қарардың қабылдануы Мемлекет басшысының тағы бір халықаралық бастамасының іс жүзінде жүзеге асырылуы болды және Қазақстанның орнықты даму мен болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға бағытталған көпжақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі тәсілдерінің сұранысқа ие екенін растайды.

Сообщение Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық планетаны көгалдандыру күнін жариялады появились сначала на Жаңа кезең.

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Өкілдер палатасының Бюджет және салық жөніндегі комитетінің төрағасы Джейсон Смитпен, сондай-ақ Конгресс мүшелері Грег Мерфимен, Кэрол Миллермен, Ронни Джексонмен, Уэсли Беллмен және Эдвард Кейспен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы меймандарға ілтипат білдіріп, олардың бір палаталы Құрылтай сайлауымен тұспа-тұс өтіп жатқан сапарының символдық мәніне назар аударды.

Қазақстан Президентінің айтуынша, парламент сайлауы еліміздегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңі басталғанын айшықтайтын тарихи уақиға болды. Бір палаталы Құрылтай заң шығару үдерісінің тиімділігі мен заңдардың сапасын арттырады.

Мемлекет басшысы парламенттік дипломатия жаңа органның қызметіндегі маңызды бағыт болатынын атап өтті.

– АҚШ Конгресі мен Құрылтай мүшелері арасындағы конструктивті әрі мазмұнды диалог өзара түсіністікті тереңдетіп, ортақ басымдықтарды ілгерілету және қазақ-америка серіктестігін нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық делегацияға елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар, сондай-ақ әділетті, озық мемлекет құруды көздейтін стратегиялық бағдарымызды іске асыру аясында басқару жүйесін жаңғыртудың басымдықтары жөнінде мәлімет берді.

Бұдан бөлек, Президент Конгресс мүшелерін еліміздің жалпыхалықтық қолдауға ие болған жаңа Конституциясындағы негізгі аспектілермен таныстырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы сан қырлы қазақ-америка серіктестігі сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастық, озық технологиялар, ғылым, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастыққа баса мән бере отырып, қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен конструктивті әрі сенімді диалогтың арқасында екі елдің қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгенін айтты. Көпжақты форматта да жемісті ынтымақтастық орнады. Мұның айқын дәлелі – Қазақстан Американың жаһандық және өңірлік тұрақтылықты нығайту бастамаларына, соның ішінде Бейбітшілік кеңесі мен Ибраһим келісімдеріне қолдау білдірді. Бұл ретте Президент Қазақстан мен АҚШ ядролық қауіпсіздікті нығайту және жаппай қырып-жою қаруын таратпау ісінде де маңызды рөл атқаратынына назар аударды.

Өз кезегінде америкалық делегацияны бастап келген конгрессмен Джейсон Смит арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, АҚШ Президентінің сәлемін жеткізді.

– Бүгін түнгі екіде маған Президент Дональд Трамп қоңырау шалды. Мен оған бірнеше сағаттан соң Сізбен кездесетінімді айттым. Ол Сізге ізгі тілегін жолдап, араларыңызда қалыптасқан сенімді әрі конструктивті қарым-қатынасқа ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Президент Сізді G20 саммитіне қатысу үшін Майамиде күтетінін айтты. Біздің сапарымыздың бір мақсаты – Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін зерделеу. Біз екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолында мазмұнды диалог өрбітуге бейілміз. Президентіміз бұған айрықша маңыз артып отыр, – деді Джейсон Смит.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Майамиге жоспарланған алдағы сапары Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікке тың серпін беретініне сенім білдірді.

Сообщение Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады появились сначала на Жаңа кезең.

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, армян халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Никол Пашинян жылы лебізге ризашылығын білдіріп, Қазақстан Президенті мен халқына Құрылтай сайлауын сәтті өткізуге тілектестігін жеткізді.

Президент пен Премьер-министр қазақ-армян қарым-қатынасы қарқынды түрде дамып келе жатқанына көңіл толатынын атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін растады.

Сонымен қатар бұған дейін, соның ішінде былтыр қараша айында Армения Үкіметі басшысының Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.

Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса назар аударылды.

Сообщение Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті появились сначала на Жаңа кезең.

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Сообщение Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады появились сначала на Жаңа кезең.

Президент Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің төл мерекесі – Таққа отырған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

– Қазақстан мен Марокко арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық бауырлас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедтің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Марокко халқына бақ-береке тіледі.

Сообщение Президент Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады появились сначала на Жаңа кезең.