Архивы Agro - Жаңа кезең

Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды
Биыл бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан тағы 1,3 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен ауыл халқының қажеттіліктері үшін жерлерді қайта бөлу және жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияның отырысында айтылды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, бір жыл бұрын Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген 13,5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін қайта бөлу жөніндегі тапсырма орындалды.

Оның ішінде 5,5 млн гектар жер жалпыға ортақ пайдаланылатын жайылым ретінде бекітілсе, 8 млн гектар жер ауыл шаруашылығын жүргізу үшін азаматтар мен басқа да жер пайдаланушыларға конкурстық негізде берілді.

Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді қайта бөлу жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге бірқатар өңірде бұл жерлерді түпкілікті пайдаланушыларға беру қарқыны төмен болып отыр. Атап айтқанда, Атырау облысында бұл көрсеткіш 32,4%-ды, Маңғыстау облысында – 24,6%-ды, Ұлытау облысында – 21,1%-ды құрайды.

Отырыста тозған жайылымдарды қалпына келтіру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Тиісті шараларды пысықтау үшін жайылымдарды басқарудың бекітілген жоспарлары бар және геоботаникалық зерттеулер жүргізілген үш пилоттық аудан айқындалды.

Алматы облысының Райымбек ауданында пилоттық жоба өнімділігі төмендеп, жергілікті деңгейде тозу белгілері байқалған 9,2 мың гектар таулы және тау бөктеріндегі жайылымды қамтиды.

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында мал жайылымына түсетін жүктемесі жоғары елді мекендердің 17,4 мың гектар жайылымы қамтылады.

Ақмола облысының Целиноград ауданында елді мекендерге жақын орналасқан, барынша тозған 6,6 мың гектар далалық жайылымда тиісті шаралар жүзеге асырылады.

Осылайша, пилоттық учаскелердің жалпы аумағы 33 мың гектарды құрайды. Қарастырылған шаралар жайылымдардың өнімділігін қалпына келтіруге және халықты мал жаюға қажетті жайылымдық алқаптармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Серік Жұманғарин мемлекет есебінен қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген ауыл шаруашылығы жерлерін беру олардың жер пайдаланушылар тарапынан тиімді пайдаланылуына қатысты нақты міндеттемелермен қатар жүруге тиіс екенін атап өтті.

«Егер мемлекет жерді суару үшін инфрақұрылым жасаса, жер пайдаланушы тарапынан да тиісті міндеттемелер болуы керек. Атап айтқанда, суару жүйелерін орнату, жерді нысаналы мақсатына сай пайдалану, рентабельді ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және басқа да міндеттер көзделуі тиіс. Жер өз мақсатына сай пайдаланылып, нақты нәтиже беруі керек. Егер мұндай жерлер ұтымды немесе нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса, мемлекет оларды қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына қайтаруы қажет», – деді Серік Жұманғарин.

Отырыста мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді жаңа пайдаланушыларға беру кезінде туындайтын мәселелер де қаралды. Олардың қатарында жер учаскелеріне құқықтардың тоқтатылғанын тіркеудің нақты міндетті мерзімдерінің белгіленбеуі, пайдаланылмай жатқан жерлерді иесіз мүлік деп тану рәсімдерінің ұзақтығы және өзге де әкімшілік кедергілер бар.

Сообщение Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды появились сначала на Жаңа кезең.

Үкімет 2026 жылғы бидайдың сатып алу бағасын анықтады
Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын анықтады. 3-сыныпты бидайдың сапалық көрсеткішіне байланысты ол тоннасына 92-ден 115 мың теңгеге дейін болып белгіленді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арқалықта Қостанай облысы оңтүстік өңірлерінің шаруаларымен кездесуде хабарлады, деп жазады ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі.

«Нарық конъюнктурасын, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың ұсынысын ескере келіп, Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын айқындады. Атап айтқанда, 3-сыныпты бидай бағасын сапалық көрсеткішіне байланысты 92-ден 115 мың теңгеге дейін белгілеу жоспарлануда. Осылайша, баға өткен жылғы деңгейде қалады», — деді Серік Жұманғарин.

Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы нарық үшін эталон ретінде қызмет етеді. Шаруаларды қаржылық қолдау астықты форвардтық және тікелей сатып алу тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өндірістік шығындарды жабуға және келесі маусымға дайындалуға мүмкіндік береді.

Тағы бір қолдау шарасы – астық трейдерлеріне ҚҚС-ты қайтару. Тиісті шешім Салық Кодексін енгізу бойынша жобалық кеңсе отырыстарының бірінде қабылданды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі тауар қозғалысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруашылығы өндірушісінен экспорттаушыға дейін қадағалауға мүмкіндік беретін «пирамида әдісі» деп аталатын тәсілді қолдана отырып, салықтық тексерумен расталатын болады. Тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтарып ала алады.

Серік Жұманғарин сондай-ақ астық экспорттаушыларға мемлекеттік шығындарды өтеу бағдарламасы 2026-2027 маркетингтік жылға ұзартылатынын хабарлады.

Өткен жылдары астық жөнелтушілердің көлік шығындарын субсидиялау қазақстандық астықты жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Дәстүрлі нарықтардан басқа қазақстандық бидайды алғаш рет Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания, сондай-ақ Марокко, Алжир және Мысыр сынды Солтүстік Африка елдері сатып алды. Азық-түлік корпорациясы сонымен қатар Қытай арқылы мультимодальды маршрут бойынша Вьетнамға астық жеткізуді сынап көрді.

Бұл шараларды жүзеге асыру астық бағасын тұрақтандыруға және демпинг тәуекелдерін төмендетуге ықпал етті. Логистика, қайта өңдеу, машина жасау және сервистік қызметтер сынды сабақтас салаларға да қосымша әсер берді.

Кездесудің тағы бір тақырыбы мал шаруашылығын дамытуға арналды. Қостанай облысының үш оңтүстік өңірі – Арқалық, Амангелді және Жангелді аудандарында бүгінде 1 132 фермерлік шаруашылық жұмыс істейді. Жалпы егіс алқабы 581,1 мың гектар. Оның ішінде дәнді дақыл 501,4 мың гектар, майлы дақыл 65,9 мың гектар. Соңғы үш жылда майлы дақыл алқабы 1,3 есеге ұлғайды. Негізгі дақыл – мақсары: ол 51,2 мың гектарға немесе облыстағы осы дақылдың барлық ауданының 47%-ына егілді.

Фермерлер кезінде Қостанай облысы бастамашы болған «Жайлау» бағдарламасын қайта жүзеге асыру мәселесін көтерді. Атап айтқанда, жайылымдарды міндетті түрде суландыру және мал шаруашылығы базаларын салу жөніндегі талаптар туралы сөз болды. Оңтүстік аудандардың шаруашылықтары негізінен табиғи су көздері бар өзендер мен көлдердің жайылмаларында орналасқан, көптеген фермерлерде мал шаруашылығына қажетті инфрақұрылым бар. Осыған байланысты бағдарлама талаптарын орындау кезінде бұрыннан бар объектілерді есепке алу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Сондай-ақ, мал өсірушілер асыл тұқымды ірі қара малдың шекті құнын оны сатып алуды жеңілдетілген несиелеу кезінде қайта қарауды ұсынды. Өйткені олардың бағалауы бойынша бағдарламада белгіленген баға нарықтық бағадан төмен.

Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қолданыстағы құжаттарға қажетті өзгерістерді пысықтауды, сондай-ақ асыл тұқымды мал құнының анықтамалығын әзірлеуді тапсырды.

«Zengi Group» ЖШС директоры Жәнібек Кенжебаев Арқалықта эмбриондар өндіру бойынша генетикалық орталық құру жоспарын ұсынды. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестиция тартылды.

«Бұл жоба – асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін Қазақстанда асыл тұқымды мал басын көбейту мүмкіндігі. Эмбриондарды қолдану арқылы біз асыл тұқымды мал ала аламыз. Сонымен қатар Арқалықта мал тасымалдау бойынша логистикалық хаб құру бойынша жұмыс істейміз. Біз асыл тұқымды малды өндіру мен сатуды кәсіби деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Жәнібек Кенжебаев.

Сообщение Үкімет 2026 жылғы бидайдың сатып алу бағасын анықтады появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды
Қазақстанда егістік құрылымындағы дәнді дақылдардың үлесі бидай алқаптарының қысқаруы және майлы дақылдардың 5,2 млн гектарға дейін кеңеюіне байланысты 72%-дан 66%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы

Оның айтуынша, науқан былтырғы қарқыннан тез жүргізілуде. Еліміздегі жалпы егін жинау алаңы 24,2 млн гектарды құрайды, оның 15,6 млн гектардан астамы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі.

2024 жылдан бастап майлы дақылдар 2,2 млн гектарға ұлғайтылды, содан бергі екі жылда жүгеріге өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін қосымша 120 мың гектар бөлінді. Жалпы құрылымдағы майлы дақылдардың үлесі 13%-дан 18%-ға дейін өсті.

«Бүгінгі таңда 13,5 млн гектар астық немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналды, орташа өнімділік – гектарынан 14,7 центнер. Осы кезеңде 19,9 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардың жалпы көлемі орташа көпжылдық мәндерден жоғары болады деп болжануда, бұл ішкі нарықты астықпен, жем-шөп пен тұқыммен толық көлемде қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін сақтауға мүмкіндік береді», — деп баяндады Азат Сұлтанов.

АШМ деректері бойынша бүгінгі таңда 2,4 млн гектар жерден майлы дақылдар жиналды, 2,4 млн тонна майлы дақылдар тұқымы бастырылды, ал егін жинау қорытындысы бойынша 5 млн тоннадан астам өнім жиналады деп күтілуде. Сонымен қатар, 2,9 млн тонна көкөніс, 2,3 млн тонна бақша өнімдері және 2,5 млн тонна картоп жиналды. Мақтаның өнімділігі гектарынан 32 центнер құрады, Осы кезеңде 70,5 мың тонна шикізат алынды, бұл ретте тамшылатып суару алаңы екі жыл ішінде 3 мыңнан 80 мың гектарға дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ, вице-министр Батыс Қазақстан облысында астық жинау толығымен аяқталғанын, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында алаңдардың 95%-дан астамы жиналғанын атап өтті.

Сообщение Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды  появились сначала на Жаңа кезең.

Елімізде 16,2 млн тонна астық жиналды, қабылданған жұмсақ бидайдың 74%-ы үшінші сыныпқа жатады
Елімізде егін жинау науқаны жалғасуда. Бүгінде дәнді дақылдар алқабының 72,5%-ы жиналып, жалпы 16,2 млн тонна астық бастырылды. Астық қабылдау орындарына түскен жұмсақ бидайдың 74%-ы үшінші сыныпқа жатқызылды. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин егін жинау науқанын өткізу мәселелері жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Жиында егін жинау жұмыстарының қарқыны, диқандарды ауыл шаруашылығы техникасымен, жанар-жағармаймен және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, астық қоймалары мен көлік инфрақұрылымының дайындығы, сондай-ақ 2027 жылғы егіс науқанына қажетті тұқым қорын қалыптастыру мәселелері қаралды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова егін жинау науқанының барысы туралы баяндады.

Биыл еліміздегі жалпы егіс алқабы 24,2 млн гектарды құрайды. Оның 15,6 млн гектарына дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген. Бүгінге дейін 11,3 млн гектар алқаптың өнімі жиналды. Орташа өнімділік гектарына 14,2 центнерді құрады. Сонымен қатар 1,5 млн гектар алқаптан майлы дақылдар жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,7 центнер болып, 1,4 млн тонна майлы дақыл тұқымы бастырылды. Биыл 2,7 млн тонна көкөніс, 1,9 млн тонна бақша дақылы және 1,9 млн тонна картоп жиналды. Жалпы, егін жинау қарқыны өткен жылмен бір деңгейде.

Көктемгі дала жұмыстарын және егін жинау науқанын жүргізу үшін шаруаларға қажетті қаржылай қолдау көрсетілді. Жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында жалпы сомасы 664,4 млрд теңгеге 5,8 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша жалпы құны 288,1 млрд теңге болатын 8,6 мыңға жуық техниканы жеткізуге 7,5 мыңнан астам келісімшарт жасалды.

Жыл басынан бері «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының барлық лизинг бағдарламалары бойынша жалпы 353,9 млрд теңгеге 10 774 техника бірлігін сатып алуға келісімшарттар жасалды. 2027 жылғы егіс науқанын алдын ала қаржыландыру тетігі де жалғасын табады. Өтінімдерді қабылдау 1 қазанда басталады.

2027 жылғы егіс науқанына қажетті тұқым қорын дайындауға да ерекше көңіл бөлінді. Әкімдіктердің мәліметінше, бүгінде 1,7 млн тонна тұқым дайындалған. Бұл қажетті көлемнің 77%-ына тең. Тыңайтқышпен қамтамасыз ету деңгейі қазір 87%-ды құрайды. Жоспарланған көлем аясында 2,1 млн тонна тыңайтқыш жеткізіліп, шаруаларға жөнелтілді.

Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін өңірлерге 401 мың тонна дизель отыны бөлінді. Астық пен майлы дақылдарды кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны қарастырылды.

Егін жинау науқанына 130 мыңнан астам трактор, 29 мың астық жинайтын комбайн және өзге де ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.

Науқан басталғалы бері лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 4,4 млн тонна астық жеткізілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Былтыр осы уақытта 3,1 млн тонна астық қабылданған еді.

Жедел штаб отырысында жаңа өнімді тасымалдау және өткізу мәселелері де қаралды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мәліметінше, қаңтар–тамыз айларында 9,3 млн тонна астық тасымалданған. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13%-ға жоғары. Оның ішінде ел ішінде 2,1 млн тонна астық тасымалданып, өсім 8%-ды құрады.

Жаңа өнім жинау басталған тамыз айында астық тасымалдау көлемі рекордтық деңгейге жетіп, 1,157 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 35%-ға жоғары.

Қаңтар–тамыз айларында 7,1 млн тонна астық экспортталды. Оның 4,8 млн тоннасы Орталық Азия елдеріне жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға көп. Оның ішінде Өзбекстанға – 3,6 млн тонна (+50%), Тәжікстанға – 998 мың тонна (+17%) астық жөнелтілді. Қытайға 562 мың тонна астық тасымалданып, өсім 34%-ды құрады.

Отырыс соңында Серік Жұманғарин әкімдіктерге жаңа өнімді уақтылы қабылдауды тапсырды. Қажет болған жағдайда астық қоймаларының тәулік бойы жұмыс істеуі ұйымдастырылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға жаңа өнімді тасымалдауға қажетті вагон санын қамтамасыз етіп, астықты үздіксіз тасымалдауды тиянақты ұйымдастыру тапсырылды.

Сообщение Елімізде 16,2 млн тонна астық жиналды, қабылданған жұмсақ бидайдың 74%-ы үшінші сыныпқа жатады появились сначала на Жаңа кезең.

Еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне 2035 жылға дейін 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет
Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешенінде 300 мыңға жуық өндіруші жұмыс істейді, олар 1,1 млн адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Оның 595 мыңы немесе 55%-ы – жұмысшы мамандар. 2035 жылға дейін агроөнеркәсіп кешеніне шамамен 73 мың білікті жұмысшы маман қажет болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Оның айтуынша, аграрлық колледждерге жыл сайын шамамен 4,8 мың адам, оның ішінде 3,8 мың адам – мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алады.

Жалпы агроөнеркәсіп кешені үшін кадрлар даярлау өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, ветеринарияны, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді, механикаландыруды және басқа да бағыттарды қамтитын 17 мамандық пен 61 біліктілік бойынша даярланады.

«Бүгінгі таңда дуальды оқытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Колледждер ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды кеңейтіп, тәжірибе ұйымдастыру және студенттер даярлау жүргізуде. Солтүстік Қазақстан облысында кәсіптік колледжбен бірлесіп құрылған CLAAS оқу орталығы жақсы мысал бола алады», — деді спикер.

Сондай-ақ аграрлық-техникалық колледждердің «Агрофирма Родина», «Зенченко и Ко», «Қазақстанның астық консорциумы» сияқты және басқа да ірі кәсіпорындармен ынтымақтастығы жүргізілуде. Барлық облыста ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және кейіннен жұмысқа орналастыру ниеттері туралы келісімдер жасалуда.

Бұл кәсіби дағдылардың маңызды бөлігін тікелей өндірісте қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте тежеуші факторлардың бірі бірқатар колледждің материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі болып қала береді, бұл студенттердің практикалық даярлығы мен олардың қазіргі заманғы өндірістік технологияларды меңгеру мүмкіндіктеріне кедергі келтіреді.

Осыған байланысты уәкілетті органдар колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі жұмысты жүргізуі қажет.

«Кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы 19 кәсіби стандарт әзірленіп, өзектендірілді. 2026 жылы 13 кәсіби стандарт өзектендіріліп, бекітіледі. Бұл жоғары технологиялар қолданылатын заманауи мамандықтар бойынша мамандарды оқытуға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді министр.

Айдарбек Сапаров өз сөзінде ерте жастан кәсіби бағдар беру, яғни, «мектеп – колледж/жоғары оқу орны – кәсіпорын» үздіксіз тізбегін құруға және нақты өңірдің агросекторға деген қажеттіліктерін ескере отырып мамандар даярлауға мүмкіндік беретін агросыныптар құру маңызды бағыт саналатынын атап өтті.

Оның айтуынша, осыған ұқсас тәсілдер әлемнің көптеген елдерінде жүзеге асырылуда, оның ішінде Ресей, Америка Құрама штаты, Германия және басқада елдерде қолданылады.

Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында университеттермен, жұмыс берушілермен, колледждермен бірлесіп пилоттық жобаны пысықтау қарастырылған.

Өз кезегінде, Министрлік делегациясы агросыныптар құру тәжірибесін зерделеу үшін Ресей Федерациясының Омбы облысына барғаны, сапар нәтижесінде пилоттық жобаға қатысуға дайын мектептер мен стратегиялық әріптестердің тізбесі қалыптастырылғаны атап өтілді.

«Бұл агроөнеркәсіп кешені үшін сапалы кадр резервін қалыптастыруға, мектеп жасынан бастап аграрлық мамандықтарға деген қызығушылық арттыруға және оқушыларды саланың заманауи технологияларымен таныстыруға мүмкіндік береді», — деп толықтырды сөзін спикер.

Сондай-ақ Министрлік агроөнеркәсіп кешендегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Жалпы биыл жалпы құны 1,2 трлн теңгеге 160 жобаны іске асыру, 6,6 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

«Жалпы Министрлік мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп заманауи аграрлық өндірісте тиімді жұмыс істей алатын білікті кадрлар даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Біздің негізгі міндетіміз – қазіргі заманауи технологияны меңгерген, өндірісте тиімді жұмыс істей алатын мамандар даярлау. Бұл өз кезегінде, ауыл шаруашылығын технологиялық жағынан жаңартуды қамтамасыз етуге, еңбек өнімділігін арттыруға және агроөнеркәсіп кешенін жаңа буын мамандары үшін тартымды етуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді сөзін ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Сообщение Еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне 2035 жылға дейін 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстандық ғалымдар дрондардың көмегімен егістікті қорғау технологиясын әзірледі
Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары энтомофагтарды ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен автоматтандырылған түрде тарату технологиясын әзірледі. BioDrop деп аталатын бұл технология жұмыс жүргізу уақытын 4–6 есеге қысқартуға және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғаудың биологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Кешен құрамына биоыдырайтын BioDrop сфералық капсулалары, оларды таратуға арналған арнайы құрылғы және ұшқышсыз ұшу аппараты кіреді.

Капсулалардың ішіне ауыл шаруашылығы зиянкестерінің табиғи жаулары саналатын энтомофагтардың биологиялық материалы орналастырылады. Атап айтқанда, технологияда Trichogramma spp. және Habrobracon hebetor сияқты энтомофагтар пайдаланылады.

Ұшқышсыз ұшу аппаратына тиелген капсулалар алдын ала белгіленген бағыт бойынша егістік алқабына автоматты түрде таратылады. Капсулалар егістік бетіне түскеннен кейін олардың ішінен энтомофагтар біртіндеп босап шығып, зиянкестерді іздеп, жоя бастайды.

Капсулалардың сфералық пішіні мөлшерлеу механизмінің ерекшеліктері және олардың құрамындағы биологиялық материалдың өміршеңдігін сақтау қажеттілігі ескеріле отырып дайындалған.

Жүргізілген далалық сынақтар BioDrop технологиясының энтомофагтарды дәстүрлі қолмен тарату әдісімен салыстырғанда биологиялық тиімділігі жоғары екенін көрсетті.

Олар таратылғаннан кейінгі 14-тәулікте дәстүрлі әдіс бойынша биологиялық тиімділік орта есеппен 70–73% болса, BioDrop технологиясын қолданғанда бұл көрсеткіш 81–83%-ға жеткен.

Осылайша, жаңа технологияны қолдану дәстүрлі әдіспен салыстырғанда биологиялық тиімділікті орта есеппен 10–11 пайыздық тармаққа арттырған.

Сонымен қатар жұмыстарды жүргізуге жұмсалатын уақыт та айтарлықтай қысқарады. Қолмен тарату кезінде зерттелген учаскедегі жұмыстарға 1–1,5 сағат жұмсалса, ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану кезінде жабдықты дайындауды қоса алғанда, дәл осындай жұмыс көлемі 10–15 минутта орындалған.

Бұл егістіктерді биологиялық қорғау жұмыстарын, соның ішінде үлкен аумақтарда және баруы қиын учаскелерде, әлдеқайда жылдам жүргізеді.

Қазіргі уақытта технология төрт шаруашылықта енгізіліп, қолданылып келеді. Бұл әзірлеменің ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды организмдерден қорғау мақсатында іс жүзінде қолдануға болатындығын көрсетеді.

Болашақта бұл технологияны дәлме-дәл егіншілік жүйелерінде, сондай-ақ фитосанитариялық мониторинг технологияларымен қатар қолдануға болады.

Энтомофагтарды пайдалану өсімдіктерді қорғаудың экологиялық қауіпсіз әдістерін дамытуға және ауыл шаруашылығында биологиялық қорғау құралдарын қолдану аясын кеңейтуге жол ашады. Энтомофагтарды таратудың автоматтандырылған технологияларын енгізу мұндай іс-шараларды жедел әрі тиімді жүргізуге қосымша мүмкіндік береді.

Сообщение Қазақстандық ғалымдар дрондардың көмегімен егістікті қорғау технологиясын әзірледі появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстанда 30,1 млн тонна мал азығы дайындалды
Өңірлерде мал азығын дайындау науқаны жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Облыс әкімдіктерінің жедел мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алдағы қыс мезгілінде малды қорада ұстау кезеңіне қажетті 30,1 млн тонна мал азығын дайындады. Бұл жоспарланған көлемнің шамамен 73%-ын құрайды.

Қазіргі уақытта 24,1 млн тонна шөп дайындалды, бұл жоспардың 94%-ына тең. Сонымен қатар 2,2 млн тонна пішендеме (жоспардың 96,2%-ы), 1,1 млн тонна құнарлы жем, 837,8 мың тонна сүрлем және 1,8 млн тонна сабан әзірленді.

Қысқы кезеңде мал шаруашылығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және сақтандыру қорларын қалыптастыру мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ 201,3 мың тонна астық көлемінде жемшөп қорын жасақтады. Қажет болған жағдайда бұл қор ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жемшөппен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, мал азығын дайындау науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Жүргізіліп жатқан мониторинг пен резервтердің уақтылы қалыптастырылуы мал шаруашылығы шаруашылықтарын қажетті жемшөп базасымен қамтамасыз етуге және алдағы қысқы кезеңнен тұрақты өтуге бағытталған.

Сообщение Қазақстанда 30,1 млн тонна мал азығы дайындалды появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды
Өңірлерде мал азығын дайындау науқаны жалғасуда. Облыс әкімдіктері ұсынған жедел деректерге сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 19,8 млн тонна мал азығын дайындады. Бұл алдағы қысқы малды қорада ұстау кезеңіне қажетті жоспарлы пішен көлемінің шамамен 77%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қазіргі уақытта 17,1 млн тонна пішен, 1,5 млн тонна пішендеме, 362,3 мың тонна құрама жем, 91,7 мың тонна сүрлем және 777,2 мың тонна сабан дайындалды.

Қысқы малды қорада ұстау кезеңіне қажетті жемшөп қорын қалыптастыру және сақтандыру қорын жасау мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ 201,3 мың тонна көлемінде жемдік астық қорын қалыптастырды. Қажет болған жағдайда бұл қор ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жемшөппен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Мал азығын дайындау науқаны еліміздің барлық өңірінде жалғасуда. 2026–2027 жылдардағы қысқы малды қорада ұстау кезеңіне дейін 25,7 млн тонна пішен, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,8 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 5,7 млн тонна құрама жем дайындау жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, мал азығын дайындау науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Тұрақты мониторинг жүргізу және резервтерді уақытылы қалыптастыру мал шаруашылығы кәсіпорындарын қажетті жемшөп қорымен қамтамасыз етуге және олардың алдағы қысқы малды қорада ұстау кезеңіне толық дайын болуына бағытталған.

Сообщение Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды появились сначала на Жаңа кезең.

Қазақстан 13,9 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Қазақстан 13,9 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға көп. Өткен жылы осы кезеңде шетелге 12,4 млн тонна өнім жөнелтілген болатын, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Экспорт көлемінің өсуіне Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жөнелтілген өнім көлемінің артуы ықпал етті.

Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 36%-ға өсіп, 5,8 млн тоннаны, Қырғызстанға – 35%-ға өсіп, 528 мың тоннаны, Ауғанстанға – 57%-ға өсіп, 2,4 млн тоннаны, Түрікменстанға – 32%-ға өсіп, 220 мың тоннаны құрады.

Жүк тасымалы көлемінің артуы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар бұл экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелі екенін айғақтайды.

Сообщение Қазақстан 13,9 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады появились сначала на Жаңа кезең.

2026 жылы мал шаруашылығын дамытуға 300 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды
Астанада Ветеринариялық қызмет пен мал шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, ғылыми қауымдастық өкілдері, фермерлер, аграрлық кәсіпорындардың басшылары және еліміздің барлық өңірлерінен келген саланың ардагерлері қатысты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің атынан қатысушыларды Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин құттықтады.

«Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет алдағы бес жылға арналған мал шаруашылығы мен ветеринарияны дамытудың Кешенді жоспарларын бекітті. Олар саланы сапалы жаңғыртудың, оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізі болады», — деді вице-премьер.

Үкімет қолжетімді қаржыландыруға ерекше назар аударуда. Тек биылдың өзінде мал шаруашылығын жеңілдікпен ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелеу бағдарламаларына 300 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары өндіріс көлемін арттыруға, өнімділікті көтеруге және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.

«Үкімет бұдан әрі де заманауи технологияларды енгізуге, экспорттық әлеуетті дамытуға, өткізу нарықтарын кеңейтуге және ауыл еңбеккерлерінің әл-ауқатын арттыруға қажетті жағдай жасай береді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

«Биыл біз екі саланың мамандарын бірге құрметтеп отырмыз, бұл – символдық мәнге ие. Себебі қазіргі мал шаруашылығы мен мықты ветеринариялық қызмет бір-бірінен ажырамайды. Сіздер бірге Қазақстан экономикасының ең маңызды салаларының бірін қалыптастырып отырсыздар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,8 трлн теңгеге жетіп, 3,3%-ға өсті. 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар саланы сапалы жаңғыртуды, өндіріс көлемін арттыруды және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін көтеруді көздейді. Биыл бұл салаға 300 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды», — деді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында асыл тұқымды мал сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға және жайылым инфрақұрылымын дамытуға бағытталған «Игілік», «Береке» және «Жайлау» атты жаңа жеңілдетілген несиелік өнімдер іске қосылды.

Өнімділікті арттыру мақсатында заманауи көбейту технологияларын қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары күшейтіліп, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға ынталандырулар енгізілуде.

Ветеринарияны дамыту жөніндегі 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында ветеринариялық инфрақұрылым нысандарын салу және жаңғыртуға, зертханаларды заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге, арнайы көліктерді жаңартуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға 66 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ салалық мамандардың жалақысын арттыруға және кадрлық әлеуетті дамытуға 22 млрд теңге бағытталады.

Салтанатты рәсім мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыстаумен аяқталды.

Сообщение 2026 жылы мал шаруашылығын дамытуға 300 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды появились сначала на Жаңа кезең.