Social
Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңартылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Жаңартылған тізімге кіретін науқастар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылау, дәрі-дәрмек және талдаулар алады.
Жаңа тізімге мыналар кіреді:
- Туберкулез;
- ВИЧ-инфекция;
- созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы;
- қатерлі ісіктер;
- психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;
- алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі;
- жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары;
- орталық жүйке жүйесінің демиелинизациясы;
- сирек кездесетін аурулар;
- эпилепсия;
- инсульт (1 жылға дейін).



