Economy
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің өсуі байқалады

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс 6,2%-ға өсті. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Ол өсім 17 өңірде тіркелгенін атап өтті. Ең үлкен өсім Батыс Қазақстан (20,8%-ға), Солтүстік Қазақстан (19,3%-ға), Жамбыл (13,3%-ға) облыстарында, сондай-ақ Шымкент (17,6%-ға) және Алматы (15%-ға) қалаларында байқалады.
«Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім машина жасаудағы өндірістің 14%-ға, оның ішінде автокөлік өндірісіндегі 16,8%-ға, тамақ өнімдерінде 9,8-ға, химия өнеркәсібінде 9,6%-ға, мұнай өңдеуде 7,5%-ға, металл бұйымдарында 15,2%-ға өсу есебінен қамтамасыз етілді», — деді Азамат Әмрин.