Басты

Билл Гейтс адамзатты жаппай вакцинациялауға қатысты пікір білдірді

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс CNN-ге берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакциналар аурудың тарауын мүлде тоқтататыны туралы қандай да бір кепілдіктің жоғын айтты, – деп хабарлайды ИноТВ.

Алайда, оның айтуынша, басты мәселе вакцинаны әзірлеп, оны тарату емес, адамдарды екпе жасауға көндіру болады екен.

«Сізде вакцинаны салдыру не салдырмауға таңдау болады. Бұл соңғы кедергілердің бірі», – дейді Билл Гейтс.

Вакцинаны әзірлеу туралы миллиардер оны дайындайтын адамдар екіге бөлінетінін айтты: біріншіден, вакцина коронавирусқа қарсы қалай әсер ететінін, екіншіден, вирустың басқа адамдарға тарап кетпеуіне мән беретіндер.

Гейтс әлемдегі және АҚШ-тағы коронавирус жағдайы күткендегіден «қиын» екенін айтады.

Кәсіпкер АҚШ-та вирус жұқтырғандар санының өсуі науқастардың дұрыс тексерістен өтпейтінімен және олармен байланыста болғандар дұрыс зерттелмейтінімен, сондай-ақ жергілікті халық маска тақпайтынымен байланыстырды.

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 28 маусымдағы жағдай бойынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 2,5 миллионнан асып, қайтыс болғандардың саны 125 мыңға жеткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button