FinanceБасты

Теңге бағамына ықпал етуші негізгі фактор мұнай болмай қалды. Неге?

Ең бастысы, қазір инвесторлардың барлығы мұнай бағасының құлауынан емес, Қытайда коронавирус індетінің екінші толқының басталып кетуінен қауіптенуде.

Әлемдік нарықтардағы жағдай теңгенің айырбастау бағамына қалай әсер етуде және неге мұнай бағасының өсуі «мұнай табысына тәуелді» елдердің валюталары динамикасын анықтайтын негізгі фактордан шығып қалған? Бұл сауалдарға экономист Олжас Төлеуов Tengenomika Телеграмм-арнасында жауап жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сарапшының айтуынша, таяуда мамыр айындағы Қытайдағы өнеркәсіптік өндіріс статистикасы жарияланды, ол елдің нақты секторындағы өндіріс көлемінің 4,4% өскенін көрсетті, ал алдыңғы айда бұл көрсеткіш 3,9% еді. Бұған дейінгі наурыздағы құлдыраудан тез арада -13,5% болып еңсесін бірден тіктеген аспан асты елінің экономикадағы бұл сылбыр жүрісі қытай құнды қағаздарына деген инвесторлардың қызығушылығын белгілі бір деңгейде жойыды, оның айқын көрінісі Шанхай мен Шэньчжэньдегі биржалық индекстерден орын тапты: 1-2% құлдырау бар.

«Ал осы кезеңде мұхиттың арғы жағындағы АҚШ-тың мамыр айындағы макро статистикасы, керісінше бәрін таң қалдырды, сәуірде 14,7% құлдыраудан кейін мамырда бөлшек сауданың өсімі бірден 17,7% -ға (онжылдықтар бойы болмаған жайт) өсуін көрсетті. Осы тұрғыда инвесторларда туындаған оптимизм биржалық индекстерді ғана емес, сонымен қатар тауар биржаларының жұмысының нәтижелеріне де серпін берді.Осылайша, Brent маркалы мұнайдың бір баррель үшін 37-39 доллардан асып, 40 доллардан жоғары саудалана бастады. Әрі қарай, бензин қорларының апта сайынғы төмендеуі және штаттардағы шикі мұнай қорларының қалыпты өсімі туралы жаңа мәліметтер мұнай бағасының өсу тенденциясын қосымша қолдады, ал Brent маркалы мұнайдың бір баррелі қазір 41,2 долларға бағаланады»,- деп жазды Олжас Төлеуов.

Алайда, экономисттің пікірінше, Brent мұнайы бағасының өсуі «мұнай табысына тәуелді» валюталардың динамикасына әлі де нақты және пропорционалды әсер ете алмайды.

Сонымен, мұнай бағасының 1,5% көтерілгеніне қарамастан, Мексиканың песосы, норвегиялық крон, Ресей рублі және Канада долларының бағамы қазіргі уақытта АҚШ долларына шаққанда 0,3% -дан 1,8% -ға дейін төмендейді, осылайша қалыпты құнсыздану мен айырбастау бағамдарының алғышарттарына сүйенуде.

«Сондықтан Пекиннің карантин режміне қайта көшу ықтималдылығы, онда COVID-19 індетінің екінші толқынының басталуынан қазір бәрі қауіптенеді. Осылайша, алдағы күндері мұнай нарығының жағдайы мен ОПЕК + қатысушыларының келіссөзі емес, Қытайдағы коронавирус төңірегіндегі ахуал инвесторлардың көңіл-күйіне әсер ететін болады, әсіресе «мұнай табысына тәуелді» валюталардың, оның ішінде қазақстандық теңгенің бағамын да осы жайт анықтайтын болады», – деп жазды Олжас Төлеуов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button