SocialБасты

Дулат Тастекеев қиындыққа тап болған азаматтарға көмек көрсетеді

ASSYLTAS қоғамдық қоры еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты қиындыққа тап болған азаматтарға көмек көрсетуді қолға алды.

Кәсіпкер Дулат Тастекеев басқаратын қоғамдық қор кәмелет жасына толмаған кем дегенде 4 баласы бар отбасыларға және асыраушысы жоқ жалғызбасты аналарға жәрдемдеспек. Қоғамдық қор өз тарапынан 100 отбасыға 25 000 теңгеден көмек береді, сондай-ақ, осы игі істі қолдаймын деген қоғам өкілдері болса олардан қордың есепшотына қосымша жиналған қаражат жоғарыдағы тәртіппен үлестірілетін болады.

Естеріңізге салсақ, ASSYLTAS қоғамдық қоры 2018 жылы құрылған. Қор мәдениет, өнер, спорт салаларын қолдаумен, көпбалалы аналарға жәрдем көрсетумен айналысады.

Аталмыш қор, Қанат Ислам, Жәнібек Әлімханұлы, Ерасыл Қажыбаев сынды саңлақ спортшылардың демеушісі болған. Жыл сайын қордың ұйытқы болуымен республикалық ақындар айтысы өткізіліп жүр.

Екі жылдан бері ASSYLTAS стипендиясы спорт, ғылым, журналистика және әдебиет саласында жүрген ат төбеліндей айтулы азаматтарға тағайындалуда.

Қордың қаржыландыруымен Семей қаласындағы Орталық мешіттің құрылысы жүріп жатыр.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button