TechБасты

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

WhatsApp мессенджерінде суреттерді өздігінен жоятын функция пайда болады, - деп хабарлайды WABetaInfo.

Жүйеде суретті алдын ала қарау фунциясы мәтін жазатын жердің жанында пайда болады. Оны басқаннан кейін WhatsApp қолданушысы чаттан шыққаннан кейін автоматты түрде өшіп кететін суретті бөлісе алады. Мұндай сурет жіберілген адамға фото жойылғаны туралы хабарлама келеді.

Мессенджерде осындай фотосуретті сақтауға немесе жіберуге тыйым салатын жаңа мүмкіндік Android Және iOS үшін WhatsApp қосымшасының ең соңғы жаңартуларының бірінде пайда болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button