ӘлемБасты

Миллиардерлерінің саны мыңнан асқан мемлекет

Қытай дәулеті 1 млрд доллардан асқан мыңнан астам адамы бар әлемдегі алғашқы ел болды.

Hurun рейтингісінің мәліметінше, Қытайда 1058 миллиардер бар, өткен жылдан олардың саны 259 адамға көбейген.

Рейтингіге сәйкес, жалпы алғанда әлемдегі миллиордерлер саны 3228 адамға жеткен. Олардың жалпы дәулеті 14 трлн доллардан асып отыр, бұл Қытай елінің 2020 жылдағы ЖІӨ көрсеткішінен асып түсті.

Alibaba Grouр-тің негізін қалаушы Джек Ма Қытайдың ең дәулетті адамдарының тізімінен шығып кетті. Қытайдың миллиардерлерінің тізімінде бірінші орында «Nongfu» компаниясының иесі Чжун Шаньшань тұр, оның дәулеті 85 млрд долларды құраған, екінші және үшінші орындарды Tencent инвестициялық холдингтік компанияның негізін қалаушы Ма Хуатэн ($74 млрд) мен Pinduoduo ауылшаруашылық платформасының операторы Колин Хуан ($69 млрд) өзара бөлісті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button