EconomyБасты

Қазақстанда пәтер бағасы рекордтық деңгейге көтерілді

Ақпан айында тұрғын үйге нарықтағы ұсынылып отырған баға көрсеткіші 3.5% – ға өсті, деп хабарлайды Krisha.kz. Өсім мониторинг жүргізіліп жатқан барлық 17 қалада байқалған.

Ең жоғарғы өсім біржолғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері бойынша көш басында тұрған үш облыс орталығында тіркелді.

Ақтауда тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа бағасы 13.1% – ға өсті. Пәтердің шаршы метрінің бағасы- 216 975 теңге. Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары баға. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2018 жылдың қаңтарында байқалған.

Екінші орында — Орал қаласы (+7.8%) . Шаршы метр үшін қойылған баға 246 550 теңгені құрайды. Бұл соңғы 5 жылдағы максимум баға.

Пәтер бағасы айтарлықтай өскен қалалар үштігін Атырау (+4.8%) аяқтайды. Шаршы метрі 296 700 теңге.

Өскемен мен Ақтөбеде ұсынылып отырған баға көрсеткіші 4,3% – ға, Қызылордада – 4% – ға өскен.

Нұр-Сұлтан қаласы өсу көрсеткіші бойынша соңғы орында. Шаршы метрі 362 850 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button