FinanceБасты

Қаржы министрі өткен жылы игерілмеген қаражатқа түсінік берді

2020 жылы бюджет қаржысының 241 млрд теңгесі игерілмеген. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қаржы көрсеткіштеріне тоқталсақ, кірістер бойынша мемлекеттік бюджетке 9 трлн 751 млрд теңге түсті немесе жоспар 102,7 пайызға орындалды. 2019 жылмен салыстырғанда өсім 62,7 млрд теңгені құрады. Республикалық бюджетке 6 трлн 561 млрд теңге көлемінде кіріс түсті. Жоспар 22 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар 16 млрд теңгеге асыра орындалды», – деді министр.

Асыра орындаудың негізгі сомасы корпоративтік табыс салығына, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салыққа, шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажына тиесілі.

Бюджет шығыстарына тоқталған Е. Жамаубаев, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы 98,2 пайызға, республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 98,3 пайызға, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы 99,1 пайызға игерілгенін жеткізді.

«Республикалық бюджет бойынша сомасы 14 трлн 234 млрд теңгеге шығыстар жүргізілген. Игерілмеген сома 241 млрд теңгені құрады», – деді министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button