EcoБасты

Алматы экологиясына бақылау жасайтын онлайн-карта іске қосылды

Алматы экологиясына бақылау жасайтын онлайн-карта іске қосылды. Карта арқылы қоршаған ортаның жағдайы, атмосфералық ауаның сапасы туралы толық ақпарат алуға болады.

Қалалық жасыл экономика басқармасының хабарлауынша, онлайн-карта – экологиялық жағдай жөніндегі барлық мәліметтерді біріктірген  динамикалық платформа. Мониторингтік стансалар әрбір 20 минут сайын онлайн режимде ауаның жағдайы туралы ақпараттық жүйені іске қосып отырады. Мұндағы көрсеткіштер графиктер және сандық деректер түрінде беріледі. Максималды рұқсат етілген концентрация индикаторларының динамикасы да көрсетіледі.

Стансалар атмосферадағы ластаушы заттардың көлемін, сондай-ақ ылғалдылық, температура, қысым, желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейді.Жобаның мақсаты – қарапайым азаматтарға, сарапшылар мен мамандарға онлайн форматта мәліметтер беру. Сонымен қатар, жинақталған көрсеткіштер бойынша ауа сапасының және басқа параметрлердің өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасы құрылады.

Қазіргі таңда қалада ауа сапасына мониторинг жүргізетін 10 станса бар. LED-экрандарға ақпараттарды шығару және мәліметтер базасына көрсеткіштерді беру үшін онлайн мониторингтің тағы 10 датчигі іске қосылып, жұмыс барынша сапалы жүргізіледі деген үміт бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button