EconomyБасты

Сағынтаев тұрғын үй құрылысына байланысты шағымдарға жауап берді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев салынып жатқан тұрғын үй кешендері құрылыстарына шағымданған тұрғындарға жауап берді.

Есеп беру жиынында, Әуезов ауданының тұрғыны әкімге қалада көптеген тұрғын үй кешені салынып жатқанына шағымданып, адамдарға көбірек саябақ, сквер, әлеуметтік нысандар қажет екенін айтты.

«Біз тұрғын үй салуды тоқтата алмаймыз. Өйткені қала ұлғайып келеді және баспанаға қажеттілік әлі де бар. 30 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар да бар. Сонымен қатар, коммерциялық бағытта да кешендер бой көтеріп жатыр, бірақ онда балабақша да, мектеп те, аурухана да қарастырылмаған. Яғни, әр шаршы метр бизнеске, көбірек ақша табуға бағытталған. Оған қоса, сіздер айтқандай, мектеп, балабақша жетпейді», – деп жауап берді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол тұрғын үй кешенімен бірге мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарды салуды міндеттейтінін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button