AgroБасты

Өсімдік және мал шаруашылығындағы субсидиялау жалғасады – Сапархан Омаров

Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2021 жылға арналған жоспарларды баяндады.

«Биыл жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің өсімін 105 пайызға, тамақ өнімдері өндірісінің өсімін 107 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Аталған жоспарлы индикативтер ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен молықтыру және агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Бұл үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау, оның ішінде инвестициялық субсидиялау және басқа да қаржы құралдары, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы субсидиялау жалғасатын болады», – деді министр.

Оның айтуынша, осы мақсаттарға биыл 300 млрд теңгеден астам қаржы бағытталады.

«Ірі 7 экожүйе құру жөніндегі тапсырмаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында қуаты 300 мың тонна болатын дәнді дақылдар, Ақмола облысында қуаты 200 мың тонна болатын майлы дақылдар, Ақтөбе облысында 20 мың тонна, Алматы облысында 15 мың тонна болатын ет өндіретін және өңдейтін экожүйелер құру жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады», – деді С. Омаров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button