ӘлемБасты

Коби Брайант қаза тапқан тікұшақ апатының себебі анықталды

АҚШ-тың көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесі (NTSB) «Лос-Анджелес Лейкерстің» аңыз қорғаушысы Коби Брайант көз жұмған тікұшақ апатының себебін анықтады. Бұл туралы 24kz хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 26 қаңтарында Коби Брайант мінген тікұшақ Калабасаста апатқа ұшырады. Бортта баскетболшының 13 жасар Джанна мен тағы жеті адам болған.

Аман қалғандар жоқ. Мамандардың мәліметінше, тікұшақ ұшқышы Ара Зобаян бұлттардың арасымен ұшқандықтан, бағыттан жаңалды. Ал бұл федералдық заңдарды бұзу болып табылады.

Бұған дейін NTSB тікұшақта механикалық ахаулардың болмағанын мәлімдеген. Сондықтан апат оқыс оқиға ретінде бағаланған.

Брайант «Лейкерс» сапында NBA-де бес дүркін чемпион атағын иеленді. 2008 жылы ол лиганың ең құнды ойыншысы атанған. Ал АҚШ құрамында Коби екі рет Олимпиада ойындарында жеңіске жетті (2008, 2012).

Басқа жаңалықтар

Back to top button